Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Әкеден балаға жалғасқан кәсіп: Қиғаш балықшыларының бүгінгі тынысы

Әкеден балаға жалғасқан кәсіп: Қиғаш балықшыларының бүгінгі тынысы

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде еліміздің «мұнайлы астанасы» атанып кеткен Атырау өңірі бұрын балық шаруашылығымен әлемге әйгілі болғанын қазіргі ұрпақ біле ме екен? Сол кезде терең теңіз түбінен су маржандарын сүзген балықшылар судың сырын бес саусағындай білген су психологтары ма дерсің! Жағалаудағы ауыл тұрғындары үшін балық аулау – ермек те емес, хобби де емес, отбасын асырайтын негізгі кәсіп болатын.

Қазір Қиғаш балықшыларының жағдайы қиындап отыр. Өзеннің тайыздануы, балықтың азаюы және маусымдық шектеулер кәсіпке тікелей әсер етуде. Өзен арнасын тереңдету сияқты шаралар жасалғанымен, Құрманғазы ауданындағы көп отбасы үшін балық аулау әлі күнге дейін жалғыз табыс көзі болып отыр.

Қазіргі жағдайда балықшылар қалай өмір сүріп жатқанын және неліктен әлі күнге дейін суға шығатынын «Ақ Жайық» редакциясына қырық жылға жуық тәжірибесі бар, 70 жастағы байырғы балықшы Халиолла Ахметов айтып берді. 

Қарапайым қосшыдан балықшылыққа дейін

Бір қызығы, сонау сексенінші жылдары қайыққа қонған ол әлі де болса одан түспеген... Нақтылап айтар болсақ, кейіпкеріміз 1984 жылдан бері әлі күнге дейін балық аулаумен айналысып келеді. 1999 жылы «Каспийбалық» өндірістік кооперативі құрылған кезде Халиолла Ахметов звено жетекшісі болды. Ендеше, бір жұмысты жарты ғасырға жуық уақыт жасау жалықтырып жібермей ме?

«Мен ешқашан өз кәсібімнен жалыққан емеспін. Себебі, сол арқылы адал ас жеп, балаларымды аяққа тұрғыздым, әлі де отбасымды асырап келемін. Кезінде ағам да балық аулаған, мен соның жолын қудым десем болады. Ол кісі «Қызыл таң» кеңшарында звено жетекшісі болды. О баста мен құрылыс саласында еңбек еткен болатынмын. Дәлірек айтсам, «ПМК-29» деген мекеме болды, сонда звено жетекшісі болдым. Содан азаматтық борышымды атқару үшін әскерге кеттім. Елге оралған соң, Атырауда тікұшақ зауытында жұмыс жасадым. Ал, 1984 жылы шаңырақ көтеріп, отбасын құрдым. Жанұя болған соң, табыс табу мақсатында балықшылыққа ауысып кеттім», - дейді Халиолла ағамыз.  

Алдымен Халиолла аға қосшы болған, кейін төрт жылдан соң звено жетекшісіне дейін көтерілген. Өндірістік кооператив құрамында әлі де осы орында жұмыс істеп келеді.

Маусымдық жұмыс және тіршілік ырғағы 

Егде жасына қарамастан балықшы балық аулауға шығуын жалғастырып келеді. Оның айтуынша, бұл тек әдет қана емес, кәсіптің табиғатына да байланысты.

«Балық аулау үздіксіз кәсіп емес қой. Мәселен, мен қысқы мезгілде демаламын. Ал, жазда малға құрақ шабамын. Яғни, балықты тек науқан кезінде – көктем мен күзде ғана аулаймын», - дейді кейіпкеріміз.

Айтпақшы, балықтың жүретін өз уақыты болады екен. Таңғы сағат 8 бен 12 аралығында және күндізгі сағат үш пен таңға жақын жақсы түседі. Ал, ауды күндіз емес, кешкі іңірде, тіпті, қажет болса түнде тарту керек. Міне, бұл – байырғы балықшының жас буынға берер кеңесі. 


Аулаумен бірге қорғай да білу керек

Балықшының айтуынша, өткен мен бүгіннің айырмашылығы барған сайын айқынырақ сезіледі.

«Бұрынғы уақытта балық көп болды ғой. Тонналап балық ауладық десем, қазір ешкім сене қоймас. Көзбен көрмеген соң, кім сенсін? Соның арқасында үй тұрғызып, бала-шағамызды жетілдірдік», - деп еске алады ол. 

Бүгінде, балықшылардың айтуынша, тек қордың азаюынан емес, өзеннің күйінен де жағдай өзгерген. Қиғаштың таяздануы балықтың қозғалысы мен уылдырық шашуына әсер етіп, соның салдарынан аулау көлеміне ықпал етеді.

«Біреулер мұны су маржанын құрту деп түсінеді. Бірақ, ақ адал термен нан тапқанда тұрған не бар? Балық та Құдайдың адамзат үшін жаратқан несібесі деп білемін. Ең бастысы, заңмен аулау керек және мөлшерін білген жөн», - дейді ағамыз. 

Иә, рас, бекіренің бел кеспесі бүгінде тісімізге емес, түсімізге кіретін болды. Бұрын Қиғаш бойында еркін жүзетін бекіретұқымдас балықтарды енді тек қызыл кітаптан ғана табасыз... 

«Балықты аулаумен бірге оны қорғай да білу керек. Айталық, ауға «қызық балық» түсіп қалса, дереу босатып жіберген дұрыс. Ал, өлі болса, тиісті орынға тапсырылуы тиіс. Балық аулайтын адамдарға келсек, бірі ермек үшін, яғни, қызық көріп аулайды. Ал, енді бірі үшін бұл – отбасын асырайтын жалғыз табыс көзі болып табылады. Қалай болғанда да, өз еңбегіңмен балық аулап, соны бала-шағаңа қуырып берсең, адал ас емес пе?» - дейді балықшы. 

Әкеден – балаға

Сөйткен Халиолла Ахметов бүгінде тек әріптестері үшін ғана емес, бүкіл аудан жұрты үшін үлгі тұтар азаматтардың біріне айналған десек, артық айтқандығымыз емес. Өйткені, зейнет жасынан әлдеқашан асып кеткен ағамыз әлі де қиын жұмыстан қашпай, жастарға ерен еңбек үлгісін көрсетіп келеді. 

«Халиолланы мен мектеп кезінен бері жақсы танимын. Оның әкесі Смағұл Ахметов деген кісі Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1999 жылы «Каспийбалық» өндірістік кооперативі құрылған кезде Халиолла звено жетекшісі болды. Айтқым келгені, ол өте еңбекқор жан. Талай рет үздік балықшы атанды. Өз балаларын да осы кәсіпке баулыды. Әлі есімде, күн қатты суыған кезде балықшы біткеннің бәрі үйлеріне қайтып оралатын. Бірақ, Халиолла емес! Ол мұз айдынында қалып жұмысын жалғастыра беретін. Демек, балық аулау кез келген адамның бағына бұйыра бермейді. Оған зор табандылық пен мол төзімділік керек», - дейді әріптесі Тілекқабыл Қамидоллаұлы.

Баласы демекші, ағамыздың ұлы да қазір әкесі секілді звено жетекшісі болып еңбек етеді. Ол сегізінші сыныпты аяқтаған соң, әкесінің ізін қуып балықшылыққа бас сұғыпты. 

«Менің балам да қазір балық аулап өз отбасын асырап жүр. Қазірде менің қасымда 200 шақты балықшы бар. Бәрі де осы кәсіптен нәсібін тауып жүрген жандар», - деген бөлісті тәжірибелі балықшы.  

...Кейіпкеріміз тағы да мамандық таңдау мүмкіндігі берілсе, еш ойланбастан осы кәсіпті қайта таңдар еді. Өйткені, балық аулағанды оның жаны сүйеді. Ол, тіпті, жалығу мен шаршау дегеннің не екенін де білмейді. Керісінше, жұмыстан қол үзіп қалса, ауырып қалады. Ендеше, қармағыңыз қарымды болғай, балықшы ағай!

Әділет ҚАНАТҰЛЫ

Х. Ахметовтің мұрағатынан алынған суреттер

Бүгін, 12:13

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 12:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары