Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

23 наурызда Мөлдір бұлақ республикалық акциясы басталады

23 наурызда Мөлдір бұлақ республикалық акциясы басталады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда көгалдандыру, оның ішінде орман алқаптарын құру, өңірлерде экологиялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

— Президентіміздің «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі қағидаттары, оның ішінде халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты негізгі құндылықтар еліміздің жаңа Конституциясында нақты бекітілген. Табиғатты қорғау — құр сөз емес, ол баршамыздың ортақ конституциялық борышымыз.

Еріктілер ұйымдары мен жастардың әлеуетін пайдалануымыз керек. Олардың белсенді қатысуы табиғатқа қамқорлықпен қараудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Біз Конституцияда бекітілген жаңа экологиялық мәдениеттің негізін қалаймыз.

Арал теңізі аймағында ағаш отырғызу және экологиялық ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар Мемлекет басшысының экологияны қалпына келтіру және сақтау, қауіпсіз қоршаған ортаны дамыту қағидаттарына деген берік ұстанымын көрсетеді. Қазір онда сексеуіл алқаптары егілуде. Олар тұзды дауылдарға тосқауыл болып, өңірдің экожүйесін қалпына келтіруге ықпалын тигізеді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Экология және табиғи ресурстар минисрі Ерлан Нысанбаев еліміздегі орман қоры және Арал теңізінің құрғаған түбіне ағаш отырғызу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Жергілікті атқарушы органдарға ерекше жүктеліп, экологиялық іс-шараларды өткізу, аумақтарды абаттандыру, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою және «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға халықты экологиялық акцияларға тарту жұмыстарын ұйымдастырып, үйлестіруі тиіс екені атап өтілді. Осы орайда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының және Шымкент қаласының әкімдері баяндама жасады.

Фото: Үкімет

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша 2021-2025 жылдар аралығында республикада шамамен 1,6 млрд ағаш отырғызылды, ал биыл 210 млн-нан астам көшет егу жоспарлануда. Жалпы ауданы 2,7 мың гектар болатын 243 орман тәлімбағында шамамен 157 млн көшет өсіріліп жатыр. Осы жылы тағы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, олардың әрқайсысының өндірістік қуаты жылына 6 млн көшет.

Арал өңірінің экожүйесін қалпына келтіру шеңберінде 2021-2025 жылдары мелиорациялық орман жұмыстары 1 млн гектардан астам алқапта жүргізілді, ал қазіргі уақытта 165 мың гектар алқапта жалғасып жатыр. Ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында өңірде Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының филиалы құрылды. Арал теңізінің құрғаған түбінде тәлімбақ құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар «Арал Орманы» мемлекеттік табиғи резерватын құру аяқталуда.

Фото: Үкімет

Премьер-министр мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің назарын мәлімделген жоспарларды орындауға ғана емес, сондай-ақ егілген ағаштардың көп көлемде жерсініп кетуін қамтамасыз ету қажеттігіне де аударды. Осыған байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, көшеттердің жерсініп кетуін міндетті түрде қадағалай отырып, биылға жоспарланған отырғызу көлемін жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жариялаған цифрландыру жылын ескере отырып, жерді қашықтықтан зондтау, дрондар мен ЖИ элементтері сынды цифрлық шешімдерді белсенді енгізу тапсырылды. Былғы сәуір айының соңына дейін Қызылорда және Түркістан облыстарындағы Арал теңізінің құрғатылған түбінің 165 мың алаңында мелиорациялық орман жұмыстарын аяқтау міндеті қойылды.

Орман тәлімбақтары желісін дамытуға ерекше назар аударылуда. Премьер-министр Алматы, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында орман тәлімбақтары құрылысын жеделдетуді және алдағы уақытта өңірлерде сапалы көшет қорының болуы үшін жабық өсіру жүйесі бар көшеттерді өсірудің орнықты жүйесін құруды қамтамасыз етуді тапсырды. 

Одан басқа қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері қаралды. Бүгінгі таңда 185 млрд теңгеге жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған болса, соның ішінде 90 млрд теңгеден астам сомаға 26 жоба жүзеге асырылуда. Әкімдіктерге жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп, карьерлер аумақтарының 40%-дан астамын, оның ішінде санитариялық қорғау аймақтарының шекараларында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

23 наурызда «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы басталады, оның шеңберінде бұлақтар мен жағалау аумақтарын тазарту, сондай-ақ 700-ден астам әлеуетті су нысандарын түгендеу жоспарлануда.

«Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі жүзеге асыру осы жылға арналған экологиялық акциялардың жаңа циклінің кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Жиында Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы да қаралды. Іс-шара экология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды алаңға айналатыны атап өтілді.

Айта кетелік «Таза Қазақстан»: онлайн-платформаға астаналықтардан 3 600-ден астам өтінім түскен еді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 12:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары