Астана соңғы 34 жылдағы ең ыстық күнді бастан өткерді
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
14 шілдеде Астанада метеобақылаулар тарихында жаңа температуралық рекорд орнатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" бақылау желісінің деректері бойынша, елордада ауаның максималды температурасы +38,6 градусқа жетті. Бұл 14 шілдедегі бұрынғы рекордтан 3,3 градусқа жоғары. Бұған дейін 1992 жылғы 14 шілде ең ыстық күн болып есептелген, ол кезде термометр бағаны +35,3 градусқа дейін көтерілген болатын.
Рекорд алдын ала болжандыБұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 14 шілде елордадағы ең ыстық күн болатынын ескерткен. Болжам бойынша, ауа температурасы +37...+39 градусқа дейін көтерілуі тиіс еді, бұл осы күн үшін тарихи максимумнан асып түсті.
Бұл ретте 13 шілденің өзінде-ақ аптап ыстық рекорд көрсеткіштерге жақындады. Сағат 13:40-тағы жағдай бойынша Астанада ауа температурасы +35,9 градус болды. Салыстырмалы түрде алсақ, 13 шілдедегі абсолюттік максимум сонау 1935 жылы орнатылған және ол +39,5 градусты құраған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда Астанада осы күнге арналған жаңа температуралық рекорд тіркелді. Ол кезде ауа +36,8 градусқа дейін ысыды. 23 маусымдағы бұрынғы рекорд +36,4 градус болып, ол 1941 жылы тіркелген болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 12:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















