Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

90 шы жылдары қазақстандықтар қалай өмір сүрді: бағалар, жалақылар және Қазақстандағы қара валюта базары

90 шы жылдары қазақстандықтар қалай өмір сүрді: бағалар, жалақылар және Қазақстандағы қара валюта базары

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

"Қара" базардағы валюта, жалақысы мен жанармайы жоқ полиция, тоңған сарбаздар және қаржысыз қалған елшіліктер - бұл қазақстандықтардың 90-жылдары бастан өткерген қиындықтарының бір парасы ғана.

Tengrinews.kz редакциясы осыдан 30 жыл бұрын қазақстандықтар қалай өмір сүргенін және неге шағымданғанын білу үшін кітапханаға барып, қазақстандық мерзімді басылымдардың мұрағатын зерттеп қайтты. Ол кездегі жағдайлардың қайсын қазір елестету мүмкін емес, ал қайсы әлі күнге дейін өзекті екенін өздеріңіз пайымдаңыздар. Бұл - "Бұрын және қазір" атты арнайы жобаның алғашқы материалы.

"Бұрын және қазір" - бұл осы материалдан бастау алған Қазақстанның қазіргі заман тарихы туралы шағын арнайы жоба. Оның мақсаты - 90-жылдары елде болған оқиғаларды еске түсіріп, зерделеу және оны қазіргі тұрмысымызбен салыстыру: не өзгерді, не мүлдем келмеске кетті, ал не әлі де сол қалпы қалды. Осы жоба үшін редакция тілшілері кітапханада көп уақыт өткізіп, сол кезеңдегі қазақстандық баспасөз жарияланымдарын зерттейді.

Инфляция, баға және теңге бағамы

Қазақстандағы 1995–1996 жылдардың тыныс-тіршілігін, ең алдымен, күрделі экономикалық жағдай айқындап тұрды. 1996 жылдың қаңтарында доллар бағамы 63–64 теңге маңында құбылып тұрса, неміс маркасы 44–45 теңгеден саудаланды, ал 1000 рубльді 12–13 теңгеге айырбастауға болатын еді. Сол кездегі газеттерде валюта бағамдары дәл осындай форматта жарияланатын, бұл қазір, әрине, үйреншікті емес.

Сол кезеңнің тағы бір ерекшелігі - валютаның "қара" базарлары.

"Караван" газеті әр санында түрлі қалалардағы "қара" базарлардан мәліметтер жариялап тұрған. Әдетте, ондағы сатып алу мен сату бағасы ресми бағамнан 1–2 теңгеге тиімдірек болатын.

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың ақша айырбастау үшін арнайы пунктке емес, қолдан айырбастауға баратынын елестетудің өзі қиын.

Сондай-ақ "Караванда" Қазақстан қалаларындағы азық-түлік базарларының бағалары да жарияланып тұрды.

Мәселен, Газеттің 1996 жылғы 5 қаңтардағы санында былай деп көрсетілген:

Алматыда сиыр етінің бір келісін 80–130 теңгеге, қой етін - 90–140 теңгеге, ал тауық етін - 155–170 теңгеге сатып алуға болатын еді; осыдан 30 жыл бұрын он дана жұмыртқа 68–75 теңге тұратын, бір литр сүт - 25–35 теңге, қанттың келісі 44–45 теңге, ал бір бөлке нан - 23,5 теңге болды.

Салыстырмалы түрде: Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының деректері мен нормативтік-құқықтық актілер базасына сүйенсек, 1996 жылы мұғалім айына шамамен бес мың теңге, қатардағы милиционер - 1,25–1,4 мың теңге көлеміндегі негізгі лауазымдық жалақы плюс шені мен басқа да үстемеақылар, дәрігер немесе басқа медицина қызметкері - шамамен 4,5 мың теңге алатын. Дегенмен 96-жылғы мақалалардың бірінде (оны төменде талдаймыз) дәрігердің жалақысы 2–3 мың теңге деп көрсетілген. Осыдан 30 жыл бұрын ел бойынша орташа жалақы 6,8 мың теңге, ал ең төменгі жалақы шамамен 1 550 теңге болған.

90-жылдардағы қазақстандық газеттердің инфляция мен жұмыссыздық туралы жарияланымдарынан үзінділер. Коллаж: ©️ Tengrinews.kz

Өз кезегінде, "Панорама" газеті 1996 жылғы қаңтардағы № 3 санында елдегі инфляция деңгейі туралы ақпарат жариялады.

Онда 1995 жылдың желтоқсанында азық-түлік өнімдері бағасының өсімі 4,8 пайыз болғаны айтылған. Азық-түлік емес тауарлар бағасы 1,2 пайызға өссе, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер 3,4 пайызға қымбаттаған.

Бұл ретте 1994 жылдың желтоқсанынан 1995 жылдың желтоқсанына дейін, яғни бір жыл ішінде экономиканың тұтыну секторындағы тарифтер 60,3 пайызға, азық-түлік тауарлары - 58,7 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 33,8 пайызға, ал ақылы қызметтер - 158 пайызға өскен.

Инфляцияның мұндай қарқыны бүгінде таңғалдырмай қоймайды.

Сонымен қатар, "Казахстанская правда" газетінің 1996 жылғы 6 қаңтардағы санында басты бетте мынадай мақала жарық көрді:

"Инфляция бәсеңдеді, бірақ жұмыссыздық өсіп жатыр".

Онда жұмыссыздықтың 40 пайызы Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Семей және Атырау облыстарына тиесілі екені айтылған. Әсіресе ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласындағы еңбек нарығында жағдай қиын. Жұмыссыздықтың орташа мерзімі бес айға дейін ұзарған.

Анықтама: Ол кезде Қазақстанның әкімшілік бөлінісі де, облыс атаулары да басқаша болатын. Мысалы, Семей облысынан бөлек Торғай, Талдықорған, Көкшетау және Жезқазған облыстары болды. Олардың бәрі 1991 жылдан 1997 жылға дейін болды, кейін елдің облыстық бөлінісі қайта қаралды.

Полиция емес, милиция

"Казахстанская правда" газетінің 1996 жылғы 12 қаңтардағы санында жарияланған "Егер мемлекет қамқорлық жасап, қоғам көмектессе, милициям мені қорғайды" атты мақала  ("Моя милиция меня сбережёт, если о ней позаботится государство и поможет общество" - түпнұсқа атауы) сол жылдардағы құқық қорғау органдарындағы ахуалды жақсы сипаттайды.

Сол материалдың кейіпкері - Орал қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Виктор Литвиненко. Ол газет тілшісіне өз ведомстволарында қаржыландыру жағынан үлкен қиындықтар бар екенін айтқан:

"1995 жылы бөлім бес УАЗ және бір "Жигули" көлігін алды, бұл әрине, күшімізді нығайтты. Бірақ автопарк әлі де жұтаң күйде. Міне, қазір бірден он көлік есептен шығарылғалы жатыр. Оларды қалпына келтіру керек. Оған ешқандай қаражат жоқ. Бензин тапшылығы қатты сезіліп отыр. Қосалқы бөлшектер сатып алуға ақша жоқ. Адамдар жалақы алмай жатыр. Қыркүйек-қазан айларында бұл бап бойынша берешек алты миллион теңге болды".

Сонымен қатар, "Казахстанская правда" газетінің сол айдағы тағы бір санында жарық көрген "МАИ өзара түсіністікті қалайды" атты жазбада Семей облысы бойынша Мемлекеттік автоинспекция бастығы Тілеуғали Сексембаев осыған ұқсас жағдайды баяндаған:

"Жалпы, мұндағы қиындықтардың бәрі бірдей. Бұл, ең алдымен, заман талабына мүлдем сай келмейтін әлсіз материалдық-техникалық база. Жанар-жағармай мәселесі қиын, ал мына көліктерімізбен құқықбұзушының соңынан жете алмайсың. Оның үстіне, бактағы бір тәулікке берілетін жиырма литр бензин қашан таусылып қалады деп үнемі алаңдап жүруің керек. Немесе, Құдай сақтасын, ең қажетті сәтте бұзылып қалса ше? Ал тез арада жөндеуден үміт жоқ: қосалқы бөлшектер өте тапшы".

Сонымен қатар, милиция қызметкері штатты қысқартуға мәжбүр болып отырғанын айтқан - бір жыл ішінде 15 МАИ қызметкері жұмыстан босатылған.

Сол жылдардағы көптеген басылымнан милиция рэкетпен қалай күрескені туралы деректерді де кездестіруге болады. Бұл сөз 90-жылдармен тікелей байланысты. Бүгінгі 2026 жылдан қарағанда, бұл шынайы өмірден гөрі көбіне кинодағы көріністей әсер етеді.

"Рэкетирлер барған сайын белсенді бола бастады, - деді Орал қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Виктор Литвиненко өз сұхбатында. - Біз, милиция қызметкерлері, бұрын қылмыс әлемінің бұл санатына онша мән бермегенімізді ашық мойындауым керек. Қазір бұған деген көзқарас өзгерді, оған мына бір факт дәлел: мысалы, осы қыркүйекте қылмыстық топтарға қатысты алты қылмыстық іс қозғалды - бұл биылғы өткен сегіз айдағы көрсеткішпен бірдей".

"Казахстанская правда" газетінің тағы бір санында "Рэкеттің жолы кесілді" атты шағын ақпарат бар, онда рэкетирлердің жүргізушілерді автоматпен қорқытып, жүк көліктерін тоқтатып келгені айтылады.

Алайда мұндай бандалардың бірі Ішкі істер министрлігі құрған тұзаққа түсіп қалған. Нәтижесінде шабуылдаушылардың бірі атып өлтіріліп, қалғандары қуғын кезінде қашып үлгерген.

Армиядағы мәселелер

Сол жылдары Қазақстан армиясы да қиын кезеңдерді бастан өткерді. "Караван" газетінің 1996 жылғы 12 қаңтардағы санында қорғаныс министрі Әлібек Қасымов оқырмандар сауалына жауап берді.

1996 жылғы "Караван" газетінен үзінді - сол кездегі Қазақстанның қорғаныс министрі Әлібек Қасымовпен сұхбат. Коллаж: ©️ Tengrinews.kz

Мысалы, сұрақтардың бірі былай болған:

- Қорғаныс министрі біздің балаларымыз тұрып жатқан казармалардың жылытылмайтынын, сарбаздардың етік және шинельмен ұйықтайтынын біле ме? Моншаның жоқтығынан сарбаздарды бит жеп жатқанынан хабары бар ма? Осының бәрі дәл астананың іргесіндегі Красный Восток кентіндегі 2027 әскери бөлімінде болып жатыр..

Бұған Қасымов бұл әскери бөлімнің Ішкі істер министрлігіне қарасты екенін айтып жауап берді. Дегенмен, жылу мәселесі бар әскери бөлімдер бар екенін мойындады.

"Соңғы уақытта біз сарбаздардың тұрмысын реттеу, оның ішінде жылумен қамтамасыз ету бағытында көп жұмыс атқардық. Күн сайын таңертең маған барлық 239 гарнизонның казармаларындағы температура көрсетілген мәлімет келеді. Міне, бүгінгі мәлімет: Аягөзде жағдай мәз емес - 14 градус. Отар гарнизонындағы казармалардың бірінде - 12 градус. Мұны тексеріп, шара қолданамыз. Бұл ретте "Қазэнерго" ешкімді тегін жылумен қамтамасыз етпейтінін, ал Қарулы Күштер бюджеттен қаржыландырылатынын, ол қаржының кейде кешігіп келетінін түсіну керек. Бірақ жолын тауып, мәселені шешіп жатырмыз. Сарбаздарымыз етікпен ұйықтамайды", - деп түсіндірді Әлібек Қасымов.

Қазақстан елшіліктерінің қаржысыз қалуы

Қазіргі Қазақстанда мүмкін емес болып көрінетін тағы бір мәселе - шетелдегі елшіліктерді қаржыландыруға қаражаттың жетіспеушілігі.

"Панорама" басылымының 1996 жылғы ақпандағы № 4 санында тілшіге берген сұхбатында сол кезде сыртқы істер министрі қызметін атқарған Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай мәселенің бар екенін растады:

"Шынында да, СІМ шетелдегі мекемелерін қаржыландыруда үлкен қиындықтарға тап болып отыр, дегенмен олар қаражатты үнемдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Біз елшіліктер мемлекетіміздің шетелдегі тірегі ретінде белгіленген қарқынмен жұмысын жалғастыруы тиіс деп санаймыз. Қаржыландыру мәселесіне келсек, біз Қаржы министрлігімен тұрақты байланыстамыз. Қазір жалақыны теңестіру сияқты жаңсақ құбылыстан арылу өте маңызды. Батыс Еуропа елдерінде, сондай-ақ Қытайда және ТМД елдерінде жұмыс істейтін дипломаттардың жалақысына үстеме қосу қажеттілігі туындап отыр".

Сондай-ақ, баспасөз беттерінен 1995 жылы СІМ-нің елшіліктердегі қаржы тапшылығын консулдық алымдар есебінен өтеуге мүмкіндігі болғанын, бірақ 1996 жылдан бастап бұл қаражат бюджеттің кіріс бөлігіне жатқызылғанын білеміз.

"Сонымен қатар, барлық дерлік елде бұл қаражат шетелдегі инфрақұрылымды нығайтуға және қаржыландыру тапшылығы жағдайында елшіліктерді ұстап тұруға жұмсалады, - деп түсіндірді Тоқаев 96-жылы журналистерге. - Ал біз үшін министрліктің Ақмолаға алдағы көшуін ескерсек, бұл қаражат өте қажет болар еді. Бұл мысал адамдардың ішкі болмысының өзіндік ерекшелігін тағы бір мәрте дәлелдейді: олар алдымен өздері мәселе тудырып, кейін оны жанталаса шешеді. Бұл тұйық шеңберді бұзып шығу өте қиын сияқты".

Қазақстандық дипломатияның қаржылық жағдайының ауырлығын көрген кейбір елдер қызметтік үй-жайларды жалдауға, тіпті жалақы төлеуге көмектесу туралы ұсыныстар білдірген.

"Тегін жалақыдан бас тартсақ та, бұл ұсыныстарға келісіп отырмыз. Негізінде, бұл дипломатиялық тәжірибеде қабылданбаған нәрсе, бірақ біз шетелдік инфрақұрылымымызды арттырудың аса қажеттілігін негізге аламыз", - деді сол кездегі сыртқы істер министрі.

Жалақысы төмен дәрігерлер мен дәрі-дәрмек тапшылығы

Ал  "Караван" газетінің 1996 жылғы 19 қаңтардағы санында оқырмандардың сауалдарына денсаулық сақтау министрі Василий Девятко жауап беріп, сұхбат былай деп аталған:

"Медицина тегін болып қала береді. Белгілі бір шеңберде".

Ең алдымен, бұған 1995 жылы күшіне енген Конституцияның медицина саласына қатысты нормасы себеп болды. Онда медициналық көмек заңмен белгіленген "кепілдендірілген медициналық көмек көлемі шегінде" тегін көрсетілетіні жазылды.

Бұл жерде Қазақстанның жаңа Конституциясын талқылау кезінде медицина туралы тармақтың да пікірталас тудырғанын еске сала кеткен жөн. Осы жылдың 1 шілдесінде күшіне енген нұсқада ескі тұжырым мынаған өзгертілді: "Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген, өздері төлемейтін медициналық көмек алуға құқылы".

Ал осыдан 30 жыл бұрын Денсаулық сақтау министріне дәрігерлердің өздері де сауал жолдап, мәселен, жалақы туралы сұраған. Солардың бірі мынадай болатын:

- Денсаулық сақтау министрі ретінде дәрігерлердің 2–3 мың теңге жалақы алатынына ұятыңыз мазаламай ма?

Сол кездегі салалық ведомство басшысы былай деп жауап берген:

- Әрине, ондай сезім бар, мен бұл мәселені ең маңызды деп санаймын, Президент те - мен білемін - бұған алаңдаулы... Өйткені әлеуметтік сала туралы айтар болсақ, дәрігерлердің еңбегі - ең қауырт еңбек, онда кәсіби және адамгершілік категориялар тығыз астасып жатыр.

Мен айтқан болатынмын, тағы да қайталаймын: биыл жалақы екі рет өседі: 1 қаңтардан бастап - 25 пайызға, 1 сәуірден бастап - тағы 25 пайызға және тағысын тағы. Сақтандыру медицинасын, ақылы қызметтерді енгізу біздің дәрігерлерге тек ақша алып қана қоймай, оны табуға да мүмкіндік береді. Бүгінде бұл үшін жеткілікті құқықтық және нормативтік база бар, - деді Девятко.

Елде сақтандыру медицинасы толықтай жұмыс істеп тұрған кезде, арада жылдар өткен соң бұл жолдарды уәде ретінде оқу қызық көрінеді.

Сонымен қатар, сол материалда Василий Девятко Денсаулық сақтау министрлігі республикадағы дәрі-дәрмек бағасын бақылай алмайтынын түсіндірді. Ол мұны дәрі-дәрмектің 98 пайызы сырттан әкелінетіні, сондықтан қымбат екендігімен байланыстырды.

Сондай-ақ, оқырмандардың бірі дәріхана сөрелерінен Алматы фармацевтикалық фабрикасының өнімдері жоғалып кеткенін байқаған. Қазақстандық "оны біреу сатып алыпты және бағытын өзгертпекші екен-міс" деген қауесетті айтқан.

Девятко бұған жауап ретінде: "Алматы фармфабрикасын ешкім сатып алған жоқ. Оны мемлекет иелігінен алу процесі жүрді", - деп сендірді. Ол кезде кәсіпорынның акцияларын инвестициялық конкурс арқылы бірнеше фирма сатып алған болатын.

"Алматы фармфабрикасы өнімдерінің жоқтығы басқа себеппен түсіндіріледі. Дәрілік препараттарды өндіруге жұмсалатын спиртке акциз салығының енгізілуі (755 пайыз) оларды шығаруды тиімсіз етті, өйткені бүгінде бұл салық жоқ Ресейден арзанырақ баламалы дәрі-дәрмектер келіп жатыр. Сонымен қатар, "Фармацияның" облыстық бірлестіктері фабрикаға 11,5 миллион теңге қарыз. Міне, осы себептер Алматы фармфабрикасында дәрі-дәрмек шығарудың күрт азаюына әкеп соқты. Сондай-ақ, кәсіпорында шикізат сатып алуға, энергия тасымалдаушыларға төлеуге, жалақы төлеуге және тағы басқаларға бос айналым қаражаты жоқ", - деп түсіндірді Девятко.

Астананың орнына Ақмола: жоба туралы дау

Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру жоспары 1994 жылы пайда болғанымен, 1995–1996 жылдары бұл шынымен жүзеге асатынына сенгендер некен-саяқ еді. Ол кезде астана әлі де Алматы болатын.

Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы 90-жылдардағы қазақстандық газет жарияланымдарының үзінділері. Коллаж: ©️ Tengrinews.kz

Мәселен, "Казахстанская правда" газетінің 1995 жылғы 14 желтоқсандағы санында "Жобаларда астана - ғажайып қала" атты мақала ("В проектах столица — прекрасный город" - түпнұсқада) жарияланды. Онда жаңа астананы келешекте дамытудың тұжырымдамалық идеясын әзірлеу жөніндегі ашық конкурсқа 14 жоба ұсынылғаны айтылған.

"Әрине, Ақмола, айталық, Алматыға немесе Токиоға ұқсамауы керек. Бүкіл әлем бұл қаланы дәл Ақмола ретінде тануы тиіс", - деді сол кезде Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының президенті Сержан Найманбетов.

"Казахстанская правда" газетінің 1996 жылғы 12 қаңтардағы тағы бір санында мынадай тақырыппен мақала жарияланды: "Ақмолаға көшкеннен кейін Президент елді аралдан басқарады" ( "После переезда в Акмолу Президент будет управлять страной с острова" - түпнұсқада). Онда жеңімпаз атанған жоба туралы баяндалған.

"Болашақ елорда Есіл өзенінің сол жағалауын бойлай орналасып, ұзындығы Достық даңғылынан екі есеге жуық үлкен саябақ түрінде болуы тиіс. Майбалық әуежайы маңы мен оның төңірегі қаланың "өкпесі" және экологиялық тосқауыл рөлін атқаратын үлкен жасыл аймақ құру үшін пайдаланылады. Транзиттік теміржол және автомобиль көлігін қала сыртына шығару, ал тарихи орталықты сақтап, мәдени кешенге айналдыру ұсынылады. Маңызды әкімшілік ғимараттарды жағалаумен көпірлер арқылы жалғасатын жасанды аралда орналастыру жоспарланған", - деп сипаттады жобаны журналистер.

Ал "Панорама" газеті 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 2 санында мынадай тақырыппен мақала басты: "Үкімет елорданы көшіру туралы ниетінің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді" ( "Правительство ещё раз демонстрирует серьёзность намерений о переносе столицы" - түпнұсқада). Бұл жарияланымда Қазақстан үкіметінің Алматыдан Ақмолаға көшуі тиіс мемлекеттік органдардың тізбесін мақұлдағаны туралы айтылған.

Бұл жолдар қазіргі Қазақстан елордасының тұрғындары үшін өте қызықты болар, олар осы жобаның қай бөлігі іске асып, қайсы жоспар күйінде қалғанын салыстыра алады.

Доллар мен алкоголь жарнамасы

Сонымен қатар, сол жылдардағы газеттер бүгінгі медиадан алуан түрлі жарнаманың көптігімен ерекшеленеді. Қазір қолданыстағы заңдарға байланысты бұл хабарландырулардың көбін жариялау мүмкін болмас еді. Мысалы, сол жылдары алкоголь мен темекінің қарапайым жарнамасы (бүгінде бұған тыйым салынған!) жиі кездесетін құбылыс болатын.

"Әділ" арағын немесе молдовалық маркалы шараптарды сату туралы хабарландыруларды оңай кездестіруге болады.

Бір қызығы, 30 жыл бұрын жарнамаларда тауарлардың бағасы көбіне доллармен көрсетілетін. Мысалы, сол кездегі газет мұрағаттарын ақтарсақ, 1996 жылы Renault 19 көлігінің 14,5 мың долларға сатылғанын көруге болады.

90-жылдардағы қазақстандық газеттерден алкоголь, доллар және көлік жарнамасы бар қиындылар. Коллаж: ©️ Tengrinews.kz

Тағы бір қызығы – доллардың өзі валюта ретінде жарнамаланған. Мәселен, "Панорама" газетінің 1996 жылғы 12 қаңтардағы №1 санында АҚШ Қаржы министрлігінің "Жүз доллар – әрдайым жүз доллар" деген тақырыппен жарнамасы жарияланған.

"1996 жылы сіз дизайны өзгерген 100 долларлық банкноттарды көресіз. Алаңдамаңыздар. Сіздердің долларларыңыз жарамды. <…> Қазақстанда да, әлемнің кез келген жеріндегідей, 100 доллар - бұл әрқашан 100 доллар. <…> АҚШ үкіметі өз валютасын әрқашан оның толық құнымен бағалайды", - делінген хабарландыруда.

Бұдан бөлек, онда ескі банкноттарды айналымнан шығару процесі түсіндіріліп, жаңа банкноттың қалай көрінетініне мысал келтірілген. Қазір мұндай жарнаманы елестету өте қиын.

Бүгінде 90-жылдары қазақстандық газеттер күнделікті мәселе ретінде жазған дүниелердің көбі басқа дәуірдің белгісі ретінде қабылданады. Мұрағаттық баспасөз осы 30 жыл ішінде елдің тұрмыстық жағдай мен өмір сүру деңгейінен бастап, мемлекеттік институттардың жұмысына дейін қаншалықты өзгергенін жақсы көрсетеді.

Редакция "Бұрын және қазір" жобасын жалғастырып, 90-жылдардағы өмірдің біз ұмытып үлгерген тағы да көптеген қызықтары туралы баяндайды.

Авторы: Никита Данилин

Аударған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

52 мың шам және жаңа парламент: 1995 жылғы сайлау хроникасы

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:71
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Тамыз 2026 10:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see116

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see113

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see112

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see109

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see106

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see104

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see101

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see101

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see98

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see98

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

08 Тамыз 2026 21:26see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары