Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

Халық құрметтеген құтқарушылар

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз азаматтардың құқығының қорғалуы

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілді

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен : Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады (ФОТО)

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

Nvidia ның жаңа чиптері ChatGPT дің жауап беру жылдамдығын өсіреді

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

Қанаты қайырылған құстар

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қауіпсіздік кеңесіне қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Аймақтарды дамытуға бөлінетін қаражат ұлғаяды

Аймақтарды дамытуға бөлінетін қаражат ұлғаяды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сенат cпикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен кезекті палата отырысы өтіп, депутаттар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады. Отырысқа Премьер-министр Олжас Бектенов, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.

Ең үлкен үлес – әлеуметтік салада

Палата отырысында сенаторлар еліміздің маңызды қаржы құ­жаттары – «Республикалық және облыстық бюджеттер, респуб­ликалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер­дің көлемі туралы» және «2026–2028 жылдарға арналған республика­лық бюджет туралы» заңдарды қарады. Құжат­тардың негізгі міндетінің бірі – әртүрлі экономикалық әлеуеті бар өңірлердің қаржылық мүмкін­діктері арасындағы теңсіздікті жою. Бұл азаматтардың тұрғылықты аймағына қарамастан мемлекет кепілдік берген қызметтердің тең деңгейіне қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

М.Әшімбаев атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында және жаңа Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген үшжылдық бюджет­тің басым міндеті мемлекет­тің әлеуметтік міндеттемелерін толық орындау, ғылымды, білім беруді, медицинаны қолдауды арттыру арқылы адам капиталын дамыту болып қала береді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен келесі жылы республикалық бюджеттің әлеуметтік саладағы шығыстары биылмен салыстырғанда 298 млрд теңге­ге ұлғаяды. Бұл қара­жат әлеу­меттік төлемдерді артты­руға, ден­саулық сақтау жүйе­сін, сон­дай-ақ ғылым мен жоғары білім беруді дамытуға бағыттала­ды. Эконо­миканың нақты сек­то­рын, көлік, ауыл шаруашы­лығы, өнеркәсіп салаларын қол­дауға қомақты қаржы бөлінді. Субвен­циялар мен нысаналы трансферттерді қоса алғанда, жергілікті бюджеттерге берілетін қаражаттың жалпы сомасы 10,5 пайызға немесе 531 млрд теңгеге өсіп, 5,5 трлн теңгені құрайды», деді палата спикері.

Заңда көрсетілгендей, үшжыл­дық кезеңде бюджет шығыс­тарын­дағы ең үлкен үлес әлеуметтік салаға тиесілі болып отыр. Оның жал­пы сомасы – 33,8 трлн теңгеге тең: 2026 жылы 10,7 трлн теңге, 2027 жылы 11 трлн теңге және 2028 жылы 11,5 трлн теңге. Атап айтқанда, 2026 жылы әлеуметтік қамсыздан­дыру мен әлеуметтік көмекке 6 833 млрд теңге, ал адам капиталына инвестицияларға – білім, ғылым, жоғары білім, денсаулық сақтау, туризм, спорт, мәдениет және ақпарат салаларын қоса алғанда, 3 964 млрд теңге қарастырылған.

Барлық бағытта өсім бар

Отырыста қаражат бюджеттік саясаттың ықтимал тәуекелдерін ескеріп және ағымдағы шындық­қа бейімделе отырып, экономи­калық модель құру арқылы азамат­тардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатыны айтылды. Осы­лайша, болжамды кезеңде ауыл шаруашылығындағы орташа жыл­дық өсу қарқыны – 3,9 пайыз, құрылыста – 11 пайыз, саудада – 6,7 пайыз, өңдеуші өнеркәсіпте – 6,5 пайыз, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 2,8 пайыз, қызмет көрсету саласында – 4,9 пайыз, көлік және қоймалау саласында – 10,1 пайыз, ақпарат және байланыс секторында 6,8 пайызды құрайды. Заң нормаларына сәйкес экономиканың нақты секторына арналған шығыстар агроөнеркәсіптік кешенді, рес­пуб­ликалық деңгейдегі көлік инфрақұрылымын, кәсіпкерлікті, циф­рландыруды, отын-энерге­тикалық кешенді, сондай-ақ су ресурстары мен ирригация, экология және табиғи ресурстар салаларын жаңғыртуға арналған жобаларды дамытуды көздейді.

«Бүгінгі отырыста депутаттар экономиканы әртараптандыру, мемлекеттік борыш көлемі, салық түсімдері және инфляция деңгейі туралы бірқатар маңызды мәселені көтерді. Сонымен қатар ауыл ша­руа­шылығын дамыту, пара­фис­кал­дық төлемдер және өңірлік даму келешегі талқыланды. Осы рет­те Үкімет сенаторлар көтер­ген мәсе­лелерді назарға алып, ал­дағы уақыт­та тиісті жұмыс жүргізе­ді деп сене­міз. Палата депутаттары бұл ба­ғыт­тарда Үкіметпен бірле­сіп жұмыс істеуге дайын», деді М.Әшімбаев.

Жалпы сипаттағы трансферт­тер­дің көлемі туралы заңды талқы­лау барысында Сенат депутат­тарының ескертулері мен ұсы­ныстарын ескере отырып, Мәжіліс қабылдаған заңға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Ол басталған және жалғасып жатқан жобаларды аяқтау үшін елді мекендерде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған шығындарды жалпы си­паттағы трансферттерде 17,5 млрд теңге сомасында ұлғайтуға қатысты өзгеріс екенін атап өткен жөн.

Мемлекеттік қарыз деңгейі төмен

Отырыс барысында сенаторлар көтеріліп отырған мәселе­лер бойынша Премьер-министр Олжас Бектеновке бірқатар сауал қойды. Мәселен, депу­тат Сұлтанбек Мәкежанов Үкімет­тің бюджет шығыстарын оңтайлан­дыру және басымдық беру шаралары жөнінде сұрады. Премьер-министр бүгінде мемлекеттік қарыз деңгейі ІЖӨ-нің 23,6%-ын құрайтынын атап өтті. Жалпыға бірдей танылған әлемдік әдіснамаға сәйкес, мемле­кеттік қарыздың бұл деңгейі төмен деп саналады. Мысалы, көптеген дамыған елдерде бұл көрсеткіш ІЖӨ-мен салыстырғанда 50%-дан, 80%-дан және тіпті жекелеген мемлекеттерде 100%-дан асады.

«Мен бұлай жасауға шақырып отырған жоқпын. Керісінше, еліміздің мемлекеттік қарызының деңгейі төмен болуға тиіс. Үкімет те осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Халықаралық қаржы ұйымдары, атап айтқанда, белгілі рейтингтік агенттіктер тарапынан баға берілуі мемлекеттік қарыздың қолайлы деңгейде екенін растайды. «Үлкен үштік» деп аталып жүрген Fitch, Moody’s және S&P агенттіктері бізді жақсы бағалайды. Еліміздің инвестициялық рейтингі – аймақта жалғыз көрсеткіш. Қаржылық орнықтылығымыз да жаман емес. Бұл өз кезегінде бізге тиімді шарттармен сырттан қарыздар тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, қазан айының соңында біз еуробондтарды 4,4%-бен орналастырдық. Бұл халықаралық инвесторлардың елі­мізге сеніп, осындай пайызбен ақша салатынының жақ­сы көрсеткіші», деп атап өтті О.Бектенов.

Ол алдағы үшжылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптас­тыру шеңберінде базалық шығыс­тар 15%-дан 12%-ға дейін қысқар­тылғанын мәлімдеді. Бұл ретте әлеуметтік салада бюджетке елеулі жүктеме сақталып отыр. Премьер-министрдің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары жалпы мемлекеттік бюджеттің 60%-ын құрайды.

«Республикалық бюджетте ұзақ уақыт бойы бұл шығындар 40%-дан астам болып келді. Үш­жыл­дық бюджетті қалыптастыру кезінде біз аталған көрсеткішті 38%-ға дейін төмендете алдық, әлі де болса төмендетуге болады. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз. Түрлі объективті факторларға бай­­ла­нысты жұмыс істеуге және өз­дерін қамтамасыз етуге мүмкін­дігі жоқ азаматтар ғана мемле­кет­­тен әлеуметтік қолдау алады. Жұ­мыс істеуге қабілетті әрі өзін-өзі қам­тамасыз ете алатын адам­дар­ды мем­лекет асырауға тиісті емес және асы­рамайды да», деді О.Бектенов.

Премьер-министр Сенат депутатының сұрақтарына жауап бере отырып, қарыз алу негізінен коммерциялық тұрғыдан тартымды әрі өзін-өзі ақтайтын жобаларға тартылуы керектігін, олар кейіннен бюджетке кіріс алу арқылы пайдалану үдерісінде құрылысқа тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Мысал ретінде, қазірдің өзінде үлкен пайда әкеліп отырған автожол жобаларын айтуға болады. Былтыр бюджетке ақылы жолдардан 48 млрд теңге түскен болса, оның 10 млрд-ын транзитпен өтетін шетелдік көліктер төлеген. Ал осы жылдың 10 айында 72 млрд теңге кіріс келді, оның 17 млрд теңгесі – шетелдік автокөліктерден.

О.Бектенов Үкімет аталған жұ­мыс­ты жалғастыратынын атап өтті. Бұл ретте жекелеген сарапшы­лар­ға қарыз қаражаты есебінен салын­ған нысандар беретін жалпы эко­номикалық әсерді ескеру маңызды.

«Жоғары сыныпты магистраль салынған жерде экономикалық белсенділік мүлдем басқа. Неге екені белгісіз, осы жол бойында 50 жанармай құю бекеті, 100 кафе салынғанын ескермейді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, төлен­ген салықтар және экономи­калық өсімге әкеледі. Мұндай инфрақұ­рылымдық жобаларға инвестиция салынбаса, онда, әрине, даму да болмайды. Сондықтан біздің ойы­мызша, жоспарлы жұмсалатын қарыздар экономикалық даму­ға айтар­лықтай әсер етеді. Біз қаражат­ты қандай жобаларға жұмсау керек­тігін мұқият қарай­мыз», деп атап өтті Премьер-министр.

Сенаторлар Республикалық бюд­жет туралы заңды талқылау кезін­де өңірлердің дамуына одан әрі жәр­демдесу үшін қосымша қара­жат бөлу туралы шешім қабыл­дады. Атап айтқанда, депутаттар жылумен жабдықтау жүйелерін қаржыландыруды 37,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынды. Оның ішінде 2026 жылы 9,8 млрд теңге қарастырылған. Жылу, электр энергетикасын дамытуға жұмсалатын шығындар 7,7 млрд теңгені құрас­а, оның 4,7 млрд келесі жыл­ға көзделген. Сенаторлардың ұсыныс­тарына сәйкес 2026 жылы су ресурс­тары­на және газ тасымалдау жүйе­сін дамы­туға жұмсалатын шығыс­тар­дың жалпы көлемі де өседі. Бұл сома тиісінше 2,3 млрд теңге және 5,5 млрд теңгеге тең болмақ. Осы кезеңде жағалауды нығайту жұ­мыс­тарына – 2,2 млрд теңге, ал өнер­кәсіп салаларының дамуына жәр­демдесуге 1,5 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ Сенат депутаттары республикалық бюджетті талқылау барысында Үкімет мүшелерінің назарын өзекті мәселелерге аударды. Олар жалпы экономикалық сипаттағы мәселелерді шешудің маңызына, ауылдарды дамыту­ға, азаматтардың әл-ауқатын арт­тыруға және өңірлердің әлеуе­тін неғұрлым толық іске асыруға қатысты міндет­терді қамтиды. Осыған байланысты М.Әшімбаев аталған бастамаларды тиімді іске асыру үшін барлық мүд­делі тараптың өзара тығыз жұмыс істеу қажет екенін тілге тиек етті.

Осылайша, күн тәртібіне шығарылған мәселелерді қарау нәтижесінде сенаторлар екі заңды да концептуалды түрде қолдады. Алайда оларға бірқатар өзгеріс енгізіп, заңдарды өз түзетулерімен Мәжіліске қайтарды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді

28 Ақпан 2026 19:38see116

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

28 Ақпан 2026 02:37see113

Халық құрметтеген құтқарушылар

28 Ақпан 2026 14:13see111

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

28 Ақпан 2026 17:30see110

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

28 Ақпан 2026 15:41see110

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

28 Ақпан 2026 03:53see109

Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз азаматтардың құқығының қорғалуы

28 Ақпан 2026 14:28see108

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

01 Наурыз 2026 09:55see107

Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілді

28 Ақпан 2026 01:43see107

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

28 Ақпан 2026 15:18see107

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

28 Ақпан 2026 14:28see107

Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен : Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады (ФОТО)

28 Ақпан 2026 16:31see106

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

28 Ақпан 2026 14:05see105

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

01 Наурыз 2026 10:48see105

Nvidia ның жаңа чиптері ChatGPT дің жауап беру жылдамдығын өсіреді

28 Ақпан 2026 14:34see105

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

01 Наурыз 2026 11:58see104

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

28 Ақпан 2026 20:45see103

Қанаты қайырылған құстар

28 Ақпан 2026 02:37see103

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

01 Наурыз 2026 08:37see103

Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қауіпсіздік кеңесіне қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

28 Ақпан 2026 16:13see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары