Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Әділет партиясы өңірді дамытуға қатысты 100 ге жуық ұсыныс жинады

Әділет партиясы өңірді дамытуға қатысты 100 ге жуық ұсыныс жинады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары «Әділет» партиясына ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты 100-ге жуық бастама ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Медициналық көмектің қолжетімділігі, жолдардың жай-күйі, инженерлік инфрақұрылым, ауыл шаруашылығын қолдау және жастарға жағдай жасау мәселелері «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені аясындағы кездесулердің негізгі тақырыбына айналды.

Бар болғаны екі күн ішінде партия өкілдері Тайынша, Аққайың, Қызылжар және Мамлют аудандарында болып, тұрғындармен ашық кездесу өткізді. Талқылауға Құрылтай депутаттығына кандидаттар Айзада Рахметова, Елена Семидоцких, Ульяна Әшімова, Армангүл Тоқтамұрат, Еділ Хамза, Қалия Төленова, Ольга Перепечина және Ерлан Тоқшылық қатысты.

Құрылтай депутаттығына кандидат Еділ Хамзаның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары – партияның сайлауалды бағдарламасымен алдын ала жан-жақты танысып келген алғашқы өңір.

«Кездесулерге 500-ден астам адам қатысты. Бізді қуантқаны – тұрғындардың көбі партия бағдарламасын алдын ала оқып шығып, ондағы әрбір бағыт бойынша нақты сұрақтар қойды. Біз 100-ге жуық ұсынысты тіркедік. Енді олардың барлығы шешім қабылдау деңгейіне қарай аудандық, өңірлік және республикалық санаттарға жүйеленеді», - деді Еділ Хамза.

Көптеген елді мекенде кездесу жоспарланған уақыттан ұзаққа созылды. Жалпы талқылаудан кейін тұрғындар жеке сұрақтарын қою, өз ауылдарының мәселелерін талқылау және кандидаттарға ұсыныстарын жеткізу үшін қалып отырды.

Әр кездесуде тұрғындар медициналық көмектің қолжетімділігі, білім сапасы, жолдардың жағдайы, ауыз сумен қамту, газдандыру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, жайылымдардың қолжетімділігі және жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау мәселелерін көтерді

Құрылтай депутаттығына кандидат Қалия Төленова ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты ұсыныстар партияның сайлауалды бағдарламасында жеке бөлім ретінде қамтылғанын атап өтті.

«Әділетті болашақ үшін» бағдарламасында ауылды дамытуға арналған жеке бөлім бар. Онда 3 500 тірек және серіктес ауылды дамыту, кемінде бір миллион ауыл тұрғынының табысын арттыру, сондай-ақ жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген микронесиелеуді кеңейту көзделген. Көптеген тұрғын дәл осы бастамалар туралы кеңірек айтып беруді сұрады, өйткені олар ауылдағы өмір сапасына тікелей әсер етеді», - деді Қалия Төленова.

Басқосулар барысында түскен барлық ұсыныс партиядағы өтініштердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі. Жоба ұйымдастырушыларының мәліметінше, олар алдағы уақытта заңнамалық бастамаларды әзірлеу және сайлауалды бағдарламаны іске асыру барысында пайдаланылады.

Солтүстік Қазақстан облысы – «Әділетті Қазақстан үшін» жобасы қамтыған екінші өңір. 19 тамызға дейін партияның мобильді керуендері Қазақстанның барлық 17 өңіріндегі 100 ауылдық елді мекенге барып, 10 мыңнан астам тұрғынмен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Тамыз 2026 13:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары