Агенттікте мемлекеттік сектордағы жұмысты ұйымдастыру мәдениеті талқыланды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ведомство басшысы Дархан Жазықбайдың төрағалығымен кеңейтілген аппарат жиыны өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жиын барысында Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерілген мәселелер, әсіресе Мемлекет басшысының мемлекеттік сектордағы жұмысты ұйымдастыру мәдениетін жақсартып, оған басқару саласындағы озық тәжірибелер мен құзыреттерді енгізу жайлы ой-пікірлері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, Агенттік Төрағасы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызметті адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жұмыстарын жалғастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жиын қорытындысында Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық департаменттеріне Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 18:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















