Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

140 сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты, оның 20 сы әскери салада қалуды құп көрген

140 сарбаз Жауынгерлік тумен қоштасты, оның 20 сы әскери салада қалуды құп көрген

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Салтанатты рәсімге әскери бөлім қолбасшылығы, Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, Қарулы күштердің, Ауған соғысының және жергілікті қақтығыстардың ардагерлері қатысты.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Жиында сөз алған «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов Отан қорғау — әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. Ол сарбаздардың ел алдындағы адал қызметіне жоғары баға беріп, бірқатар әскери қызметшілерді грамотамен марапаттады.

Бір жыл ішінде жас жауынгерлер заманауи әскери техниканы меңгеріп, қару-жарақтың барлық түрінен ату шеберліктерін шыңдады. Сондай-ақ түрлі оқу-жаттығуларға қатысып, әскери дайындық деңгейін арттырды.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Бөлім командирі полковник Абай Әлібеков сарбаздардың қызметіне алғысын білдіріп, алдағы азаматтық өмірлеріне сәттілік тіледі.

— Сендер әскери қызмет барысында тәртіпке бағынып, кәсіби білім мен дағдыларды игердіңдер. Соның нәтижесінде Отан қорғауға дайын, саналы азамат болып қалыптастыңдар. Бұл тәжірибе алдағы өмір жолдарыңда өздеріңе зор пайдасын тигізетініне сенімдімін. Баршаңа сәттілік тілеймін, — деді ол.

Бөлім қолбасшылығы барлық әскери қызметшілерге адал қызметі үшін алғыс айтып, грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Дәстүр бойынша Жауынгерлік тумен қоштасу құрметі үздіктердің үздігі қатардағы жауынгер Сағи Рахатқа берілді. Бұл — оның әскери қызметтегі табандылығы мен жетістіктерінің айқын дәлелі.

Әскерге дейін спортпен айналысқан ефрейтор Жанайдар Жақыпов үшін бөлімдегі бір жыл табысты болды. Ол жуырда ғана Шымкент қаласында Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогы үшін өткен армиялық қоян-қолтық ұрыста 65 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленген болатын. Бүгінгі іс-шарада Жанайдарға чемпион белдігі, үздік дәрежелі «Жауынгер спортшы» төсбелгісі және кші сержант әскери атағы салтанатты жағдайда табыс етілді. Сонымен бірге аталған байрақты бәсекеде 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде аға лейтенант Тойыр Досов екінші, ал 90 келі салмақ дәрежесінде келісімшарт қызметінің сержанты Дәурен Шырынханов үшінші орынды иеленгенін айта кету керек. Екі жеңімпаз да 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері.

Бүгінде Жанайдар Жақыпов келісімшарт негізінде қызметін жалғастыру туралы нақты шешім қабылдаған. Жалпы, бөлімде мұндай ниет білдірген сарбаздар аз емес. Полковник Абай Әлібековтің айтуынша, 140 жауынгердің жиырмаға жуығы келісімшартпен қызметте қалуға ниетті. Сонымен қатар запасқа шығарылған сарбаздардың шамамен 15 пайызының мемлекеттік грант негізінде жоғары білім алуға мүмкіндігі бар.

Астаналық арнайы мақсаттағы 68665 әскери бөлімі құрылған күннен бастап елдің маңызды стратегиялық нысандарын қорғау міндетін абыроймен атқарып келеді. Бөлімнің әскери қызметшілері кез келген тапсырманы орындауға қабілетті екенін талай мәрте дәлелдеді. Бүгінде бұл әскери бөлім елордадағы ең үздік, элиталық құрамалардың бірі саналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін былтыр Отан қорғауға аттанған 1200-ден астам сарбаздың алғашқы легі оралғанын жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 14:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары