Алматы облысында полицейдің жанып кеткен денесі табылды марқұмның әйелі мен ұлы ұсталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Алматы облысында жанып кеткен полицейдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 23 маусым күні Кеген ауданындағы таулы аймақтан ер адамның жанып кеткен мәйітінің табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел түрде жедел тергеу тобы барған.
"Қаза болған адамның кім екені анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетері, әлеуметтің желіде тараған ақпарат бойынша марқұм Алматы қаласында жедел уәкіл болып жұмыс істеген. Жұбайы да полиция старшинасы болған. Биыл ақпан айында өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. 37 жаста болған полицейдің жанып жатқан денесін жергілікті тұрғын тауып алып, полицияға хабар берген.
Қазіргі кезде адамдар тобымен аса қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа ұсталған ұлының досы мен асырап алған баласының да қатысы бар деген ақпарат тарады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:90
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 12:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















