Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

20 жыл бойы балшыққа батқан ауыл: Маңғыстаудағы Басқұдық тұрғындарының шыдамы таусылды

20 жыл бойы балшыққа батқан ауыл: Маңғыстаудағы Басқұдық тұрғындарының шыдамы таусылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылының тұрғындары жиырма жылдан бері жол азабын тартып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Қар немесе жаңбыр жауса болды, ауыл көшелері ми батпаққа айналып, тұрғындардың күнделікті тіршілігі тұралап қалады. Жұмысқа асыққандар да, мектепке баратын оқушылар да балшыққа батып, әрең жетеді. 

Алты ай бойы батпақтан көз ашпаған басқұдықтықтардың айтуынша, жол мәселесін он жылдан астам уақыт бойы айтып келе жатқанымен, нәтиже жоқ. Әр жауын-шашын ауыл өмірін қиындатып, жұрттың үмітін үзе түседі.

Қазіргі таңда Басқұдық ауылында 40 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындардың бар тілегі — көшелерге асфальт төселсе. Себебі таңертең таза киініп шыққан балалар кешке балшыққа малынып, үсті-басы былғанып қайтады.

Ауыл тұрғыны Зәуреш Сатқанбаеваның айтуынша, жыл сайын «асфальт төсейміз» деген уәде беріліп келеді:

«Тасты төсеп, грейдермен қырып кетеді де, асфальт саламыз дейді. Осылайша 20 жылдан бері алдап келеді. Көше көтеріліп кеткен, жаңбыр жауса, судың бәрі үйге қарай ағады. Балалар мына батпақта жүре алмайды, құлап, үсті-басы күнде балшық», — дейді ол.

Бұл жағдай қалаға қатынап жұмыс істейтін тұрғындарға да қиындық тудырып отыр. Көліктер жиі батпаққа батып, жұрт әлекке түседі. Тұрғындардың айтуынша, мәселе жиырма жыл бойы көтерілсе де, нақты шешім қабылданбаған.

Былтыр ауыл әкімдігі бұл проблеманы шешу үшін 40 миллион теңге бөліп, көшелерге сазды топырақ төсеген. Бірақ оның нәтижесі керісінше болып, балшық бұрынғыдан да қалыңдай түскен. Ауыл тұрғыны Нұрлан Қарамырза бұл жағдайды былай сипаттайды:

«40 миллион теңгеге саз балшықты төгіп кетті. Әкімдік қабылдап алды, ақша аударылды. Халық шулаған соң, қайта келіп балшығын қырып алып кетті. Ақшаны тағы алды. Ал халық батпақтың ортасында қалды», — дейді ол.

Ал ауыл әкімдігінің мәліметінше, былтыр жоба мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Биыл 309 миллион теңгеге ауыл көшелерінің алты шақырымына асфальт төсеу жоспарланып отыр. Дегенмен шенеуніктер бұл мәселенің ұзаққа созылуын ауылдың бас жоспарсыз салынуымен байланыстырады.

Басқұдық ауыл округі әкімінің орынбасары Айбек Жаңгелдіұлының айтуынша, ауылда 110 көше бар, соның тек 30-ына ғана асфальт төселген:

«Басқұдық алғашында саяжай ретінде құрылған. Көшелер тар, стандартқа сай емес. Сондықтан ұзақ уақыт бойы мемлекеттік сараптамадан өте алмады. Қазір жобалар дайындалып жатыр, бірақ барлық көшеге бірдей асфальт төсеуге аудан бюджетінің мүмкіндігі жетпейді», — дейді ол.

Қазіргі таңда ауыл көшелерінің шамамен 70 пайызы балшыққа толы. Тұрғындар үшін бұл жай ғана жол мәселесі емес, күнделікті өмірдің ең өзекті қиындығына айналған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 16:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see202

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see182

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see176

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see167

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see165

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see153

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see153

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see152

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see148

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see141

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see138

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see137

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see132

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see125

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see120

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see119

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see117

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see113

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары