Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

8,7 миллион теңгеге дейін айыппұл. Қазақстандықтарға жұлынған сирень үшін жаза туралы ескертілді

8,7 миллион теңгеге дейін айыппұл. Қазақстандықтарға жұлынған сирень үшін жаза туралы ескертілді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Көктем шыға салысымен Қазақстан қалаларында сирень қайта гүлдеді, алайда оның хош иісімен бірге жыл сайын қайталанатын мәселе де оралды. Тұрғындар бұтақтар сындырылып, бұталар толығымен дерлік жұлынғанына шағымданып жатыр, ал әлеуметтік желілерде "бұл әрекетті зиянсыз әдет деп санауға бола ма?" деген мәселе талқыланып жатыр. Tengri Life қоғамдық орындарда сирень жұлғаны үшін қандай жаза қарастырылғанын анықтады.

Бұл неден басталды?

Биыл Алматыда сирень, яғни мамыргүл ерте гүлдеді, осыған байланысты тегін гүл шоқтарын жинау "маусымы" да көп күттірген жоқ.

"Менің бүкіл балалық шағымда Алматыда сирень өсетін. Ол қайда кетті?" - деп сұрақ қояды қазақстандықтар.

Скриншот: Threads

Әлеуметтік желілерде сынған бұталардың суреттері пайда бола бастады.

"Біздің тұрғын ұй кешенінде ол бар, терезенің алдына өзіміз ектік. Оны жұлуға ешкімге рұқсат жоқ, көршілер мұндай "тегін дүниеге" құмарларды қуып жүреді. Бізде сирень - тамашалау үшін", "Бір әйел әр бұтадан өзіне қолға сыймайтын үлкен гүл шоғын жасап алды", "Күн сайын осы көріністі көремін", "Ағашта гүлшоғыры қалмады десе де болады", "Ағаш обал болды, өсе берсе болар еді", - деп жазады желі қолданушылары.

Жеке үй тұрғындары да бірнеше жыл бойы күтіп-баптаған бұталарын гүлдеп үлгермей жатып жұлып кететініне шағымданады.

"Анам сирень еккен еді, ал жас жігіттер оны бұтақтарымен жұлып алып жатыр", "Барлық сиреньді гүл ашпай тұрып жұлып кетіпті", - деп бөлісті пікір қалдырушылар.

Осы жағдайларға байланысты әлеуметтік желілерде "Бұл үшін жауапкершілікке тартуға бола ма?" деген сұрақ жиі қойылып жатыр.

ІІМ не дейді?

Қала аумағындағы барлық өсімдік, ағаштардан бастап қарапайым шөпке дейін, ресми түрде жасыл желек деп аталады. Олар сән үшін ғана емес, олардың маңызды санитарлық, әлеуметтік және қорғаныс функциялары бар.

Ережеге сәйкес, саябақтар мен скверлердегі тәртіпке әкімдіктер, ал кәсіпорындар немесе жеке нысандар аумағындағы екпелерге олардың иелері жауапты. Бірақ бұл көпқабатты үйдің ауласындағы сирень бұтағы иесіз дегенді білдірмейді.

"Саябақтарда, скверлерде, көше бойында, көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында және басқа да қоғамдық орындарда сирень бұтақтарын және өзге де жасыл желектерді жұлу абаттандыру ережелерін бұзу және қоршаған ортаға залал келтіру ретінде қарастырылуы мүмкін", - деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметі.

Егер сіз қоғамдық орындағы бұтақты сындырсаңыз, бұл әрекетіңіз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына ("Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл екпелерін жою және зақымдау") жатады.

Бұл үшін ескерту жасау немесе айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 20 АЕК (86 500 теңге). Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл 30 АЕК-ке (129 750 теңге) дейін артады. Бизнес пен ұйымдар үшін бұдан да жоғары айыппұлдар қарастырылған.

Дегенмен келтірілген залал айтарлықтай болса, жағдай Қылмыстық кодекстің 340-бабына "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау" бойынша қаралуы мүмкін.

ІІМ-нің мәліметінше, бұл бап бойынша жаза 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлды (692 мың теңге), сол мөлшердегі түзеу жұмыстарын, 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарды немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды қамтуы мүмкін. Сондай-ақ мүлікті тәркілеу қарастырылған.

Егер сирень жеке аумақта жұлынса?

Ведомство өкілдері сирень бұталары жеке үйдің ауласында, жер учаскесінде немесе үй маңындағы аумақта өсіп тұрған жағдайларға да ерекше тоқталды. Егер жасыл желекке бөгде тұлғалар зақым келтірсе, меншік иесі полицияға жүгінуге құқылы.

Мұндай жағдайда жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 202-бабы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша туындауы мүмкін.

Егер иесіне айтарлықтай залал келтірілсе, жаза қатаңырақ болады: 500-ден 2000 АЕК-ке дейінгі (2,2 миллионнан 8,7 миллион теңгеге дейін) айыппұлдан бастап, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе одан айыруға дейін.

Құқық бұзушылық туралы қалай хабарлауға болады?

ІІМ мәліметінше, арызды аумақтық ішкі істер органына, 102 сенім телефонына, сондай-ақ e-Otinish пен "Заң және Тәртіп" сервистері арқылы беруге болады. Өтінішке дәлелдемені қоса беру ұсынылады.

"Өтінішке фото және бейнематериалдарды, куәгерлер туралы мәліметтерді, өзге де растаушы материалдарды қоса беру ұсынылады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылданады", - деді ведомство өкілдері.

Тағы оқыңыз: Бақбақ, жусан, қызғалдақ: қай гүлді терген үшін 13 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 11:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

15 Қазан 2026 08:27see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары