Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Биатлоннан әлем кубогы: спринтте кімдер бақ сынайды

Бибігүл Жексенбай: Салық төлеу мәжбүрлік емес, заманға сай патриотизмге айналуы қажет

Медиаторларды оқыту қағидалары бекітілді

Қазақстандық футбол жұлдызы Шотландиялық клубта алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақстан Түркі елдерімен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді

Дронның көмегімен мал ұрлығы ашылды

Президент: Жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Жас ғалымдарға баспана берілді

Пайдаланылғанына 25 жылдан асқан лифтілерді ауыстыру және жөндеу жол картасы әзірленеді

Иран 12 сағат бойы интернетсіз қалды NetBlocks

11 айда балық өнімдерінің нарығы 76,8 мың тоннаға жетті

Қытай 2027 жылға қарай ірі көлемді өнеркәсіптік жасанды интеллект экожүйесін құрмақшы

АҚШ та шекарашылар оқ атып, екі адам жараланды

Әскерге жарамдылық туралы анықтаманы eGov тан алуға болады

Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізілді

Елена Рыбакина Паула Бадосадан басым түсті

Ақтөбеде алаяқтық жасап, пара берген әскери қызметкерлер сотталды

АҚШ Кариб теңізінде тағы бір мұнай танкерін басып алды

HAS қаржы пирамидасы қайта тергеліп жатыр

Қазақстан теннисінің жас жұлдызы Испаниядағы турнирдің 1/4 финалына шықты

Аймауытовтың аруағы бір аунап түсті десек те...

Аймауытовтың аруағы бір аунап түсті десек те...

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы өткен жылдың соңында мол қуанышқа кенелді. Өңір басшылығы шығармашылық ұжымға 3 қызметтік пәтер мен 50 млн теңге қаражат бөліп, ерекше ынталандырды.

Мұндай қолдау жергілікті қазақ театрына ұзақ жылдан бері жасалмаған. Бұл қуанышты жайт көкейде кептеліп тұрған біраз ойдың тиегін ағытуға түрткі болып отыр.

Былтыр өңірлік Аймауытов театрының қайта жаңғырғанына 35 жыл толған еді. Біле бермейтіндер қазақ театры 1990 жылы алғаш есігін ашты деп ойлайды. Дей тұр­ғанмен 1938 жылы Павлодар Семей облысы­нан бөлініп, облыс болып өз алдына жеке шық­қан уақытта өңірде қазақ театры да ұйымдастырылғаны туралы деректер бүгінде ұмыт болып бара жатыр. Алғашқы қазақ театрының құрылуына Павлодар қаласы мен бірнеше ауданда оған дейін де жұмыс істеп тұрған театр өнері үйірмелері негіз болған. Білетіндер бұл үйірмелердің ашылуына Жұмат Шаниннің өзі бастамашы болған дейді. Ал облыстық театрдың алғашқы режиссері – Қадыр Хамзин. Өнер тұлғасы бұл жайында өзінің кітабында да жазып кеткен. Облыстағы тұңғыш қазақ театры шымылдығын Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклімен ашады. Шығармашылық ұжым соғыс жылдарына дейін табысты қызмет етіп, көрермендерге көптеген қойылым тарту еткен. Алайда соғыс уақыты ұйым жұмысын тұралатып, кейіннен оның қазақ-орыс театры болып қай­та құрылуына алып келеді. Сол кездегі бас­шы­лардың көзқарасы дұрыс болмады ма екен, 50-жылдары орыс-қазақ театры­ның қазақ труппасы таратылып, оның негізгі құрамы Лебяжі аудандық (қазіргі Аққулы ауданы) халық театрына ауыс­тырылады. Ал 1990 жылы белсенді азамат­тардың бас қосуымен керекулік
театр қайта түлеп, облыстық театр ретінде құрылған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхит Омаров – Жүсіпбек театрының құры­луына негіз болғандардың бірі. Ақса­қал­дың сөзінше, жергілікті қазақ театры­ның тарихы әріден басталады.

 «1990 жылы облыстық қазақ театрын құрған уақытта біз театрды жаңадан аштық деп ағат ойлаппыз. Өңірлік қазақ театры шамамен 1938–1945 жылдар аралығында жұмыс істеп, кейін оның орнына орыс театрын құрып, таратып жіберген. Бұл қиянаттан театр жұмысы 50 жылдан астам тоқтап қалады. 2025 жылы Аймауытов театрының құрылғанына 35 жыл толды делінді. Бірақ біз тарихты сол 1938 жылдан бері тарқатуымыз керек. 1990 жылы мен облыстық мәдениет басқармасына басшы болып келгенде «қазақ театры болуы керек» деген идея көтердік. Театр есігін айқара ашқан уақытта көрермендер үзбей келе бастады. Сол тұста руханиятқа шөлдеп отырған елді көрдік. Әуел бас­та актерлік құрамды қалыптастыруда қиын­дықтар болғаны рас. Қазіргі Жүргенов атындағы өнер академиясының сол тұстағы басшысы Әшірбек Сығай көп қолдау көрсетіп, екі жыл қатарынан түлектерін бізге аттандырды», деп еске алды театрдың алғашқы жылдарын Мұхит Омаров.

Алғашқы режиссері (1990 жылы қайта ашылғанда) Ерсайын Тәпеновпен бірге Павлодардағы театр өнерінің бастауында Мұхтархан Манап, Сейітжан және Роза Тәжібаевтар, Сансызбай Бекболатов пен Амангелді Жүке, Талжібек Атамбек, Бейбіт Шәнім, өзге де танымал актерлер тұрды. Бір қызығы сол тұста Павлодар облысы театр актерлерін қолдаудан республикада алдыңғы орынға шығыпты. Актерлер мен қызметкерлердің бас-басына үй берген. Облыс басшылығы бір мезетте 16 пәтерді актерлер игілігіне тапсырған. Одан соң бұл іске өңірдегі мекемелер, ірі зауыттар, кәсіпорындар қосылып, әрқайсысы бір-бір баспанадан театрға тарту еткен. Бара-бара мәдениет саласының басшылары театр қызметкерлерін соғыммен қамтамасыз ету мәселесіне де жауаптанған. Қажеттінің бәрін тауып беріп, актерлерді қарық қылып отырған. Мұндай қолдау, кеңшілік орта актерлерді жігерлендірмей қойсын ба, аз ғана уақытта театрдың тасы өрге домалап, аты алысқа тарай бастады. Ал облыстағы өнер ұжымына жасалып жатқан әлеуметтік оң істер республикада үлгі ретінде жиі айтылып, баспасөз беттерінде жазылады.

Әлқисса, әңгіменің басына қайта оралсақ. Аймауытов театрының 90 жылға жуық тарихы бар екенін ескерген облыс басшылығы былтыр ұжымның 35 жылдық мерекесін атап өтуді дұрыс шешім деп қабылдамады. Бұл әрі-беріден соң қазақ театрының екі арада үзіліп қалған бай тарихын мойындамау болып шығар еді. Сондықтан жергілікті зиялы қауымға, өнер зерттеушілеріне театр тарихын қайта қарап, шаң басып жатқан архив құжаттарына тағы бір мәрте үңілу жүктелді. Себебі кейбір өнертанушылардың пайымынша, Аймауытов театрының тарихы 1938 жылдан әрі басталуы да ғажап емес. Ал 50-жылдары ұйым таратылғанда оның ізін басқан аудандық қазақ театрлары облыстық қазақ театрының заңды мұрагері – тарихын қайта жалғастырушылар болып табылатыны анық. Ендеше, келешекте өңірлік қарашаңырақтың ғасырлық тарихын тойлап жатсақ, таңғалмаймыз.

Осылайша, 2025 жылдың қорытынды­сында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Жүсіпбек театрының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ұйым­ға 3 қызметтік пәтерді тарту етті. Сон­дай-ақ ұжымның шығармашылық әлеуетін арттыруға және мәдени жобаларды да­мы­туға қолдау ретінде 50 млн теңге көлемінде қаржы бөлді.

Қызметтік пәтерлер театр үшін ең маңыз­ды жаңалық болып отыр. Себебі соңғы рет театрдың қызметкері 1997 жылы бас­пана­лы болыпты. Содан бері мұндай қол­дау болмаған. Бірден айтайық, осындай келеңсіздік салдары ма, өңірдегі ірге­лі қазақ театрында жас актерлердің тұрақ­тамауы кейінгі жылдары белең алып барады. Бұған ең басты себеп – баспананың жоқ­тығы. Театрдағы бір қызметтік пәтер мен 10 адамға арналған бір жатақханадан басқа түк болмай келген. Ұжымға келетін мамандарға әрі кетсе жатақхананың бір бөлмесі бұйырады. Болмаса пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал жас мамандардың қолына алатын жалақысы 120-130 мың тең­ге көлемінде екенін ескерсек, пәтер жал­дауды екінің бірінің қалтасы көтере бер­мейді. Соның кесірінен театрдың мықты мектебінен тәлім алған актерлер әрі кетсе үш-төрт жылдан соң, жағдайын жасауға уәде еткен еліміздің өзге театрларына тайып тұрады. Бізден кетіп, ол жақта көп ұзамай баспаналы болып жатқан актерлер аз емес.

«Өкінішке қарай, театр қызметкерлерін қолдау ісі кейінгі жылдары кілт үзілгені біз сияқты театр жанашырларын қатты ойландыратын. Бюджет қаражаты тапшы екенін, барлық актерді баспанамен қамту мүмкін емес екенін жақсы білеміз. Бірақ бұл істі біз жасағандай меценаттар есебінен жүзеге асыруға әбден болар еді. Ол үшін өңірде «Меценаттар клубын» құруды ұсынар едім. Ол жалпы мәдениет пен өнер саласы үшін жауапты болса. Қазіргі Аймауытов театрында жалынды актерлер көп, алайда олар ұзақ тұрақтамай кетіп жатыр. Басты мәселе – баспана. Кейде өзге облыстардың театрлары туралы сұрастырамын ғой. Олар бизнес өкілдерін тартып, театрды қолдаудың түрлі айла-әдістерін ұйымдастырып қойған. Жас мамандардың өзі баспанамен қамтылған. Кейбір облыстарда жыл сайын 600-700 мың теңгеден грант, сыйлық үлестіріледі. Бұл мәселеге облыс басшысы Асайын Байхановтың көңіл аудара бастағаны бізді қуантып отыр, дейді Мұхит Омаров.

Ақсақал сондай-ақ жергілікті театр актерлеріне құрметті атақ-марапаттардың аз берілетінін де айтады. Мәселен, мемле­кеттік мерекелерде көршілес өңірлер­дің театр қызметкерлері «Парасат», «Құрмет» ордендерін, «Халық әртісі», атақта­рын алып жатқанда павлодарлық театр ұжымы түксіз қалғанын талай мәрте көз көрді. Кейінгі жылдары халықаралық, республикалық театрлар фестивальдарында үнемі жүлде алып жүрген Аймауытов театры «академиялық театр» мәртебесін алуға ұмтылыс танытқан сыңайда. Ал мәдениет мекемелеріне «академиялық» мәртебе беру туралы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 наурыздағы №85 бұйрығында «шығармашылық қызметкерлерінің кемін­де 25 пайызы бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердің және (немесе) мемлекеттік наградалармен марапатталған болу керек» деп көрсетілген. Жүсіпбек театрын­дағы белді актерлердің айтуынша, он­дай жоғары марапат-атақтар бұл ұжым­да аз. Себебі жыл сайын облыстан рес­­пуб­ликаға жіберілген ұсыныстар көбіне қа­былданбайды немесе ол елордада пав­ло­д­арлықтардың мүддесін қолдап, қорғай­тын азаматтар жоқтың қасы. Театр­дың өз қыз­­меткерлерін марапаттау бойын­ша ұсы­­ныстары жоғары жақтан қолдау тап­пай, ысы­рыла беретін болса, ойға алған жо­ба-жос­­парлары құр қиял болып қала беретіндей.

Өңірлік мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқанның дерегінше, Аймауытов театрының 2025 жылғы бюджеті 539 млн теңге болса, Чехов атындағы облыстық драма театрына 408 млн теңге бөлінген. Алғашқы театрда бір жатақхана мен бір пәтер (2025 жыл соңына дейін), соңғысында бір жатақхана мен үш пәтер бар.

Қаржыландыру көлемін салыстыру мақсатында өзге облыстардағы театрларға сұрау салып, мәлімет алдық. Мәселен, Қызылорданың Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық драма театрының былтырғы бюджеті – 788 млн теңге, Қарағандының С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының бюджеті – 1 млрд 155 млн теңгені құраса, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры – 1 млрд 368 млн теңге, Халықтар достығы орденді К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры – 828 млн теңге, Б.Римова атындағы Талдықорған академиялық драма театры – 601 млн теңге (академиялық мәртебе 2025 жылғы желтоқсанда берілді), Н.Жантөрин атын­дағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры 1 млрд 340 млн теңге бюджет қаражатын алған.

Қызылордада 2024 жылы мәдениет саласына 40 пәтер тапсырылып, оның 13-ін театр актерлері иеленген. Ал Қарағанды, Түркістан, Жетісу, Маңғыстау облыстарында актерлерді баспанамен қамтуға баса мән беріліп, мұндағы әр театрда кемінде 5-10-нан қызметтік және жалдамалы пәтерлер бар.

Комитет өкілдері «Облыстардағы театр­лар қызметкерлерінің жалақысын қалай көтеруге болады?» деген сауалымызға:

«Өңірлік мемлекеттік театрлар жер­гілікті атқарушы органдарға бағынышты ұйым­дар болғандықтан жергілікті бюд­жеттен, тиісінше қалалық немесе облыс­тық бюджеттен қаржыландырылады. «Аза­маттық қызметшілерге, мемлекеттік бюд­жет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым­дар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіп­орындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулы­сына сәйкес, тиісті жергілікті өкілді орган­дардың шешімі бойынша жергілікті бюд­жеттен қаржыландырылатын ұйым­дар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық­ақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығы берілген. Ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйым­дар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстеме­ақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын тиісті жергілікті атқарушы орган айқын­дайды», деп жауап қайтарды.

Ендеше бұл жерде барлық гәп жергі­лікті жауапты органдардың бюджетті белгілеу кезінде өнер мен руханият саласына мән бермейтінінен туындап отыр деп шамалауға болатын шығар. Облыс бас­шылығында, өңірлік мәслихатта руханият­қа шын жаны ашитын азаматтар табылмай отырғаны өкінішті.

А.Байхановтың қазақ театрына жасаған сыйлығына жарықтық Жүсекеңнің аруағы бір аунап түскен шығар деп ойлаймыз. Ендеше ол бір реттік акция болып қалмаса екен. Ұйымның әлеуметтік жағдайын одан әрі талдап, қолдауды үдете түссе, өнердегі қара­шаңырақтың мүмкіндігі кеңейіп, екін­ші тынысы ашылатынына дауымыз жоқ.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды

Экономика • Бүгін, 15:20

Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды

Саясат • Бүгін, 15:05

Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды

Жәдігер • Бүгін, 14:45

Израилдің батыс жағалауында 4G іске қосылды

Саясат • Бүгін, 14:00

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Футбол • Бүгін, 13:35

Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?

Саясат • Бүгін, 13:11

АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

Әлем • Бүгін, 12:40

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

Спорт • Бүгін, 12:15

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

Қоғам • Бүгін, 12:03

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

Оқиға • Бүгін, 11:37

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Футбол • Бүгін, 11:26

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жаңа техника жұмысты жетілдіреді

Аймақтар • Бүгін, 10:50

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қаңтар 2026 16:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Биатлоннан әлем кубогы: спринтте кімдер бақ сынайды

08 Қаңтар 2026 11:51see108

Бибігүл Жексенбай: Салық төлеу мәжбүрлік емес, заманға сай патриотизмге айналуы қажет

08 Қаңтар 2026 12:20see107

Медиаторларды оқыту қағидалары бекітілді

08 Қаңтар 2026 15:13see107

Қазақстандық футбол жұлдызы Шотландиялық клубта алғашқы жаттығуын өткізді

08 Қаңтар 2026 14:26see106

Қазақстан Түркі елдерімен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді

08 Қаңтар 2026 20:48see105

Дронның көмегімен мал ұрлығы ашылды

08 Қаңтар 2026 13:53see105

Президент: Жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты

09 Қаңтар 2026 14:56see105

Жас ғалымдарға баспана берілді

08 Қаңтар 2026 19:49see105

Пайдаланылғанына 25 жылдан асқан лифтілерді ауыстыру және жөндеу жол картасы әзірленеді

09 Қаңтар 2026 11:50see105

Иран 12 сағат бойы интернетсіз қалды NetBlocks

09 Қаңтар 2026 11:26see104

11 айда балық өнімдерінің нарығы 76,8 мың тоннаға жетті

08 Қаңтар 2026 17:30see104

Қытай 2027 жылға қарай ірі көлемді өнеркәсіптік жасанды интеллект экожүйесін құрмақшы

09 Қаңтар 2026 23:59see104

АҚШ та шекарашылар оқ атып, екі адам жараланды

09 Қаңтар 2026 07:40see104

Әскерге жарамдылық туралы анықтаманы eGov тан алуға болады

09 Қаңтар 2026 20:11see104

Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізілді

09 Қаңтар 2026 20:11see104

Елена Рыбакина Паула Бадосадан басым түсті

08 Қаңтар 2026 11:00see102

Ақтөбеде алаяқтық жасап, пара берген әскери қызметкерлер сотталды

09 Қаңтар 2026 01:34see102

АҚШ Кариб теңізінде тағы бір мұнай танкерін басып алды

09 Қаңтар 2026 23:59see101

HAS қаржы пирамидасы қайта тергеліп жатыр

08 Қаңтар 2026 13:51see101

Қазақстан теннисінің жас жұлдызы Испаниядағы турнирдің 1/4 финалына шықты

08 Қаңтар 2026 19:59see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары