Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

7kun.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есеге төмендеді.
Нақтырақ айтқанда, биылғы алғашқы жартыжылдықта тіркелген жемқорлық фактілері 28-ден 7-ге дейін қысқарған.

Бұл мәлімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында жарияланды.

Жиында «Заң мен тәртіп» қағидатын және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Отырысқа комиссия мүшелері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

Комиссия отырысын ашқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту және алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды.

– Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету – мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. Сондықтан жемқорлықтың алдын алу және қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Жыл басынан бері өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 73 кездесу өткізіліп, оған 6 мыңға жуық адам қатысқан. Мониторинг барысында білім беру мен денсаулық сақтау салаларында тауар бағасын негізсіз көтеру және қажеттіліктен артық сатып алу фактілері анықталған.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін бұл мәселелер қайта қаралып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеген. Нәтижесінде миллиондаған теңге көлеміндегі қаржы үнемделді.

Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 27 кездесу ұйымдастырылып, түрлі байқаулар, ақпараттық акциялар мен мурал жобалары жүзеге асырылған.

Сонымен қатар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қолға алынған. «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама аясында өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген.

Жыл бойы 42 ірі профилактикалық және ақпараттық іс-шара өткізу жоспарланса, оның бір бөлігі қазірдің өзінде жүзеге асырылған. Жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 42 мыңнан астам материал жарияланған.

Сондай-ақ облыс аумағында заңдылық қағидаттарын насихаттау үшін 72 билборд, 24 баннер және 20 LED экран орнатылған. Қонаев қаласындағы тұрғын үй кешендерінде 700-ге жуық ақпараттық жадынама орналастырылған.

Комиссия отырысында Іле ауданында атқарылып жатқан жұмыстар да қаралды. Ауданда тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тоғыз іс-шара өткізіліп, жүздеген ақпараттық материал таратылған.

Ішкі талдау нәтижесінде ауданның бірнеше бөлімінде алты сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдануда.

Жиын қорытындысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысының алдын алу және ішкі талдау сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 22:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see197

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see175

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see171

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see164

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see161

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see150

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see147

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see146

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see145

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see136

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see135

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see132

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see128

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see121

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see121

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see117

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see113

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see113

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see109

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары