Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

Жеңіл несиенің де жүгі бар

Apple жаңа iPhone бағасын көтеруі мүмкін сомасы аталды

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

Жазғы саяхаттан кейін автокөліктің несін тексеру керек сарапшы кеңестері

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

Сан Францискода соңғы шетелдік сайлау учаскесі жабылды

Қазақстанның заңнамасы сайлауды демократиялық тұрғыда өткізуге жеткілікті жағдай жасайды ТМД миссиясы

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

Агросектордың аясы қалай кеңеймек?

Агросектордың аясы қалай кеңеймек?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазір Үкімет еліміздің ауыл шаруашы­лығы секторын шикізаттан индустрияға, прогрессивті агроэкономикаға бағыттаған 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды жасады. Белгіленген межеге сәйкес, агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімін 2028 жылға қарай 17 трлн теңгеге дейін жеткізу көзделген. Бұл – қазіргі дең­гейден 2 есе жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар Үкімет Ауыл шаруашылығы министр­лігіне нақты міндеттер қойды. Яғни, бірінші, Ауыл шаруашылығы мен Сауда және инте­грация министрлігі бірлесіп бір ай ішінде бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, қолдан­ыстағы тәсілдерді қайта қарап, ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен қамту және экспорттық әлеуетті нығайту жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеуі, өндірістен дайын өнімді сатуға дейінгі тиімді әрі ашық тізбекті құруға тиіс. Екінші, Ауыл шаруашы­лығы министрлігі әкімдік­термен бірлесіп, жергілікті жерлерде және шекарада бақылауды күшейте отырып, ветеринариялық инфра­құры­лымды дамы­туды қамтамасыз етуі, биылғы сәуір айының 15-іне дейін Үкіметке ветеринарияны дамытудың кешенді жос­пары­ның жобасы енгізуге тиіс. Үшінші, Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар­мен және әкімдіктермен бірлесіп, осы жыл­дың 1 маусымына дейін Ауыл шаруашы­лығы кооперациясы туралы тиісті заң жобасын әзірлеуі керек. Төртінші, биыл 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік қолдау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арт­тыру үшін субсидия алушылардың тиісті талаптарды орындауын қадағалауға мүм­кіндік беретін АӨК саласындағы ақпа­раттық жүйенің толыққанды жұмыс істеуін қамта­масыз етуі керек.

Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәсе­ле­лер комитетінің хатшысы Ерке­бұлан Мәм­бетовтың айтуынша, елі­мі­здің прогресивті агроэкономикаға көшу мүмкіндігі зор, кейінгі екі жылда ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қаржыландыру, субсидия беру және инвесторлар тарту есебінен біршама өсім байқалады.

– Атап айтар болсақ, мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің шамамен 40% құрайды. Соңғы жылдары салада өндіріс көлемі мен мал басының 2-3% деңгейінде өсуі байқалады. 2026-2030 жылға дейінгі мал шаруашылығының жос­пары жасалды. Жоспар бойынша ет өндірісін 1,2 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін, сүт өндірісін 1,4 млн тоннадан 2,1 млн тоннаға дейін ұлғайту және ет экспорты көлемін 82 мың тоннадан 165 мың тоннаға дейін екі есеге арттыру жоспарланған. Мә­селен, 2030 жылға дейін Түркістан об­лыс­ында аустра­лиялық технология бойынша бордақылау алаңы іске қосылса, ірі қара басын 50 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Ал сүт өндірісі үшін Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне сүйеніп, заманауи сүт ферма­ларын ашу, сондай-ақ суармалы егістік үшін тамшылап суару технологиясы негізінде су үнемдеу бағытында үздіксіз, жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашы­лығы министрлігімен бірге шаруаларды қажет инфрақұрылымды қал­ыптастыру, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөл­шерін 50%-дан 80%-ға дейін арттырды. Сонымен қатар бүгінде су үнемдеу техноло­гия­сын қолданатын дихандар суармалы су үшін аз төлейді. Себебі су үнемдеу жүйе­лерін пайдалану кезінде суармалы су ақысын субсидиялау мөлшері тарифке байланысты 85%-ға дейін ұлғайтылды. Егістік көлемін арттыру бойынша, нақты айтар болсақ, Таразда 2030 жылға дейін егістік көлемін 1,5 млн гектарға дейін жет­кізу секілді жоспарлар қарастырылған. Елі­міздің агросекторы өте үлкен, жан-жақ­ты сала болғандықтан істеліп жатқан, істелуі керек жұмыс өте көп, – деді Еркебұлан Нұрмағам­бетұлы.

Терең өңдеу – шешілмеген түйін

Жалпы, Ауыл шаруашылығы министр­лігінің есебінше, кейінгі жылдары агро­сектордың даму динамикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Мәселен, 2025 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 6,1%-ға ұлғайып, 9,2 трлн теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың мәлімдеуінше, бұл өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,5%-ға, егін шаруашылығындағы өндіріс көлемін 7,6%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген.

Дегенмен Мемлекет басшысы 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында шикі­затты терең өңдеуде проблемалар барын, соның салдарынан әлі күнге дейін азық-түлік импортына тәуелді болып отырғаны­мызды ескертті.

«Шикізатты терең өңдеу – ауыл шаруа­шылығына да қатысты өте өзекті мәселе. Агроөнеркәсіп кешенін қолдау шаралары қордаланған мәселелерді шешу үшін емес, тек осы саладағы жалпы өнімді арттыру үшін қабылданып жатыр деуге болады. Соның салдарынан әлі күнге дейін азық-түлік импортына тәуелді болып отырмыз, баға да өсуде. Атқарушы билік бұған тос­қау­ыл қою үшін негізінен әкімшілік шара­ларға жүгінеді. Үкімет осыған дейін әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік бағасын тікелей реттеуден бас тартатыны туралы айтты. Соған қарамастан, мұндай тауарлар саны 19-дан 31-ге дейін көбейді. Үкімет бұл шешімді уақытша шара деп түсіндірді. Бірақ уақытша деп басталған шара әдет­тегідей тұрақты сипатқа ие болып кет­пеуі керек», – деді Президент.

Мамандар ауыл шаруашылығы сала­сында терең өңдеу бағытын­дағы жобалар көп екенін, олардың құны алдағы үш жылда 10 млрд доллардан асуы мүмкін екенін айтады. Бұл бағытта мемлекет 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнім көлемін екі есе арт­тыруды жоспарлап отыр. Ол үшін шикі­затты терең өңдеуге бағытталған салаларды дамыту қажет. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтің айтуынша, 2029 жылға дейінгі «Ұлттық даму жоспар­ында» қандай салаларға инвестиция салуға болатыны егжей-тегжей жазылған, қайта өңдеу өнеркәсібінде жалпы қосылған құн көлемін терең өңдеу мен қайта өңдеу есе­бінен жалпы ішкі өнім көлемін тіпті үш есе арттыруға болады.

2025 жылы елімізде қайта өңдеу сала­сында шамамен екі мың кәсіпорын тіркел­ген. 2024 жылы 41,5 млрд теңге көлемінде 51 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. 2025 жылы бизнеске қолдау көрсету мақ­сат­ында қайта өңдеу кәсіп­орындарын айна­лым қаражатын толықтыру үшін жыл­­дық мөлшерлемесі 5%-бен жеңілдетілген несие беру жалғасты. Осы мақсаттарға 44 млрд теңге бөлінді. 60-тан астам өтінім мақұлданып, 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қайта өңдеу кәсіпорындарын салу немесе жаңғыртуға инвестициялық субси­дия­лау жұмыс істейді. Бұл мақсатта шығын­ның 15-50%-ын өтеу қарастырылған. Қант саласында өтемақының көлемі 40%-ға дейін артты, жұмыртқа өңдеуде субсидия 40%-ға дейін енгізілді, ал сүт саласында құрғақ сүт пен сарысу жабдықтарына шығынның 25%-ына дейін өтемақы қарас­тырылған.

Импортта игілік жоқ

Алайда Мәжіліс депутаты Нұржан Әшім­бетов ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу және қайта өңдеу бағытында бірқатар проблемелар бар екенін айтты. Оның пі­кірінше, тіпті еліміз бидай экспорт­таушы ел бола тұра, кей өңірлер макарон өнім­дерін импорттайды, логистика және инженерлік инфрақұрылымдық шектеулер бар. 

– Біз заң бойынша шетелден келген инвес­торларға жер бермейміз. Сондықтан олар көбінесе қайта өңдеумен айналысады. Қазір барлық аймақтарға үлкен-үлкен инвесторлар келіп жатыр. Бірақ біздің халық саны аз, соған қарамастан, біз шеттен азық-түлік көп импорттаймыз. Алдымен өнімді шетелге сату жағын реттеуіміз керек. Кеден ашық-шашық жатыр. Президенттің өзі «Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзі­міз жүз пайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят. Үкімет Еуразия аумағындағы сауда-саттықтың әділ жағдайда жасалуын нақты дәлелмен талап етуге міндетті. Ал депутаттар заңнамалық бастамалар арқылы отандық өнім өндірушілердің құқықтарын қорғауға тиіс» деп айтты, – деді депутат. 

Оның айтуынша, бірақ әлі де Сауда және интеграция министрлігі тарапынан қатаң бақылау жоқ. Ішкі нарықта отандық өндірушілердің өнімдерін өзара сату, сатып алу, жөнелту, тасымалдау мәселесі шешімін таппаған.

Сала мамандары ішкі нарықты қор­ғау мақсатында шикізатты экспорт­қа шығаруға шектеулер енгізілгенін дұрыс емес деп санайды. Мәселен, майлы дақыл тұқым­дарын шығаруға баж салығы қолдан­ылса, тірі мал экспорты квота бойынша ғана жүзе­ге асады, сондай-ақ тері мен жүн шы­ғаруға шектеулер қойылған. Бұл шаралар шикізат қорын ел ішінде сақтап қалуды көздегенімен, өңдеу өнер­кәсібінің әлі де толық әлеуеті қалыптас­па­ғандықтан және импорт көлемінің көптігі және арзан болуы салдарынан, көбінесе отандық өндірушілер өнімін өткізе алмай, шығынға батады. 

Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Еркебұлан Мәм­бетовтің айтуынша, еліміздің жер көлемі үлкен болғанымен, халық саны аз, нарық шағын. Сондықтан экспорт тұрақты түрде ашық болуы керек, шектеу қою өндіру­шілерге, инвесторларға қолайсыз.

– Инвесторларға ең тиімдісі – саланы терең өңдеу. Бұрынырақта бидайды ғана терең өңдейтін еді, қазір бұршақ, күнбағыс өсіру көлемін артып, оны терең өңдеуге инвесторлар қатты қызығушылық танытып отыр. Дегенмен ауыл шаруашылығына, мал шаруашылығына салған қаражатты 10-15 жылда қайтару мүмкін болғандықтан, бұл бағытта тұрақты мемлекеттік саясат керек. Ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың нақты жоспары қажет. Бұл құжат цифрлық технологияларды қолдануға және осы саланың өнімділігін едәуір арттыруға арналған жоспар болуға тиіс. Агросектор пайдалы болғанда ғана инвесторлар да, кәсіпкерлер де келеді, – деді депутат.

Үкімет Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне айналым қаражатын несиелеу мерзімін екі жылға дейін ұзарту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің үлесін биыл 70%-ға дейін жеткізу туралы міндет жүктеді. Ал шаруалардың міндеті малды бағу, егінді өсіру болса, оны баптап, қоймаларды сақтап, тұрақты бағада сатылуы мен экспортқа шығуын реттеуге мемлекет араласуы және көмектесуі керек шығар.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 07:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

24 Тамыз 2026 20:33see128

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25 Тамыз 2026 16:42see127

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see122

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

24 Тамыз 2026 19:03see119

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see116

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see115

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

25 Тамыз 2026 11:13see114

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

24 Тамыз 2026 10:24see114

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

25 Тамыз 2026 11:01see113

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

25 Тамыз 2026 14:44see113

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

24 Тамыз 2026 14:53see112

Жеңіл несиенің де жүгі бар

25 Тамыз 2026 06:47see112

Apple жаңа iPhone бағасын көтеруі мүмкін сомасы аталды

24 Тамыз 2026 18:59see112

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

25 Тамыз 2026 13:21see112

Жазғы саяхаттан кейін автокөліктің несін тексеру керек сарапшы кеңестері

24 Тамыз 2026 08:43see111

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

25 Тамыз 2026 15:22see111

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

25 Тамыз 2026 13:05see111

Сан Францискода соңғы шетелдік сайлау учаскесі жабылды

24 Тамыз 2026 09:27see110

Қазақстанның заңнамасы сайлауды демократиялық тұрғыда өткізуге жеткілікті жағдай жасайды ТМД миссиясы

24 Тамыз 2026 13:00see110

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

25 Тамыз 2026 16:41see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары