Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Академик Асқар Жұмаділдаевтың мерейтойына орай жас математиктер арасында олимпиада өтті

Академик Асқар Жұмаділдаевтың мерейтойына орай жас математиктер арасында олимпиада өтті

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматыда жас математиктер арасында республикалық олимпиада ұйымдастырылып, жеңімпаздарды белгілі математик, Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев марапаттады. Жарысты Beta High School жекеменшік мектебі ғалымның мерейтойына орай өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса мұғалім өтінім жіберді. Олимпиада қорытындысы бойынша 20 педагог үздік атанып, жеңімпаздарға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Жалпы жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

«Олимпиадаға біз Маңғыстау облысынан келіп қатыстық. Есептер өте қызық әрі күрделі болды. Жарыста мұғалімдердің академиялық адалдықты сақтауына үлкен мән берілді. Бәсекелестер де мықты, менен де тәжірибелі және білімді мұғалімдердің болғаны анық. Бірақ бағымыз жанып, 1-орын иелендік. Белгілі математик Асқар Жұмаділдаевтың қолынан марапат алуды үлкен мәртебе санаймын», дейді Маңғыстау облысынан қатысқан жүлдегер Бауыржан Кубеев.

Жеңімпаздардың бірі Асылан Мақұлбек те осындай олимпиадалардың маңызы жоғары екенін айтады.

«Білім сайысы мұғалімдердің білімін тексеріп қана қоймай, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілетін арттырады. Мұндай алаңда біз өзара тәжірибе алмасамыз. Білімімізді сарапқа салуға мүмкіндік беретін осындай олимпиадалар жиірек өтіп тұрса жақсы болар еді», дейді ол.

Ұйымдастырушы, Beta High School директоры әрі математика мұғалімі Бақнұр Зиябековтің айтуынша мұндай олимпиада өскелең буын үшін де пайдалы.

Елордада республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды

«Бізде ұлт тұлғаларының мерейтойында бәйге, көкпар, айтыс секілді үлкен тойлар өтіп жатады. Бұл жолы үрдіске өзгеріс енгізіп, Асқар ағамыздың 70 жылдығында олимпиада өткізуді жөн көрдік. Неге десеңіз, білімді өмірде қолдануды зерттейтін халықаралық PISA рейтингі бойынша біздің ел 80-орында тұр. Ал TIMSS бойынша үздік отыз елдің қатарындамыз. Бұл біздің балалар бәрін біледі, бірақ өмірде қолдана алмайды деген сөз. Математикалық сауаттылық көрсеткіші төмен дегенді білдіреді. Біз жарыста мұғалімдерге қолданбалы есептер беріп, олардың біліктілігін арттыруды көздейміз», дейді ұстаз.

Білім саласының сарапшысы Нұрлан Қиясовтың айтуынша уақыт талабы өзгеріп жатқандықтан енді жай ғана формуламен есеп шығару жеткіліксіз.

Астанада Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы өтеді

«Қазіргі таңда адамның математикалық білімі, әдістері мен логикасын өмірдегі қолданбалы мәселелерді шешу үшін қолдана білу қабілеті маңызды. Бұл математикалық сауаттылық деп аталады. Осы тұста қазақстандық білім беру жүйесінде түйткілді мәселелер бар. Математикалық сауаттылығы төмен мектеп түлектерінің үлесі әлі де жоғары. Түлектердің есеп шығара алғанымен, олардың 70%-ға жуығы математикалық сауаты төмен болып отыр. Бұл мұғалімдердің немесе оқушылардың кінәсі емес. Бізге пәндердің мазмұны мен оқыту әдістемесін түбегейлі қайта қарау қажет», дейді ол.

Олимпиада математика пәнін оқытудың қолданбалы деңгейін көтеріп қана қоймай, математика мұғалімі мамандығының беделін арттыруға ықпал етті.

Соңғы жаңалықтар

Жанармай нарығының болашағы: Сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады

Экономика • Бүгін, 17:35

Академик Асқар Жұмаділдаевтың мерейтойына орай жас математиктер арасында олимпиада өтті

Білім • Бүгін, 17:20

Қазақстанда 176 мыңнан астам адам жұмыстан кеткісі келеді: Себебі неде?

Қоғам • Бүгін, 17:07

Қазақстанда 19 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделді

Энергетика • Бүгін, 16:50

Көктемгі әскерге шақыру: Өтінімді енді онлайн беруге болады

Қоғам • Бүгін, 16:19

ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?

Технология • Бүгін, 16:10

Флорида жағалауынан құны 1 миллион доллар болатын көне қазына табылды

Әлем • Бүгін, 15:53

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған қаруланған топ ұсталды

Оқиға • Бүгін, 15:48

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі айда жол апатынан 10 адам қаза тапты

Аймақтар • Бүгін, 15:42

Иран Ормұз бұғазында тағы бір мұнай танкерін жойды

Әлем • Бүгін, 15:23

Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды

Заң • Бүгін, 15:03

Премьер-министр жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын атады

Технология • Бүгін, 14:51

Еліміздегі 272 елді мекенде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ

Аймақтар • Бүгін, 14:38

Алдағы күндері қай өңірлерде күн күрт жылынады?

Ауа райы • Бүгін, 14:28

Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады

Оқиға • Бүгін, 14:13

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 18:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see126

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see125

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see123

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see122

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see122

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see119

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see119

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see118

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see118

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see118

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see118

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see116

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see116

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see115

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see115

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see114

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see114

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see114

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see114

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары