Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Ai Sana: идеядан инновацияға

Ai Sana: идеядан инновацияға

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Баспасөз жиынында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова AI-Sana бағдарламасын AI-эконо­миканың жаһандық сын-қатерлеріне негізгі жауаптардың бірі болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағдарлама жасанды интеллект технологияларын пайдаланып қана қоймай, ел экономикасына арналған қолданбалы шешімдерін жасай алатын жаңа буын мамандарын қалыптастыруды көздейді.

«AI-Sana бағдарламасы AI-кадрларын даярлаудың, студенттік технологиялық кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды экожүйесі ретінде құрылған. Бірінші кезеңде базалық AI-құзыреттер бойынша жаппай оқыту, жетекші халықаралық білім платформаларына қолжетімділік аясында студенттер 673 мыңнан көп сертификат алды. 2026 жылғы 15 сәуірден бастап «Қазақстан халқына» қоры қолдауымен AI-Sana бағдарламасының екінші кезеңі басталды. ЖИ дамыту кеңесінің мүшесі Пол Ким әзірлеген бағдарлама шеңберінде 100 мың студент AI-кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, өз шешімдерін жасап жатыр. Екінші кезең шеңберінде 209 мың өтінім түсті. Оқуға іріктеу 100 мың студентті қарас­тырады, тәулігіне орта есеппен 1 500 жаңа қатысушы қосылып отыр. Бұ­дан әрі бағдарлама жоба командаларын қалыптастыруға, AI-жобаларды құры­лымдауды және шешімдерді өнімдік форматқа жеткізуге бағытталмақ. Қоры­тын­ды кезеңде жобаларды «Astana Hub», «QazInnovations» ұйымдарымен бірлесіп инкубациялау, акселерациялау, сондай-ақ шешімдерді одан әрі ауқымдау міндеттері күтіп тұр», деді вице-министр.

Спикердің сөзіне сүйенсек, бағдар­ламаның 2-кезеңі жасанды интеллектіні базалық деңгейде меңгеруден технология­ларды тәжірибеде қолдануға, жеке жобаларды әзірлеуге өтудегі негіз­гі ке­зең саналады. Іске асыруға Стэн­форд уни­верситеті мен Массачусетс техно­ло­гия­лық институтының, Кремний алқа­бының венчурлық қорлары мен халық­аралық бизнес-мектептердің өкілдерін қоса алғанда жетекші халықаралық сарапшылар тартылған. 2-кезең материалдарын дайындауға Пол Ким басшылығымен «Zemex Inc.» (АҚШ) компаниясы қатысады. Бұған қоса бағдарламаға «Stanford University», «Carnegie Mellon University», «UC Berkeley», «Johns Hopkins SAIS», «Georgetown University», «Boston University», басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері атсалысады. Бағдарлама шеңберінде 116 сағаттан аса білім бейнеконтенті әзірленді, халықаралық мамандарды, «Stanford» пен «CMU» профессорларын қоса алғанда 63 сарапшы, сондай-ақ 29 инвестор мен венчурлық қор тартылды. Бұдан басқа оқыту қолданбалы салалық кейстерге негіз­делген – бүгінде бағдарламаға эконо­ми­каның 8 негізгі бағыты бойынша 46 кейс интеграцияланған.

«Бағдарлама қорытындысында қаты­сушылар машиналық оқыту модельдерін әзірлеп оқыта алумен қатар, «Python» тілінде жұмыс істеуді, «Google Colab» және «Jupyter» платформаларын пайдалануды, үлкен тілдік модельдер мен API-ларды қолдануды меңгереді. Сондай-ақ олар MVP-прототиптер жасап, стартап-идеяларды валидациялауды, инвестициялық және салалық трендтерді талдауды, техно­ло­гиялық стартап тұжырымдамасын қалып­тастыруды үйренеді. Бағдарлама студенттердің жұмысын еліміздің экономикалық болашағы үшін маңызды салаларға бағыттайтындай құрылған: бұл жобалардың 75%-ы ауыл шаруашылығы (27%), білім (26%), тау-кен өнеркәсібі мен ақылды суды пайдалану технологиялары (12%), сондай-ақ денсаулық сақтау (10%) салаларында шоғырланды. AI-Sana бағдарламасының алғашқы нәтижелерінің бірі студенттердің экономиканың түрлі сек­торы үшін 300-ден астам ЖИ-агент және цифрлық шешім жасауы болды. Ең көп жоба – 188 шешім білім саласында іске асырылды. Бұдан басқа AI-әзірлемелер денсаулық сақтау, ғылыми зерттеулер, ауыл шаруашылығы, қаржы, логистика, ақ­параттық қауіпсіздік, энергетика және бас­қа да бағыттарда жасалды», деді Д.Щеглова.

Бұдан әрі вице-министр жоғары оқу орындарында AI-шешімдерді қолданудың іске асырылып жатқан кейстеріне жеке-жеке тоқталды. Ол келтірген мысалдардың бірі – Ұлттық тестілеу орталығының «AI-Talapker» чат-боты. Бұл ҰБТ мен оқуға түсу мәселелері бойынша кеңес береді. Бүгінде жүйе 69 мыңнан асатын сұранысты өңдеді. Тағы бір мысал – онлайн-тестілеудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылауды қам­та­масыз ететін «Satbayev University»-дің AI-прокторинг жүйесі. Мұндай шешім ше­телге экспортталып жатыр және 180 мыңнан астам пайдаланушыны қамтиды. Сондай-ақ «AlmaU»-да тапсырмаларды тексеруге, студенттер жұмысын бақылауға арналған «OquLabs» платформасы іске асырылуда, ол бірқатар мектепте енгізілген. Мұндай жобалар еліміздегі уни­верситеттердің AI-құзыреттерді мең­гертуден қолданбалы цифрлық шешім­дерін жасауға өте бастағанын көрсетеді.

«Бүгінде бірқатар университет жаңа деңгейге – әртүрлі AI-агенттер өзара әрекеттесіп, университеттің жекелеген үдерістерін автоматтандыратын муль­тиагентті AI-платформаларды қалып­тастыру кезеңіне өтіп жатыр. Мысалы, Қарағанды индустриялық университетінде студенттерді, талапкерлерді, академия­лық және әкімшілік үдерістерді сүйемел­деуге арналған AI-агенттерді қамтитын «Smart Bots» платформасы іске асырылып жатыр. Қостанай өңірлік университетінде AI-аналитика, контент генерациясы және жекелендірілген оқыту құралдары бар AI-Mektep платформасын дамытты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті AI-боттарды, құжаттарды цифрландыруды және студенттерді тану сервистерін біріктіретін «Auezov AI First» платформасын енгізіп жатыр», деді вице-министр.

Оның айтуынша, университеттер жасайтын AI-шешімдер өнеркәсіпке және экономиканың нақты секторына енгізіле бастағанын атап өткен жөн. Мысалы, «Astana IT University» дрондар көмегімен күн панельдеріндегі ақау­ларды автоматты түрде анықтайтын «EnergyDronesAI» жүйесін жасады. Жоба «Shell» халықаралық грантын жеңіп алды әрі Қытайда марапатқа ие болды. Қазақстан – Британ техникалық университеті «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп, мұнай-газ саласында деректерді талдайтын AI-ассистент – «KMG.AIAN» жобасын іске асырып жатыр. Ал Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті шахталардағы қозғалысты басқару мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Smart Safety Monitor» жүйесін жасады. Жоба Дүниежүзілік банктің грант қолдауына қол жеткізді.

«Денсаулық сақтау мен инклюзия саласында да AI-шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылып келеді. Мәселен, »Astana Medical University« телемедицинаға арналған «ZhanCare.AI» платформасын жүзеге асырды. Қазір бұл бірқатар медициналық клиникамен бірлесіп қолданылып келеді. «Astana IT University» трансплантология саласында клиникалық шешімдерді қолдауға арналған «CortexAI» жүйесін жасап жатыр. Жоба Сауд Ара­бия­сының халықаралық грантын алды. Еуразия ұлттық университеті қазақ тілін­­дегі медиа контентті автоматты сурдо­­аударуға арналған AI-шешім – «SignBridge» жүйесін енгізді, жоба «Jibek Joly» телеарнасында өндіріске енгізілді. Уни­верситеттердің AI-шешімдері туризм, қаржы және цифрлық қауіпсіздік сала­ларына да белсенді енгізіле бастайды. Атап айтқанда, Халықаралық ақпараттық техно­логиялар университеті туристік қызмет­терді автоматтандыруға арналған «TrustTravel» платформасын іске асырды. Бүгінде жобаға 8 компания қосылған», деді министрдің орынбасары.

Д.Щеглованың айтуынша, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «SeoulTech» филиалымен бірлесіп пайдаланушылар мен қаржылық жүйелерді фишинг пен цифрлық қауіптерден қорғауға арналған «PhishGuard AI» платформасын дамытты. Қазір прокуратура органдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа «Narxoz University Queen’s University»-мен бірлесіп шекарааралық еркін есеп айырысуларға арналған «ITEQ» платформасын іске асырып келеді. Жоба бойынша БЦК-мен сынақтан өткізуге келісім жасалды. Сондай-ақ университеттік AI-әзірлемелер бизнес-процестерді автоматтандыру мен цифрлық сервис­тер саласына белсенді енгізіліп келеді. Мысалы, Қазақстан – Британ техникалық университеті CRM, ERP, маркетинг және BI-жүйелерге ЖИ интеграциясымен компанияларды кешенді автоматтандыруға арналған «KOZ AI» платформасын іске асырып жатыр. Жобаның 30-дан астам клиенті бар, экспорттық әлеуетін көрсетіп отыр.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Astana Hub»-пен бірлесіп стартаптарды онлайн инкубациялауға арналған «AI Startify Incubator» платформасын дамытуда. Бұдан басқа, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті өтінімдерді өңдеу мен бөлуді автоматтандыратын бірыңғай өтініштер орталығының AI-платформасы – «Ushqyn AI» жүйесін енгізді. Жоба бойынша Қазақтелеком және телеком-операторлармен ынтымақтастық жүргізді. Сондықтан бүгінде жүзеге асырылып жатқан барлық бастама – білім бағдарламаларын жаңғырту мен AI-инфрақұрылымды дамытудан бастап, кадр даярлау мен AI-Sana бағдарламасын іске қосуға дейін – болашақтың экономикасын қалыптастыруға бағытталған ұзақмерзімді ұлттық стратегияның бір бөлігі», деп түйіндеді ол.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 10:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары