Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

1 қыркүйектен бастап оқушылардың медициналық тексерісі өзгереді: не қосылады және не алынып тасталады

1 қыркүйектен бастап оқушылардың медициналық тексерісі өзгереді: не қосылады және не алынып тасталады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстанда мектептегі профилактикалық медициналық тексеру тәртібі жаңартылады. Өзгерістер әлі келісу сатысында, бірақ оларды жақын арада енгізу жоспарланып отыр. Tengri Health тілшісі балалардың денсаулығы нақты қалай тексерілетінін анықтады.

Мектеп оқушыларын медициналық тексеруде не өзгереді?

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын профилактикалық медициналық тексерудің жаңа ережелері көрсетілген бұйрық жобасын әзірледі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, өзгерістерге қолданыстағы профилактикалық тексерулер мен мектеп медицинасы жүйесінің жеткілікті деңгейде тиімді болмауы және формальды сипатта қалуы себеп болған: онда диагностика сапасына қарағанда, жүргізілген тексерулер санына көбірек көңіл бөлінеді.

Редакцияның ресми сауалына берген жауабында министрлік жаңа тәсіл баланың жасын, денсаулығына төнетін қауіптерді және даму кезеңдерін ескере отырып, тексерулерді нақтырақ бөлуді қарастыратынын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі мыналарды жоспарлап отыр:

баланың жасын, денсаулығына төнетін қауіптерді, ұлттық екпе күнтізбесін және даму кезеңдерін ескере отырып, профилактикалық тексерулердің жиілігін өзгерту; 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған бейінді дәрігерлер міндеттерінің бір бөлігін медициналық бикелерге беру; денсаулықты бағалау үшін бірыңғай чек-парақтарды енгізу - бұл тексерулер бір стандарт бойынша өтуі және дәрігерлердің ауытқуларды уақтылы байқауы үшін жасалады; цифрлық диагностикалық жабдықтарды пайдалану; баладан қандай да бір ауру немесе қауіп факторлары анықталған жағдайда, оны әрі қарай бақылаудың бірыңғай алгоритмін қолдану; сондай-ақ медициналық тексерулерге балалардың жыныстық және репродуктивті дамуын бірыңғай стандарт бойынша бағалауды қосу көзделуде.

Өзгерістердің бірі мектептегі профилактикалық тексерулер кезінде қолданылатын жабдықтарға қатысты.

Ведомство пульсоксиметрияны қосуды ұсынады - бұл жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесіндегі бұзылуларды ерте анықтаудың қарапайым инвазивті емес әдісі.

Сонымен қатар электроэнцефалографияны (ЭЭГ - ми жұмысын зерттеу әдісі) жаппай профилактикалық тексерулерден алып тастау көзделіп отыр.

"Бұл мамандандырылған зерттеулерге жататындықтан, ол клиникалық көрсеткіштер бойынша жүргізілуі тиіс", —-деп түсіндірді министрлік.

Қашықтан медициналық тексеру болмайды

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жобада профилактикалық медициналық тексерулерді қашықтан өткізу қарастырылмағанын ерекше атап өтті.

"Қорытынды шешімді педиатр немесе жалпы практика дәрігері қабылдайды. Баладан патология қаупі анықталған жағдайда, ол қосымша тексеру үшін бейінді мамандарға жіберіледі", - деп атап өтті министрліктегілер.

Жаңа тәртіп Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылатын болады.

Жаңа тәртіп енгізілгеннен кейін ата-аналар профилактикалық тексерулер мен олардың нәтижелері туралы хабарламаларды қолданыстағы медициналық цифрлық сервистер мен мемлекеттік денсаулық сақтау жүйелерімен байланысты мобильді қосымшалар арқылы ала алады.

Медициналық тексеру тәртібі қашан өзгереді?

Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратынша, бұйрық жобасы әлі күшіне енген жоқ. Қазіргі уақытта құжат заңнамаға сәйкес келісу рәсімінен өтіп жатыр.

Бірақ бұған дейін Ақмарал Әлназарова 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңартылған форматты кезең-кезеңімен енгізуді бастауды тапсырған болатын.

Өзгерістердің тиімділігі бірнеше көрсеткіш бойынша бағаланады:

балалардың медициналық тексерумен қамтылуы; тексерулердің сапасы; ауруларды ерте анықтау жағдайларының саны; мамандарға уақытылы жіберу және диспансерлік бақылау нәтижелері.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық сақтау министрлігі

Балалар

тексеру

Денсаулық

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 16:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары