Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына 65 жыл

Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына 65 жыл

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Адамзат тарихында жаңа дәуірдің басталуына жол ашқан ұлы оқиғалардың бірі – ғарышқа алғаш қадам басу. Биыл адам баласының ғарыш кеңістігін игере бастағанына – 65 жыл толып отыр. 1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Гагарин ғарышқа ұшып, Жер орбитасын айналып шықты. Бұл тарихи сәт First human spaceflight ретінде адамзаттың ғылым мен технологиядағы жаңа белесін айқындады, деп жазады Egemen.kz.

Алғаш рет 1962 жылдың 9 сәуірінде КСРО жоғарғы кеңес президиумының өкімімен белгілі бір республикаларда ғана тойланып жүрді. Кейін 1968 жылы халықаралық авиация федерациясының конференциясында айтулы күнді әлемдік дәрежеде атап өту туралы шешім қабылданды. 2011 жылдан бастап бұл күн халықаралық адамның алғаш ғарышқа ұшқан күні (International Day of Human Space Flight) деп аталып келеді.

Ғарыш саласы – тек ғылыми жетістік қана емес, ол бүкіл адамзаттың дамуына ықпал ететін стратегиялық бағыт. Бүгінде ғарыш технологиялары байланыс, навигация, метеорология, қорғаныс және ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылып келеді. Жерді қашықтан зондтау арқылы табиғи ресурстарды бақылау, экологиялық жағдайды бағалау, төтенше жағдайларды болжау мүмкіндігі артты. Сонымен қатар спутниктік байланыс жүйелері әлемнің кез келген нүктесін байланыстырып, ақпарат алмасуды жеделдетті.

Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер

Қазақстан үшін ғарыш саласының орны ерекше. Себебі елімізде әлемдегі ең ірі – Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Дәл осы жерден алғаш рет адам ғарышқа ұшып, кейін көптеген тарихи миссиялар жүзеге асты. Байқоңыр – тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің ғылыми мұрасы.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан ғарыш саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Ұлттық ғарыш бағдарламалары жүзеге асырылып, отандық спутниктер ұшырылды. Бүгінде елімізде байланыс және жерді қашықтан зондтау жүйелері жұмыс істейді. Бұл технологиялар ауыл шаруашылығы, экология және қауіпсіздік салаларында кеңінен қолданылып келеді.

Бұл күнге дейін жер шарындағы 7 млрд адамның 600-ге жуығы ғарышқа ұшқан. Оның үшеуі – қазақ.

Тоқтар Әубәкіров – тұңғыш қазақ ғарышкері. Ол 1991 жылы ғарышқа экспедициялық сапармен барып, сол жақта 7 күн 22 сағат 13 минут болды. Әубәкіров нөмірі бірінші ғарышкер ғана емес, ол алғаш рет басқа кеңістікте жүріп қазақтың ұлттық тағамын жеген адам. Сол жылы ғалымдар ірімшік, айран және қазақша етті ғарышта жүріп жеуге болатындай етіп әзірлеген. Ол 1991 жылдың 2 қазанында ғарышқа старт кезіндегі экипаж командирі Александр Волков және австриялық ғарышкер Франц Фибекпен бірге «Союз ТМ13» кемесімен ұшты. Бір апта бойы «Мир» орбиталық кешенінің бортында жұмыс істеді.

Екінші ғарышкер – Талғат Мұсабаев бірнеше рет ғарышқа ұшып, халықаралық деңгейде үлкен тәжірибе жинақтады. Мұсабаев ғарышқа үш мәрте ұшып, сол жақта 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд болып қайтты. Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енген: осы күнге дейін ол секілді ешкім ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болып көрмеген. Ғарышкер алғашқы сапарына 1994 жылы 1 шілде мен 4 қараша аралығында «Союз ТМ-19» және ЭО-16 кемесінің бортинженері ретінде ұшып, ғарышта 125 күн 22 сағат 53 минут және 36 секунд жүрді. Екінші сапары 1998 жылы 29 қаңтар мен 25 тамыз күндері орындалды. «Союз ТМ-27» мен ЭО-25 кемелерінің командирі ретінде ұшып, сол жақта 207 күн 12 сағат 51 минут 2 секунд болған. Үшінші сапарын 2001 жылы 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Союз ТМ-32» және «Союз ТМ-31» экспедиция жүргізуге бағытталған кемелердің командирі ретінде орындады. Ғарышкердің бұл сапары 7 күн 22 сағат 4 минут 3 секундқа созылды.

Ал Айдын Айымбетов тәуелсіз Қазақстан атынан ғарышқа ұшқан үшінші ғарышкер ретінде тарихта қалды. Айымбетов 2015 жылдың 2-12 қыркүйегі аралығында «Союз ТМА-18М» және халықаралық ғарыш станциясына бағыт алған «Союз ТМА-18М» кемесінің екінші бортинженері ретінде ұшты. Халықаралық ғарыш станциясына барған ЭП-18 экспедиция мүшесі. Жерге «Союз ТМА-16М» кемесінде оралды. Ұшу уақыты 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секундқа созылды.

Соңғы жылдары адамзат Айды қайта игеруге бет бұрды. Соның айқын мысалы – NASA жүзеге асырып жатқан Artemis program бағдарламасы. Бұл жоба аясында жаңа буын ғарышкерлері Айға аттанды. Олар Айды айналып ұшып, болашақ қонуларға дайындық жүргізеді.

Жаңа рекорд: «Артемида-2» экипажы Жерден ең алыс ұшқан топ атанды

Бұл миссиялар адамзаттың ғарыштағы жаңа кезеңінің басталғанын көрсетеді. Алдағы уақытта Ай бетіне қайта қону, тіпті Марсқа ұшу жоспарлары жүзеге асуы мүмкін.

65 жыл бұрын басталған ғарыш дәуірі бүгінгі күні де қарқынды дамып келеді. Ғарыш – адамзаттың ортақ игілігі. Қазақстан да осы бағытта өз үлесін қосып, әлемдік ғарыш қауымдастығының маңызды мүшесіне айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Ғылым • Бүгін, 11:22

Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?

Ғылым • Бүгін, 11:11

Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны

Ғылым • Бүгін, 11:01

Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер

Ғылым • Бүгін, 10:20

Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 10:03

Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:38

Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:20

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

Президент • Кеше

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

Президент • Кеше

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды

Президент • Кеше

Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді

Президент • Кеше

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады

Білім • Кеше

Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді

Спорт • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Сәуір 2026 12:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары