Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Алматы облысында 53 энергетик мемлекеттік наградаға ұсынылды

Алматы облысында 53 энергетик мемлекеттік наградаға ұсынылды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

22 желтоқсанда елде энергетиктер күні аталып өтеді.

Жалпылай алғанда саланың ел экономикасын өркендетудегі маңызы орасан зор. Кәсіби мереке қарсаңында Алматы облысында 53 маман мемлекеттік наградаға ұсынылды. «Бұл өмірін энергетика саласымен байланыстырған адамдарды құрметтеумен қатар атқарған жұмысымызды жоғары бағалаудың белгісі», дейді мамандар.

Алматы облысы бойынша энергетика саласында 15 мыңнан астам маман еңбек етеді. Жылыту маусымы кезінде қазандықтар мен жылу жүйесіне түсетін жүктеме еселеп артады. Жылу орталықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін қатардағы қарапайым слесарьлар мен инженерлер екені белгілі. Солардың бірі Серік Ербаев. Ол «Қонаев жылу орталығында» 20 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын слесарь болып бастаған маман сәуір айында кәсіпорынның бас энергетигі қызметіне тағайындалды.

Серік Ербаев, "Қонаев жылу орталығы" мекемесінің бас энергетигі:

- Енді менің атқаратын басты қызметім жылу орталығын электр энергетикасы мен автоматикасын жетік бақылауда ұстап, апатсыз жағдайда ұстап тұру болып табылады. Қарамағымда 15 электромонтер және автоматика электромонтерлары бар. Қазіргі таңда жас мамандарды да мен жұмысқа тартып жатырмын. Оқу бітіріп келген жігіттерді жұмысқа алып, екі жас маман қазір қол астымда істейді. 

Энергия тапшылығын қатты сезініп отырған өңір үшін қуаткерлердің еңбегін елеп-ескеріп, сәйкесінше жоғары бағалау аса маңызды. Себебі тұтыну көлемі жыл өткен сайын арта түспесе, азаяр емес. Сол себепті облыста бірқатар ауқымды жоба жүзеге аса бастады.

Ержан Әділет, Энергетика және жылумен жабдықтау басқармасының бөлім басшысы:

- Қазақстанның оңтүстік өңірінде энергия тапшылығы бар екені барлығына мәлім. Сол себепті біз қазір осы деңгейді төмендету үшін әртүрлі жұмыстарды жүргізудеміз. Жаңа атап өткендей, осы Алматы облысында орналасқан жылу электр орталығы қазіргі таңда электр қуаттылығы 173 МВт болса, қазір жасалып жатқан жұмыс оның қуаттылығын 460 МВт-қа дейін көтеруге бағытталған. 2026 жылдың соңына дейін осы жобаны аяқтап, жалпы 300 МВт қосымша қуат енгізсек деген ойда бар. Өңірімізге келетін болсақ, бізде қазір энергия тұтыну көлемі 750-780 МВт-ты құрайды. 

Алматы облысында Қапшағай ГЭС-і мен күн электр стансалары жұмыс істеп тұр. Баламалы қуат көзін өндіру мақсатында ауқымды жобалар қолға алынып, инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Атом электр станциясының құрылысы басталуына байланысты жоғары оқу орындарына атом энергетикасы бойынша жаңа білім бағдарламалары енгізілді. Ол өз кезегінде білікті маман даярлап, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге оң ықпал етеді. 

Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 04:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары