Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Алматы орталығына кімдерге тексерусіз кіруге рұқсат етіледі жобаның егжей тегжейі

Алматы орталығына кімдерге тексерусіз кіруге рұқсат етіледі жобаның егжей тегжейі

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алматыда электрмобильдер LEZ аймағында зиян шығарындылар бойынша техникалық тексеруден өтпейді. Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

LEZ аймағы туралы нені білу керек?

Қазақстандағы алғашқы төмен шығарындылар аймағы (LEZ) 28 сәуірде Алматының орталығында - Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікке, Абай даңғылынан солтүстікке, Желтоқсан көшесінен шығысқа және Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан шаршыда пилоттық режимде іске қосылды.

Жүйе операторы - "Алматы паркинг".

Анықтама: LEZ (Low Emission Zone) – зиян шығарындылар деңгейі төмен аймақ. Жоба Алматыдағы ауа сапасын жақсарту мақсатында қолға алынды. Қазіргі уақытта ол 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін пилоттық режимде жұмыс істейді.

Осы уақытқа дейін ешқандай айыппұл, шектеу немесе кіру ақысы қарастырылмаған. Алдағы шешімдер пилоттық жоба қорытындысы бойынша қабылданады.

Электрмобильдер тексеруден босатылды

"Алматы паркинг" өкілдері редакцияның сауалына берген жауабында аймаққа кіру кезінде қандай автокөліктер экологиялық тексеруден өтпейтінін хабарлады.

"Электр қуатымен жүретін барлық автокөлік құралдары техникалық тексеруден босатылды. Өйткені олардан келетін ластану жоқ", – деп хабарлады "Алматы паркинг" өкілдері.

Анықтама: Компания бұл жеңілдіктің гибридті автомобильдерге қатыстылығын нақтыламады.

Қалған көліктер LEZ аймағына кіру үшін ҚР СТ 1433-2023 стандартына сәйкестігін растайтын техникалық тексеруден өтуі қажет.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ІІМ ауқымды тексерістер қорытындысын жариялады: мыңдаған шенеунік жазаланды

Бүгін 08:57 2

"LEZ-ге тіркелу қарастырылмаған. Жүйе автоматты түрде жұмыс істейді. Камералар арқылы LEZ аймағына кіріп-шыққан көліктер тіркеледі. Бұдан бөлек, әр машинаның техникалық тексеруден өтуі және ауаны ластау деңгейі бақыланады", – деп түсіндірді компаниядағылар.

Нақты не тексеріледі?

"Алматы паркинг" мәліметінше, техникалық тексеруден өту кезіндегі басты шарт – ҚР СТ 1433-2023 стандартына сәйкес рұқсат етілген шекті деңгейден аспау.

ҚР СТ 1433-2023 стандарты бойынша бензин және газбен жүретін көліктердің түтініндегі көміртек тотығы (CO) мен көмірсутек (CH) шығарындылары тексеріледі.

Дизельді көліктерде мыналар тексеріледі:

түтіндеу деңгейі, күйе сүзгісінің болуы, Selective Catalytic Reduction (SCR) жүйесінің жұмысы, температура, пайдаланылған газдар, NOx және басқа да экологиялық компоненттер датчиктерінің жарамдылығы.

Анықтама: Түтіндеу деңгейі - пайдаланылған газдар бағанасы арқылы өтетін жарық ағынының жұтылу дәрежесін сипаттайтын нормаланатын көрсеткіш. Ол отынның толық жанбауынан және қозғалтқыш цилиндрлерінде майдың булануынан пайда болады. Оны өлшеу үшін түтін өлшегіш құрылғы қолданылады.

Тәртіп бұзу дерегі камералар арқылы тіркеледі – жүйе мемлекеттік тіркеу нөмірін оқып, автокөліктің техникалық тексеруден өткен-өтпегенін және оның нәтижелерін автоматты түрде тексереді.

Фото: Алматы әкімдігі

Тексеру құны қанша және ол қанша уақытқа жарамды?

Оператор өкілдері экологиялық тексеру үшін бөлек ақы төлеудің қажеті болмайтынын айтты.

"Техникалық тексеруден өту құны техникалық байқау құнының ішіне кіреді. Бөлек немесе қосымша ақы қарастырылмаған, міндетті техникалық байқаудың стандартты нарықтық бағалары қолданылады", – деп түсіндірді компания өкілдері.

Бұл ретте нәтижелердің жарамдылық мерзімі техникалық байқау мерзімімен сәйкес келеді – бір жыл.

Тексеруден қайда өтуге болады?

Сонымен қатар экологиялық тексеруден нақты қай жерде өтуге болатынын және Алматы мен Алматы облысында мұндай қанша станция жұмыс істейтінін операторлар хабарламады.

"Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған техникалық байқау станцияларымен интеграциялау процесі жүріп жатыр. Процесс дайын болған соң қосымша хабарлаймыз. Станциялар туралы ақпарат жұмыс аяқталған соң біздің сайтымызда жарияланады", – деді компаниядағылар.

Жеңілдіктер бола ма?

Оператор-компания аймақ тұрғындары, мүгедектігі бар жандар, зейнеткерлер, сондай-ақ такси мен каршеринг үшін жеңілдіктер қарастырылмағанын мәлімдеді.

"Ереже бәріне ортақ және Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 272 кезектен тыс сессиясының шешімімен бекітілген", – деп хабарлады компания.

Сонымен қатар оператор атмосфералық ауаны қорғау ережелерін әзірлеу кезінде ықтимал әлеуметтік және экономикалық салдарлар ескерілгенін нақтылады. Қосымша шектеу шаралары қабылданған жағдайда, халық пен бизнесті қолдау тетіктерін, соның ішінде автопаркті жаңарту бағдарламаларын және басқа да өтемақы шараларын қарастыру жоспарланған. Бұл ретте басты міндет – тұрғындар мен кәсіпкерлерге айтарлықтай қосымша жүктеме түсірмей, экологиялық тиімділікке қол жеткізу.

Фото: Алматы әкімдігі

Ақылы кіру және аймақ кеңейе ме?

Кіру ақысын енгізу мүмкіндігі мен LEZ аймағын кеңейту туралы сұрақтарға қатысты "Алматы паркинг" кәсіпорнында бәрі пилоттық жобаның қорытындысы бойынша ғана шешілетінін хабарлады.

"Халықаралық тәжірибеде кіру ақысы қолданылады. Дегенмен ол бізде қолданыла ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Бұл мәселе пилоттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша қарастырылады", – деп хабарлады компания.

Жоба кімнің есебінен жүзеге асырылып жатыр

Оператор LEZ жобасына бюджет қаражаты тартылмағанын мәлімдеді.

"LEZ операторы болып "Алматы паркинг" ШЖҚ МКК белгіленді. Барлық шығын меншікті қаражат есебінен өтелді. Бюджеттен қосымша қаражат бөлінген жоқ", – деп хабарлады компания.

Жоба хронологиясы

2025 жылғы 30 желтоқсанда Алматы мәслихаты "Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын" бекітті. Құжат төрт бағытты қамтиды:

автомобиль көлігіне қойылатын арнайы экологиялық талаптар; III санаттағы стационарлық нысандарға қойылатын арнайы экологиялық талаптар; мониторинг жүргізу және заңбұзушылықтарды анықтау; шығарындылар деңгейі төмен аймақты (Low Emission Zone, LEZ) ұйымдастыру.

Бұған дейін қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев LEZ аймақтарында тек экологиялық нормаларға сәйкес келетін автомобильдер ғана жүре алатынын (Евро-5-тен төмен емес деп көрсетілген болатын) айтқан болатын. Заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бұл ретте Сматлаев 2026 жылы Алматыға ақылы кіру енгізілмейтініне сендірді. Бұл норманы енгізу үшін Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу қажет.

Бұл ретте аймақ шекарасында блокбекеттер мен шлагбаумдар болмайды. Көлік кірген кезде иесіне SMS-хабарлама жіберу жоспарланған, ал ақысы төленбегені үшін кейінірек айыппұл салынуы мүмкін, оның мөлшері әлі бекітілген жоқ.

Редакция оқиғаны бақылап отыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 21:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары