Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

1 миллион 200 мың баланың кіндігін кескен гинеколог бедеулік пен белсіздіктің себептерін атады

1 миллион 200 мың баланың кіндігін кескен гинеколог бедеулік пен белсіздіктің себептерін атады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазіргі таңда бедеулік пен белсіздік жас талғамайтын күрделі мәселеге айналды. Перзент сүйе алмай жүргендердің қатарында 20 жастағы жастар да кездеседі. 40 жыл ғұмырын осы салаға арнап, Кеңес одағы, Германия, Түркия және Қазақстан медицинасында үлкен тәжірибе жинақтаған білікті гинеколог Күлбәну Құсманова бұл дерттің тамыры тереңде екенін айтады.

Тағдырдың жазуы мен ғылым жолы

Күлбәну Құсманқызының медицинаның ең күрделі салаларының біріне келуіне өзінің отбасылық тарихы тікелей әсер еткен. Оның туған анасы 17 жыл бойы бала көтере алмай, кейін өмірге келген Күлбәнуды атасының өсиетімен қайын ағасының отбасына берген екен. Бұл қадамнан соң екі шаңырақта да балалар дүниеге келіп, өсіп-өнген. Дәрігердің айтуынша, кішкентай кезінен анасы оған «сен дүниеге бала әкелесің» деп үнемі айтып отырған, бұл оның болашақ мамандығын таңдауына үлкен түрткі болды.

Оның бойындағы ерекше қабілеттері Кеңес үкіметі кезінде байқалып, «Комсомольская правда» газеті арқылы Санкт-Петербург пен Мәскеу ғалымдарының назарына іліккен. Он бес республикадан жиналған 2,5 мың адамның ішінен іріктеліп алынған үш адамның бірі болған ол, көріпкелдікті емес, ғылыми медицина мен емдеу жолын таңдайды. Мәскеудегі бірінші медициналық институтты тәмамдап, адам бойындағы ерекше қасиеттер арқылы медицина емдей алмайтын ауруларды, соның ішінде бедеулік пен белсіздікті жеңуге болатынын ғылыми тұрғыда дәлелдеп шығады.

Кейінірек Германияда 4 жыл еңбек етіп, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары елге оралады. Тоқсаныншы жылдардың қиын-қыстау кезеңіне қарамастан, ол өз алдына жеке кабинет ашып, кейіннен көпсалалы медициналық орталықтардың негізін қалады. Басында асқазан, буын ауруларын емдеумен айналысқанымен, бала сүйе алмай, таңнан кешке дейін кезекте тұрған жас келіншектерді көріп, өз бағытын толығымен тек гинекология мен бедеулікті емдеуге бұрған.

Ерлердегі белсіздік: Дәрігерлер назардан тыс қалдыратын қателік

Бұрынғы жылдары ер адамдар арасында негізінен простатит ауруы жиі кездессе, бүгінде ұрықтың патологиялық өзгерістері (морфологияның бұзылуы) асқынып тұр. Күлбәну Құсманованың айтуынша, бедеулікті емдеудегі басты қателіктердің бірі – дәрігерлердің тек жалпы спермограммаға қарап шешім қабылдауы. Маман қабылдауына келген еркектерге міндетті түрде ұрық морфологиясын бірге тапсыруды талап етеді.

– Менің тәжірибемде 10 жыл бойы емделіп, нәтиже көрмеген әйелдер болған. Олардың барлық проблемасы күйеуінің нашар морфологиясында болып шыққан. Дәрігерлер ұрықтың 40 пайыздық қозғалысын көріп «бәрі жақсы» дегенімен, олардың 95 пайызының басы немесе мойны қисық, яғни патологиялық формада болатынына мән бермейді. Мұндай жағдайда ұрық өз қызметін толық атқара алмайды және әйелдің көтеруіне кедергі келтіреді, – дейді ол.

Күлбәну Құсманова ерлердегі белсіздіктің күрт өсуіне үш негізгі себепті атады. 

– Біріншісі – режимнің бұзылуы, яғни уақытылы 7-8 сағат ұйықтамау гормоналдық фонды бұзады. Екіншісі – жастар арасында кең таралған энергетикалық сусындар, бұл ұрықтың сапасын қатты нашарлатады. Үшіншісі – бейберекет жыныстық қатынас салдарынан жұғатын жасырын инфекциялар. Ер адамда симптомсыз өткенімен, бұл инфекциялар ұрық жолдарын бітеп, түрлі патологияларға алып келеді, – деп толықтырды маман. 

Әйелдер денсаулығы: Стресс – басты жау

Гинекологтың пайымдауынша, жас келіндердің бала көтере алмауына физиологиялық аурулармен қатар, психологиялық факторлар да тікелей әсер етеді. Жаңа ортаға түскендегі күйзеліс, ене мен келін арасындағы түсініспеушілік немесе жұмыстағы қатты ашулану әйелдің гормоналдық балансын бірден бұзады. Гормон ауысқан кезде ең бірінші болып етеккір циклі істен шығады.

Көптеген қыздар етеккірдің кешігуіне бей-жай қарайды. Дәрігердің айтуынша, цикл бір айда бес күн кешіксе, келесі айда он күн, одан кейін он бес күнге созылып, ақыры бір-екі айлап келмей қалуы мүмкін. Дәл осы кезде емдеу процесі өте қиынға соғады. Сондықтан маман жас келіндерге барлық жағдайды жүрекке жақын қабылдамай, сабырлы болуға және уақытылы дәрігерге көрінуге кеңес береді.

Сонымен қатар, науқастардың дәрігерге сенбей, өз-өздеріне диагноз қоюы жағдайды ушықтыра түседі. 

Қоғамдағы мифтер мен коммерция

Сұхбат барысында маман қазіргі таңда бедеулікті емдеу саласының үлкен бизнес көзіне айналып кеткенін ашына жеткізді. Бедеулікті емдеу өте күрделі процесс болғандықтан, көптеген орталықтар оны табыс табу құралына айналдырған. Науқастарға қажетсіз жерде сүлік салып, инемен емдеп немесе қан алып әурелейтіндер көбейген. 

Ол бұл процедуралардың бедеулікті жеңудегі тиімділігі ғылыми тұрғыда толық дәлелденбегенін айтады.

– Оған қоса, желілік маркетинг арқылы таралатын түрлі биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) мен дәрумендерді бақылаусыз ішу сәнге айналған. Қарапайым витаминдердің өзін шамадан тыс қабылдау ағзаға үлкен зиян келтіреді. Денсаулыққа қатысты кез келген шешім нақты анализдер мен дәрігердің тағайындауымен ғана жүзеге асуы тиіс, – деп ескертті дәрігер.

Халық арасында кең тараған тағы бір үлкен миф – баланың жынысын күнтізбемен немесе қан жаңартумен есептеп табу. Баланың жынысын ешкім есептеп таба алмайды. Ұл немесе қыз көтеру тек қана ер адамның сперматозоидтарына (X немесе Y хромосомаларына) байланысты физиологиялық процесс. Оны қандай да бір шипажайға барумен немесе халық емімен өзгерту мүмкін емес.

Маманның басты мақсаты

Түркиядағы алты жылдық үзілістен кейін елге оралған Күлбәну Құсманова алғашқы жұмыс күнінде-ақ қабылдауына 300 адамның жазылғанын көріп таңғалған. Бұл көрсеткіш елдегі демографиялық және репродуктивті денсаулық мәселесінің қаншалықты ушығып тұрғанын көрсетеді. Жастар арасындағы бедеуліктің етек алуы маманды қатты алаңдатады, сол себепті ол бар күшін осы дертпен күресуге арнады.

Өз тәжірибесінде маман 1 миллион 200 мыңнан астам сәбидің өмірге келуіне септігін тигізген. Бұл сан тек бала көтерген әйелдердің тізімнен шыққан екен. 

Бүгінде 40 жылдық тәжірибесі бар дәрігердің басты арманы – өзінің авторлық әдістемесі мен клиникалық білімін жас мамандарға үйретіп, шәкірт тәрбиелеу. Ол әрбір ауруханадағы жалпы гинекологтардың орнына, кем дегенде 3-4 кабинетті тек «бедеулік пен белсіздікке» арнап ашуды ұсынады. Егер дәрігерлерді нәтижеге бағыттап, дұрыс анализ оқуға тегін оқытатын болса, мыңдаған қазақстандық отбасылар дер кезінде ата-ана атану бақытына ие болар еді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы «құтыдан шыққан бала» авторы, репродуктолог Салтанат Байқошқаровамен сұхбат жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 17:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see130

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары