Әл Фараби даңғылындағы ЖКО ісі бойынша Zeekr жүргізушісіне 10 жыл сұралды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған атышулы жол апаты бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы Zeekr жүргізушісін 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған атышулы жол апаты бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы Zeekr жүргізушісін 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?22 маусымда сотта тараптардың жарыссөзі басталды. Прокурор судьядан сотталушы А. П.-ны Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі – "Алкогольдік масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша кінәлі деп тануды сұрады.
Мемлекеттік айыптаушы оған қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
"Оқиғаның салдары БАҚ-та кеңінен жарияланып, қоғамда үлкен талқыға түсті. Қылмыстық соққының ауырлығын өлшеу де, орнын толтыру да мүмкін емес. Бұған жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзып, рұқсат етілген жылдамдық шегінен асырған, оның үстіне алкогольдік масаң күйде болған бір адам кінәлі", – деді прокурор.
Прокурор бұл іс бойынша шығарылатын қатаң үкім барлық жүргізушіге сабақ болуы тиіс екенін атап өтті.
"Бұл іс бойынша үкім жолды өзін-өзі көрсету орны деп санайтындардың әрқайсысына нақты ескерту болуы тиіс. Өзге адамның өмірі үшін заңның барлық қатаңдығымен жауап беруге тура келеді", – деп мәлімдеді сотта прокурор.
Сөзінің соңында прокурор ең жоғарғы жаза мерзімі болашақта осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектесетінін айтты.
Жол апатының себебі неде: сотталушы нұсқасы"Тағайындалған жаза әлеуметтік әділдікті орнату мен сотталушының түзелуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар сотталушының да, өзге тұлғалардың да жаңа құқықбұзушылықтар жасауының алдын алуға бағытталған. Қаза болғандардың рухы бізді принципшіл болуға міндеттейді", – деді мемлекеттік айыптаушы.
Бұдан бұрын 15 маусымда сотта сотталушы А. П. жауап берді. Ол апатты Zeekr автокөлігінің техникалық ақауымен байланыстырады.
Оның айтуынша, мейрамханадан шыға бергенде бақылау панелінде ескерту индикаторлары жанған, ал әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатқанда гуіл пайда болған. Оны жою үшін жүргізуші айналымды арттыруды ұйғарған.
"Сол жақ жолақтан оң жаққа ауыса бастадым. Осы сәтте, бәлкім, жолаққа қайтару жүйесі кенет іске қосылып, соның салдарынан көлік тайып кеткен болуы мүмкін. Қарсы беттегі жолаққа шығып кеткен соң көлік басқаруға көнбеді. Оңға немесе солға бұруға тырыстым, бірақ көлік маған бағынбады, тежегіш жұмыс істемеді. Осыдан кейін жол апаты болды", – деді ол сотта.
Сотталушының айтуынша, ол тек жансақтау бөлімінде есін жиып, сол жерде үш адам қаза тапқанын білген.
Сондай-ақ сотта ер адам апатқа дейін достарымен бірге Алматыдағы танымал орындардың бірінде уақыт өткізгені белгілі болды. Бұған дейінгі сот отырысында сотталушы кешті қалай өткізгенін және қанша алкоголь ішкенін егжей-тегжейлі айтып берген болатын – толығырақ мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: “Онда вискиді кім ішті?“ - үш адам қаза болған жол апаты бойынша сотта Zeekr жүргізушісіне өткір сұрақ қойылды
Бұған дейінгі отырыста судья сотталушы қайғылы оқиғаға дейін жол жүру ережелерін бірнеше рет бұзғаны туралы мәліметтерді жариялаған болатын.
Айыпталушы А. П. / Отырыстан түсірілген видеодан скриншот
Үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты атышулы істі Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.
Күдікті А. П. Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі "Алкогольдік масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша айыпталып отыр.
Анықтама. Бап санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Айыптау актісіАлдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы А. П. – Zeekr 001 автокөлігінің иесі әрі жүргізушісі – рөлге мас күйінде отырған.
Сондай-ақ айыптау мәліметтеріне сәйкес, көлікте тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін 100 QR 02 нөмірі болған.
"Меңдіқұлов көшесімен қиылыста сотталушы қарсы бетке шығып кетіп, әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан", – деді прокурор.
Соқтығысу салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты: 1996 жылы туған Mercedes жүргізушісі, сондай-ақ оның 2003 және 2005 жылы туған екі жолаушысы.
Айыптау актісін оқу кезінде қаза тапқандардың туыстары көз жасына ерік берді.
Сотталушы қандай жылдамдықпен жүрген?Ресми сараптама қорытындысы бойынша, соқтығысу алдында оның көлігінің жылдамдығы сағатына 219 шақырым болған.
ҚР ІІМ видеосынан кадр
"Өз іс-әрекетімді ақтамаймын" – Zeekr жүргізушісі
28 мамырда сотта сотталушы А. П. қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады.
Қаза болғандардың отбасы Zeekr жүргізушісіне шартты жаза сұрап отыр"Ешқандай сөз де, ешқандай іс-әрекет те жақындарыңызды қайтара алмайтынын түсінемін. Әр отбасына қаншалықты қайғы әкелгенімді білемін. Өз іс-әрекетімді ақтамаймын. Ештеңеге үміт артпаймын, ештеңеден дәметпеймін. Заңға сәйкес жазамды толық өтеуге дайынмын. Тек бостандыққа шығып, қолдан келгенше отбасыларыңызға көмектескім келеді. Өзімді кешірмеймін және сіздерді ұмытып кетпеймін. Кешіріңіздер", – деді ол.
1 маусымда Алматыда негізгі сот талқылауы басталды. Онда қаза тапқан екі адамның – 1996 жылы туған Mercedes жүргізушісі мен 2003 жылы туған жолаушы қыздың туыстары сотталушымен татуласқандарын айтып, оған шартты жаза тағайындауды сұрады.
8 маусымда үшінші марқұмның анасы да осындай ұстанымда болды.
Қаза тапқан 22 жастағы К.-ның анасы 100 миллион теңгеге талап арыз түсірмек болған өкілдерінің қызметінен де бас тартты. 11 маусымда 29 жастағы Е.-нің отбасы да өкілдер қызметінен бас тартқаны белгілі болды.
Айыпталушының өзі сотта болған оқиға бойынша кінәсін мойындайтынын мәлімдеді.
3 маусымда Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов Мәжілісте өткен брифингте тараптардың татуласуы адам өліміне әкеп соққан жол апаты ісінің нәтижесіне қалай әсер етуі мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жәбірленушілердің ұстанымы айыпталушының қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына жол бермейді.
“Кешірмедім, кешірім бермеймін де“ - жол апатында қаза тапқан қыздың әкесіТуыстарының мәлімдемесі желіде қызу пікірталас тудырды. Осыдан кейін Tengrinews.kz тілшісіне қаза тапқан 20 жастағы Т. К.-ның әкесі хабарласып, айыпталушыны кешірмейтінін және оның қатаң жазалануын талап ететінін айтты.
Жол апатына қатысты екі қылмыстық іс тоқтатылды"Сотталушының анасы маған 10 миллион теңге ұсынды. Маған оның миллиондары керек емес, маған балам керек. Мен кешірмедім, кешірім бермеймін де. Мен Таразда оның ата-анасының үйінде болдым (сөз сотталушының ата-анасы туралы болып отыр – ред. еск.). Әкесі алдымда жылап кешірім сұрады", – деп қосты ер адам.
Бұған дейін әл-Фарабидегі жол апаты фактісі бойынша тағы 3 қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда кейін оның екеуі тоқтатылды.
Билікті асыра пайдалану және "ерекше" мемлекеттік нөмірлер беру. 26 наурыздан бастап ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті тыйым салынған мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілу мүмкіндігін тергеді. Іс 362-баптың 1-бөлігі – "Билікті асыра пайдалану" бойынша тергелген. Бұл жерде мәселе Zeekr жүргізушісінің 100 QR 02 нөміріне қатысты болуы мүмкін.Кейін 3 маусымда "қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты" іс тоқтатылғаны белгілі болды.
Жалған айғақ беруге қатысты іс. Бұған дейін тергеу сотталушы қайғылы оқиға алдында бірге болған компанияға қатысты материалдарды жеке іске шығарғаны хабарланған болатын. Олар жалған айғақ берді деп күдіктелген еді. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ тергеуден кейін полиция қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келіп, 2026 жылдың 28 мамырында істі тоқтатты.ІІМ бұл шешімнің заңдылығына түпкілікті бағаны прокуратура беретінін нақтылады.
Полицейге қатысты ісАдам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты негізгі істен бөлек, тағы бір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.
Қызметтегі әрекетсіздік. Күдікке Алматы Полиция департаменті басшылары бірінің жүргізушісі – полиция қызметкері ілінді. Тергеу мәліметінше, оның әрекетсіздігі адам өліміне әкеп соққан жол апатына себеп болуы мүмкін (370-баптың 4-бөлігі, 1-тармағы "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік"). Бұл іс бойынша тергеу аяқталды. Әл-Фарабидегі қайғылы оқиғаның хронологиясыЕске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.
Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған.
Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сонымен қатар мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.
12 мамырда істі тергеу аяқталды. 28 мамырда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті.
Әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқалар пайда болды, содан кейін тексерулер мен қызметтік тергеулер басталды. ІІМ Алматы ПД-ның бірқатар басшысын қызметінен шеттетті, олардың бірінің жүргізушісі ұсталды.
Дау салдарыОсыдан кейін 26 наурызда ІІМ мәлімдеме жасады. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен Алматы Полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.
Қазір Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы Серік Шұмаев әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған блогер Әділетхан Молдаханмен соттасып жатыр.
Олардың адвокаттарының айтуынша, видеода блогер полицияны жалған нөмір тағып, көліктерінің әйнектерін заңсыз қараңғылатқан жастарды қорғаштайды деп мәлімдеген. Оның пайымдауынша, мұндай әрекеттер жол апатына себеп болуы мүмкін.
Анықтама: Молдаханға Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалжал ақпарат тарату" бойынша айып тағылып отыр.
Тағы оқыңыз: Алматыда Әділетхан Молдаханға қатысты сот басталды: зардап шеккендердің арасында ПД бастығының бұрынғы орынбасары бар
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:28
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 11:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















