Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлыбритания Ормуз бұғазына әскери кеме жіберді Reuters

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Жүрек ұстамасы қаупін екі есе арттыратын әдет аталды

Иран билігі Моджтаба Хаменеидің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

Бәйтеректің алдында бейәдеп суретке түскен студент 5 тәулікке қамалды

Ақтөбе жеңді, Қайрат тең түсті: ҚПЛ тоғызыншы туры өтті

Астанада бір аптада ауа райы қандай болатыны белгілі болды

11 мамырдағы теңге бағамы қандай?

3 жылға сотталуы мүмкін: ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге қатаң ескерту жасады

Төлеутай Рахымбеков Ауыл партиясынан шықты

Ерлан Қарин Қытай Медиакорпорациясының басшысымен кездесті

Талдықорғанда көлік жол жөндеушілер қазған шұңқырға түсіп кетті

АҚШ та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті

Президенттің алдағы аптадағы жұмыс жоспары белгілі болды

Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға Құрмет ордені табысталды

Жантүршігерлік жол көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды

Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды

Тоқаев үкіметке отандық тауар өндірушілерді қолдауды тапсырды

Министрлік Түркияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық әйел жайында жауап берді

Каспийде қатты жел теңіз ортасына алып кеткен ер адам құтқарылды

Альпинизм мен тау туризмін нағыз өмір мектебі деп атауға болады Қасым Жомарт Тоқаев

Альпинизм мен тау туризмін нағыз өмір мектебі деп атауға болады Қасым Жомарт Тоқаев

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Тихоновичтің асыл қасиеттері мен адамдарға, әсіресе, альпинистерге деген шынайы қамқорлығын жоғары бағалады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– «Адам өмірі ең жоғары спорттық жетістіктерден құнды» деген теңеуіңіз альпинистер арасында қанатты сөзге айналып кетті. «Альпинизм – адам мен табиғат арасындағы шахмат ойыны» деп дәл айтқансыз. К2 (Чогори) шыңын бетке алған командаңыздың алай-түлей боранға тап болғаны мәлім. Сол сәтте шыңның ұшар басына қол созым жер қалғанына қарамастан, кері қайттыңыз. Мұндай шешім қабылдау оңай емес. Осыдан-ақ дана, мейірбан жан екеніңізді аңғарамыз. Жетістік пен жеңіске ешқашан масаттанған емессіз. Бәріне белгілі, үйреншікті бағыттармен жүргенде де сақтықты ұмытпадыңыз. Кез келген жорыққа осылай тыңғылықты дайындалу даңқты альпинист, спортшы, тәлімгер ретінде сіздің «төлқұжатыңызға» айналды, – деді Мемлекет басшысы. 

Президент елімізде альпинизмді насихаттауда Ерванд Ильинскийдің орасан жұмыс атқарғанын атап өтті. 

– Асқар шыңдарға құштарлық, тауға шығу – әуестік қана емес, қоршаған ортаны қастерлеп, ластамауға үндейтін айрықша экологиялық өмір салты. Жаңа Конституцияда көрініс тапқан табиғатты аялау, экологиялық мәдениет және тазалық қағидаттары ұлттық болмысымызбен біте қайнасып кетуге тиіс. Тау табандылыққа, тәртіп пен жанашырлыққа үйретеді. Биікке көтерілген адам рухтанады. Дәл осы себепті альпинизм мен тау туризмін нағыз өмір мектебі деп атауға болады. Ол мықтыларды шыңдайды, өз ортаңда жауапты болуға баулиды. Бұл мәдени әрі психологиялық феноменді барынша қолдап, оны жастар тәрбиесінде пайдалануымыз керек. Үкіметтің, салалық министрліктің алдында альпинизмді спорт және заманауи тау туризмінің бір түрі ретінде жан-жақты дәріптеу міндеті тұр. Мемлекет пен демеушілердің қаржысын тарта отырып, нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу қажет. Мемлекет бұл өзекті міндетті шешуді қолға алады, оған тиісті назар аударылады, – деді ол. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Тихоновичтің ғұмыр жолын жасампаз патриотизмнің, айрықша жанқиярлық пен аса жоғары кәсібиліктің жарқын үлгісі деп санайды.

– Жастар табанды әрі өнімді еңбек әрдайым лайықты бағасын алатынын көруге тиіс. Табыстың оңай келмейтінін түсінгені жөн. Еңбек – бәрін жеңбек. Мейлі, спортта, бизнесте, білімде, ғылымда, далалық жұмыста не зауытта болсын, өз ісіне шын берілген, көздеген мақсаты айқын адамдар өмірлік мұратына жетеді. Құрметті Ерванд Тихонович Ильинский сияқты азаматтар – қоғамның тірегі, ерлік пен еңбекқорлықтың, төзімділіктің жарқын үлгісі. Сондықтан мен сізге альпинизмдегі аса үздік жетістіктеріңіз, сондай-ақ ел спортының дамуына қосқан елеулі үлесіңіз және белсенді қоғамдық қызметіңіз үшін жоғары ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Бүгін осы награданы өзіңізге зор құрметпен тапсырамын. Ерванд Тихонович, сізге мықты денсаулық, бақ-береке, мол табыс тілеймін! Альпинистер арасында «Өзіңізді сақтаңыз!» деген сөз жиі айтылады. Сізге және жаныңызда жүріп, серік болған шәкірттеріңізге осы тілекті арнағым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ерванд Ильинский атқарған қызметіне жоғары баға беріп, отандық альпинизмге айрықша көңіл бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Мұны Қазақстан альпинистер қауымы жеткен жетістіктердің мемлекет деңгейінде танылуы деп түсінемін. Шын мәнінде, біздің табысымызды шетелдік альпинистер де мойындайды. Осыған куә болғаныма қуаныштымын, – деді ұлттық құраманың тәлімгері.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 14:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлыбритания Ормуз бұғазына әскери кеме жіберді Reuters

09 Мамыр 2026 22:34see117

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

10 Мамыр 2026 14:05see111

Жүрек ұстамасы қаупін екі есе арттыратын әдет аталды

10 Мамыр 2026 10:01see111

Иран билігі Моджтаба Хаменеидің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

10 Мамыр 2026 16:03see108

Бәйтеректің алдында бейәдеп суретке түскен студент 5 тәулікке қамалды

10 Мамыр 2026 09:56see108

Ақтөбе жеңді, Қайрат тең түсті: ҚПЛ тоғызыншы туры өтті

10 Мамыр 2026 20:44see107

Астанада бір аптада ауа райы қандай болатыны белгілі болды

11 Мамыр 2026 11:15see106

11 мамырдағы теңге бағамы қандай?

11 Мамыр 2026 09:58see105

3 жылға сотталуы мүмкін: ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге қатаң ескерту жасады

10 Мамыр 2026 16:51see105

Төлеутай Рахымбеков Ауыл партиясынан шықты

11 Мамыр 2026 12:57see105

Ерлан Қарин Қытай Медиакорпорациясының басшысымен кездесті

11 Мамыр 2026 15:17see102

Талдықорғанда көлік жол жөндеушілер қазған шұңқырға түсіп кетті

10 Мамыр 2026 11:37see100

АҚШ та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті

10 Мамыр 2026 10:35see100

Президенттің алдағы аптадағы жұмыс жоспары белгілі болды

10 Мамыр 2026 18:52see98

Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға Құрмет ордені табысталды

09 Мамыр 2026 22:52see97

Жантүршігерлік жол көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды

11 Мамыр 2026 16:01see97

Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды

10 Мамыр 2026 10:35see96

Тоқаев үкіметке отандық тауар өндірушілерді қолдауды тапсырды

11 Мамыр 2026 12:33see94

Министрлік Түркияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық әйел жайында жауап берді

11 Мамыр 2026 11:15see94

Каспийде қатты жел теңіз ортасына алып кеткен ер адам құтқарылды

11 Мамыр 2026 13:03see92
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары