Жаңа Өрмекші адам 2 күнде 1 млрд долларға жуық табыс тапты. Қазақстанда премьера қашан болады
По материалам сайта Informburo.KZ, передает Qazaq24.com.
"Өрмекші адам: Жаңа күн" (Spider-Man: Brand New Day) фильмі әлемдік прокатта алғашқы демалыс күндерінің өзінде 927 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, киноиндустриядағы ең табысты премьералардың біріне айналды.
Бұл нәтиже фильмді әлемдік бокс-офис тарихындағы ең сәтті екінші дебют ретінде тіркеді. Көш басында әлі де "Кек алушылар: Финал" (Avengers: Endgame) фильмі тұр. Оның алғашқы демалыс күндеріндегі жаһандық табысы 1,2 миллиард долларды құраған.
Сарапшылар "Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмінің алғашқы демалыс күндері шамамен 550 миллион доллар жинайды деп болжаған болатын. Алайда картина бұл болжамнан әлдеқайда асып түсіп, 2026 жылдың ең табысты кинопремьерасы атанды.
Халықаралық прокатта картина 573 миллион доллар табыс тапты. Осылайша әлем бойынша жалпы кассалық түсім бір демалыс күнінің ішінде 927 миллион долларға жетті. Режиссер Дестин Дэниел Креттон үшін бұл – мансабындағы ең үздік дебют болса, Том Холланд үшін "Кек алушылар: Финал" фильмінен кейінгі ең ірі кассалық ашылу болды.
"Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмі Қазақстанның кинотеатрларында 6 тамыздан бастап көрсетіледі. Қазақстанда фильмді қазақ және орыс тілдерінде тамашалауға болады.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:61
Эта новость заархивирована с источника 03 Августа 2026 09:54 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые


















