Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Астанада Н. Айтұлының мерейтойына орай мүшәйра өтті

Астанада Н. Айтұлының мерейтойына орай мүшәйра өтті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына орай мүшәйра өтті, деп хабарлайды 24KZ. Жыр додасы ақынды көзі тірісінде атағандай «Бостандық жырының бозжорғасы» деп аталды. Жүзден аса жазба ақын ой жүйріктігі мен сөз зергерлігін сарапқа салды. Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған және басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.

Несіпбек Айтұлы айтулы, арқалы ақын. Ел тәуелсіздігінің жаршысы әрі жыршысына айналған шалқыма шабытты шайыр. Ол көзі тірісінде үздіксіз мүшәйра өткізіп, қалам ұстаған қауымға қанат бітіретін. Алаш жұртын, азаттық рухын өлеңмен асқақтатуға атсалысқан. Ақынның өзі кетсе де, сол сара жолдағы ізі қалды. Енді дүбірлі доданы жыр ауылындағы жолдастары жалғап жатыр.

Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:

- Ақындар өте белсенді. Өйткені Несіпбек Айтұлы қазақ өнеріне соншама еңбек сіңірген. Сол Нес ағаңның ақындық болмысын ашуға ақындар тілдік мәйегін, қорын қолданды. Бұл мүшәйраға келіп түскен барша өлең түбінде Несіпбек Айтұлына арналған жеке жинақ шығады ғой деп ойлаймыз.

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы». Шығармашылық жаспен шектелмейді. Шабыт бітсе, шалғайға шабады. Мүшәйраға жүзден аса ақын қатысты. Ерік білдіргендер еркін көсілді. Тек екі ереже бекіді. Алғашқысы – Несіпбек Айтұлына арнау. Кейінгісінде тақырып кеңістігіне кедергі келтірмеді. Серік Ақсұңқарұлы да замандас заңғарының додасына түскенін мәртебе санайды.

Серік Ақсұңқарұлы, ақын, қатысушы:

- Қазақ әдебиетінің классигі. Екеуіміз әдебиетке бірге келдік. Несіпбектің бізден айырмашылығы бұл қазақтың қара өлеңінің уызына қанған. Қазақ тілінің қасиетіне жарыған елден келді. Қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі бар. 

Қабиден Қуанышбайұлы, ақын, қатысушы:

- Мен де сол қатарда өз өлеңімді ұсындым. Комиссия жүлдегер деп тауыпты, соған қуаныштымын. Мен Несіпбек Айтұлының болмысын, тағдырын, азаматтығын, қайраткерлігін, мінезін, поэзиядағы жанкештілігін бәрін жақыннан таныдым. Сондықтан арнау жазу мен үшін қиын болған жоқ, жүректен төгіліп түсті. Сол себепті өлеңімнің жүлдеге лайық деп есептелгеніне қуаныштымын.

Сонымен жүзден аса ақындар ішінде 15-інің асығы алшысынан түсті. Екі бас жүлде, екі бірінші орын берілді. Ынталандыру да бар. Несіпбек Айтұлы мұндай мұра қалдырмаса, алты алаш оның асыл қазынасын бұлайша ардақтап, оның руханиятқа жасаған еңбегін осынша жоғары бағаламас еді. Қазылар алқасының қазықты ойы осы болды.

Авторлары: Нысаналы Ығыл, Ержан Қанапияұлы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Желтоқсан 2025 02:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары