Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

2025 жылғы Қазақстандағы өлім жітім себептері: Денсаулық сақтау министрлігінің деректері

2025 жылғы Қазақстандағы өлім жітім себептері: Денсаулық сақтау министрлігінің деректері

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 135 мыңға жуық адам қайтыс болды. Өлім-жітімнің басты себептері - қан айналымы жүйесінің аурулары мен ісік. TengriHealth тілшісі кейінгі бес жылда жағдай қалай өзгергенін зерттеп көрді.

Антирейтингтегі ТОП

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері біздің сауалға берген жауапта еліміздегі өлім-жітімнің ең көп таралған себептері туралы айтып берді.

Қазақстандықтар көбіне қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұматыны белгілі болды. Былтыр мұндай 30 348 жағдай (22,5 пайыз) тіркелген. Бұл санатқа ишемия, жедел ревматикалық қызба және цереброваскулярлық аурулар жатады.

Екінші орында - жүйке жүйесі аурулары. 2025 жылы бұл дерттен 24 мыңға жуық адам (17,8 пайыз) қайтыс болған. Бұл санатқа балалардағы қатерсіз бассүйек ішіндегі гипертензия, вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуы мен цереброваскулярлық аурулар кіреді.

Алғашқы үштікті ісік түйіндейді. 2025 жылы осы диагнозбен 14 078 қазақстандық (10,4 пайыз) көз жұмған.

Сондай-ақ Қазақстандағы өлім-жітімнің жиі кездесетін себептеріне мыналар жатады:

тыныс алу мүшелері аурулары - 13 745 адам (10,2 пайыз); ас қорыту мүшелері аурулары - 10 880 адам (8,1 пайыз); жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен улану - 9 700 адам (7,2 пайыз); эндокриндік аурулар, тамақтанудың және зат алмасудың бұзылуы - 5 638 адам (4,2 пайыз); несеп-жыныс жүйесі аурулары - 4 827 адам (3,6 пайыз); сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіні аурулары - 1 232 адам (0,9 пайыз); инфекциялық және паразиттік аурулар - 1 049 адам (0,8 пайыз);

Кейінгі бес жылда Қазақстандағы өлім-жітім құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ, бірақ жекелеген санаттарда өзгеріс байқалады.

"Ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 2025 жылы үшінші орынға шықты, ал 2019 жылы ол төртінші сатыда болатын", - делінген хабарламада.

Тыныс алу мүшелері аурулары 2019 жылғы үшінші орыннан 2025 жылы төртінші орынға түсті. Ас қорыту мүшелері ауруларынан болатын өлім-жітім алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді. Ал жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен уланудан болатын өлім көрсеткіші сәл төмендеп, 2019 жылғы бесінші орыннан 2025 жылы алтыншы орынға түсті.

Өңірлік және жас ерекшеліктері

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өңірлер бойынша өлім-жітім себептерінде айтарлықтай айырмашылық бар.

Мәселен, Ақмола облысында қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 302,8 болса, Маңғыстау облысында небәрі 96,9-ды құрайды. Айырмашылық үш еседен асады.

"Солтүстік Қазақстан облысында тыныс алу мүшелері ауруларынан 100 мың адамға шаққанда 155,8 қайтыс болса, Түркістан облысында бұл көрсеткіш небәрі 37-ге тең", - делінген хабарламада.

Айырмашылық төрт еседен асады.

Сонымен қатар, өлім-жітім құрылымы жас ерекшелігіне қарай қатты өзгереді.

Ресми мәлімет бойынша, 30 жасқа дейінгі жастар арасында өлімнің жиі кездесетін себептері мынадай болды:

жарақаттар, жазатайым оқиғалар мен улану - 1 073 адам; қан айналымы жүйесі аурулары - 170 адам; ісік - 129 адам.

Ал еңбекке қабілетті халық арасындағы адамдар көбіне мына себептерден қайтыс болған:

қан айналымы жүйесі аурулары - 11 082 адам, ісік - 5 061, жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен улану - 7 145.

Денсаулық сақтау министрлігі онкологияны бөлек мәселе ретінде қарастырады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, өлімге әкелетін қатерлі ісіктер көбіне соңғы сатысында анықталады. 2025 жылы ауруы алғаш рет үшінші және төртінші сатыда анықталған пациенттер арасында мыналар көш бастап тұр:

өкпе обыры – 2 904 жағдай; асқазан обыры – 1 656 жағдай; ішек обыры – 1 566 жағдай.

Осы деректерге қарамастан, Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 75 жас 11,6 айға жетті - бұл бір жыл бұрынғыдан (75 жас 5 ай) жоғары.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 16:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see159

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see145

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see143

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see137

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see137

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see137

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see136

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see135

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see135

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see134

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see134

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see133

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see133

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see133

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see133

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see132

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see132

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see132

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see132

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see131
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары