Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттары ашылады

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

Тоқаев: Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын жетекші логистикалық желіге айналады

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

Медеуде мұз, трибуналар мен киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылады жобаның егжей тегжейі

Қытайдың автонарығы дағдарысқа тап болды

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

Солтүстік Кипрдегі супермаркетте қайғылы оқиға: қазақстандық бойжеткен зардап шекті

Рафаэль Уразбахтин: Левскиді құрметтейміз, бірақ ешкімнен қорықпаймыз

ҚХП: Кәсіподақтар қоғамға жік салмай, жұмысшылардың құқығын қорғауы керек

Жеңіл атлетикадан АҚШ та өтетін U20 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Адам құрметке ие болу үшін кеңседе отырудың қажеті жоқ екенін түсіне бастады

Адам құрметке ие болу үшін кеңседе отырудың қажеті жоқ екенін түсіне бастады

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Quartz сайтының материалына сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz еңбек нарығында адам мен ЖИ-дің бәсекесін талдайды.

Бұрын жылжымайтын мүлік агенттігін басқарған 46 жастағы Джонатан Стерлинг қазір Флоридадағы Веро-Бич қаласында жылыту, желдету және ауа баптау (HVAC) жүйелерін оқытатын зертханада мыс түтікшелерді кесуді, жалғауды үйренуде.

«Компаниялар төмен деңгейдегі қызметтерді ЖИ-мен алмастыруда. Оларды басқаратын адамдар да қажет болмай қалды. Мен бұрын дәнекерлеу шамын ұстап көрмегем. Бұл расымен қауіпті жұмыс», – дейді ол.

Бұрын веб-стратегия құру мен сайттар жасауды бүгінде ЖИ боттары оңай орындайды. Оның таныстарының көбі қысқартуға іліккен. Сондықтан Стерлинг маркетинг не менеджмент саласында жаңа орын іздеудің орнына, 2 700 доллар тұратын HVAC жүйелері бойынша сегіз апталық курсты таңдаған. Ол бұл салада тәжірибе жинап, кейін басқарушылық лауазымға көтерілуге үміттенеді. Сонымен бірге Стерлинг Foxtown Education атты жаңа сайт әзірлеп жатыр. Сайт кәсіби-техникалық білім және сертификат бағдарламалары туралы ақпарат ұсынады.

«Адамдар әлі де өздерінің «ыңғайлы» кеңсе жұмысы қауіпсіз деп ойлайды. Мен ондай иллюзиядан бас тарттым», – дейді Стерлинг.

Америкалық жастар университетте оқу үшін мыңдаған доллар қарызға батудың орнына, жақсы табыс пен мансаптық өсім беретін жұмысшы мамандықтарын таңдай бастаған. Фото afuncan.com сайтынан алынды.

Қазір TikTok пен LinkedIn-де «қолөнерді үйрену дәуірі» басталды. Ноутбукты қойып, қолмен нақты нәрсе жасағысы келетіндердің жаңа толқыны байқалады. Бұл үрдіс 2010 жылдардағы «код жазуды үйрен» ұранын еске түсіреді. Бірақ бүгінде интеллектуалды еңбектен гөрі нақты физикалық жұмыс тұрақтылықтың кепіліне айналуда.

2023 жылдың басынан бері Google-де «ересектерге арналған кәсіптік-техникалық мектебіне» сұраулар екі есеге артқан. Ал сантехника мен HVAC курстарының кейбір бағдарламалары бойынша өтініштер 10-30%-ға көбейген. 

JVS Bay Area ұйымының атқарушы директоры Лиза Кантримен-Кирос «Калифорнияда алғаш рет ақ жағалылардың жұмыс орындары қысқарып, ал құрылыс пен өндіріс салаларында өсім байқалғанын» айтады.

Бұрын адамдар жоғары жалақы мен икемділік үшін технология саласына ұмтылса, қазір олардың ынтасы өзгерген. Төрт жылдық университеттік оқу орта есеппен жылына 25 000 доллар тұрады. Көптеген америкалық студент несиесін төлей алмай отыр. Сондықтан олар мыңдаған доллар қарызға батудың орнына, кәсіподақ арқылы жақсы табыс пен мансаптық өсім алуға мүмкіндік іздей бастаған.

JVS бағдарламасын тәмамдағандар табысын екі жыл ішінде шамамен 31 000-нан 63 000 долларға дейін арттыра алады екен. Ең көп сұраныс – су жүйелерінде қызмет көрсету мамандарына болған.

Бұл құбылысты ақ жағалылардың жаппай жұмысшы мамандықтарына ауысуы деп ойламау керек. Бұны мәдени түсініктің өзгеруі ғана деп қабылдаған дұрыс. Адам құрметке ие болу үшін міндетті түрде кеңседе отырудың қажеті жоқ екенін түсіне бастады.

Мына әзіл видеода Ақ Үйді қайта жөндеуге құрылысшылар табылмай жатқаны айтылады: Қазақ еліндегі жұмысшы мамандығының мәртебесі

Роботтар көліктерді жинай алады, бірақ су жүйесін, жылыту немесе серверлік орталықтардың салқындату жүйесін адам жөндейді. «Қолөнерді үйрену» құбылысы жылдам өзгеретін әлемде қауіпсіздік пен өзін-өзі құрметтеу сезіміне деген сұраныстың өскенін көрсетті.

Қазақ елінде де жаһандық үрдіске үндес маңызды қадамдар жасалуда. Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл шешім қоғамдағы еңбек мәдениетінің беделін арттыруға және техникалық, инженерлік бағыттардағы кәсіптерге жастардың қызығушылығын күшейтуге арналған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің индустриялық және технологиялық дамуы білікті кадрларсыз мүмкін еместігін жиі айтады. Сондықтан кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру мен жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруды – стратегиялық басымдық ретінде ұсынуда.

Жасанды интеллект дәуірінде тек интеллектуалды емес, практикалық, адам еңбегіне негізделген дағдылар бірінші орынға шықты. Біздің еліміздегі бұндай бетбұрыс экономикалық қауіпсіздікті, әлеуметтік тұрақтылықты және еңбек беделін арттырудың маңызды тетігі болмақ. Жаңа саясат жастарды нақты еңбекке баулып, елдің жаңа индустриялық дәуіріне дайындығын да күшейтеді деп ойлаймыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 10:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттары ашылады

03 Тамыз 2026 11:48see124

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

04 Тамыз 2026 08:08see123

Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

03 Тамыз 2026 11:33see123

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

03 Тамыз 2026 15:00see120

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

03 Тамыз 2026 15:45see118

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

04 Тамыз 2026 08:56see117

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

03 Тамыз 2026 12:48see116

Тоқаев: Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын жетекші логистикалық желіге айналады

03 Тамыз 2026 13:06see116

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

04 Тамыз 2026 09:02see115

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

03 Тамыз 2026 17:34see115

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

04 Тамыз 2026 13:20see115

Медеуде мұз, трибуналар мен киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылады жобаның егжей тегжейі

04 Тамыз 2026 16:32see115

Қытайдың автонарығы дағдарысқа тап болды

03 Тамыз 2026 13:00see114

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

04 Тамыз 2026 07:01see114

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

03 Тамыз 2026 11:11see113

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

04 Тамыз 2026 10:13see113

Солтүстік Кипрдегі супермаркетте қайғылы оқиға: қазақстандық бойжеткен зардап шекті

04 Тамыз 2026 16:48see111

Рафаэль Уразбахтин: Левскиді құрметтейміз, бірақ ешкімнен қорықпаймыз

04 Тамыз 2026 17:05see110

ҚХП: Кәсіподақтар қоғамға жік салмай, жұмысшылардың құқығын қорғауы керек

04 Тамыз 2026 18:04see110

Жеңіл атлетикадан АҚШ та өтетін U20 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

04 Тамыз 2026 20:52see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары