Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Алматы мен Астана тұрғындары қатты ыстықты қалай өткерді статистика

Алматы мен Астана тұрғындары қатты ыстықты қалай өткерді статистика

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ұзаққа созылған ыстық аясында дәрігерлер күн өтуге байланысты шағым артқанын айтады. Алматыда мұндай жағдайлар саны екі есеге жуық өссе, Астанада ыстық күндері жедел жәрдем шақыртулары 15 пайызға көбейген, деп хабарлайды Tengri Health.

Алматыдағы жағдай қандай?

Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, ыстық пен күн өту, дене қызуының көтерілуі және ағзаның сусыздануы сияқты аптап салдарына қатысты шағымдану саны былтырмен салыстырғанда 13-тен 25 жағдайға дейін артқан.

Сонымен қатар осы себептерге байланысты ауруханаға жатқызылғандар саны да өсті. Былтыр жазда стационарларға төрт пациент жеткізілсе, биыл бұл көрсеткіш алты адамға жетті. Қалған зардап шеккендерге оқиға орнында көмек көрсетілді.

Мамандардың айтуынша, аптапта дәрігерлер созылмалы аурулары бар пациенттерге де жиі барады.

"Бұл жоғары температураның созылмалы ауруларды қоздырып, пациенттердің жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін екендігімен байланысты", - деп атап өтті ұйым өкілдері.

Көбіне жүрек-қан тамырлары аурулары, гипертония, тыныс алу мүшелерінің аурулары, инфаркт, инсульт және бүйрек шаншуы жиі кездеседі.

Жедел медициналық жәрдем қызметінің мәліметі бойынша, биыл жазда дәрігерлер мынадай жағдайларды тіркеген:

қан айналымы жүйесінің аурулары - 11 163 жағдай; гипертониялық ауру - 6 602; тыныс алу мүшелерінің аурулары - 10 603; инфаркт - 393; ми қайнайналымының жедел бұзылуы (инсульт) - 466; стенокардия - 817 және тағы басқалар.

Бұл ретте аптапқа қарамастан, Алматыда 2025 жылы да, 2026 жылы да ыстық немесе күн өту салдарынан болатын өлім жағдайлары тіркелмеген.

Астанадағы жағдай қандай?

Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйене отырып, 2026 жылдың маусымы және шілдесінде ыстық пен күн өтудің 39 жағдайы тіркелгенін хабарлады.

Бұл ретте аптап кезінде жедел медициналық көмекке жүгінгендер саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,1 пайызға өскен.

Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының медициналық жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары Бота Сәдетхан бұған дейін басқа айларда бригада тәулігіне 1800–1850 шақыртуға қызмет көрсетсе, шілдедегі аптап кезінде шақырту саны 2000-нан асқанын айтқан болатын.

Оның сөзінше, ең ыстық күндері көбіне созылмалы дертке шалдыққандар зардап шегеді. Сарапшы Астанада шағымдар бойынша бірінші орында жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары тұрғанын жеткізді - шақыртулардың 30 пайызына дейіні осы дертке тиесілі, бұл ең үлкен топ.

Сондай-ақ Астананың жедел жәрдем қызметі жоғары температура әсерінен болатын өлім жағдайлары тіркелмегенін атап өтті.

Бұған дейін синоптиктер жақын күндері Қазақстанда ыстықтың кезекті толқыны болжанатынын хабарлаған болатын. Иран аумағынан келетін жылы ауа массалары елдің батыс және оңтүстік өңірлеріне аптап әкеледі.

Астана мен Алматыда 7–9 тамызда ауа райы қандай болатынын мына жерден оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қазақстан

Астана

Алматы

жедел жәрдем

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 19:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары