Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлыбританияда алапат дауыл соқты

Әнші Айдана Меденованың хиджабсыз ән айтқаны желіде қызу талқыға түсті

Қайрат Нефтчиден ойсырай ұтылды

Еркебұлан Тоқтар жанкүйерлеріне ерекше жаңалық айтып қуантты

Данияда Гренландия туына сұраныс артты

Павлодар облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Елу жолаушы мінген автобус жол апатына түсті

Сәбіз экспортына шектеу қойылуы мүмкін

Грузияда Қазақстанда соғылған коллекциялық монета таныстырылды

Шымкентте жас қыз кісі қолынан қаза тапты полиция оның танысын іздеп жатыр

1 сәуірге дейін салық берешегін айыппұлсыз өтеуге болады

Бельгияның жоғарғы оқу орындарымен байланыс артып келеді

Жаңа кодекс бойынша кәсіпкерлер салықты қалай төлейді

Жараланғандар тым көп: Иран дәрігерлері наразылықтарға байланысты дабыл қақты

Ирандағы наразылық акциясы: қақтығыс жалғасып жатыр

Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады

Сұлы жармасының пайдасы: күнде жесеңіз, ағзаңыз қалай өзгереді?

Екібастұздағы жантүршігерлік қылмыс: әйел пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды

Өндірушілер Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі тиіс

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Алтай, Тарбағатай және Іле күй өнері ескі сарынды сақтаған көне мектеп

Алтай, Тарбағатай және Іле күй өнері ескі сарынды сақтаған көне мектеп

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өткен жылдың соңында еліміздің күй қоры шетелдегі қазақтар арасында сақталған қомақты қазынамен толықты. Астанада еліміздің әр түкпірінен жиналған 18 күйші бас қосты. Олардың бәрі – шетелден көшіп келген қандастар. Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтары күй өнері мектебі негізіндегі 160-тан астам күйді Қазақ радиосы алтын қорына жазып алса, «Абай» телеарнасы күй өнерін насихаттауға арналған «Қос алқа» бағдарламасының үш бөлімін осы үш өңірдің күйлеріне арнады.

Көне сарын біз үшін қымбат

Көп жылдан бері қазақ халқының мұрасын, ұлттық өнерді насихаттап келе жатқан күйші, «Құрмет» орденінің иегері Сәрсенғали Жүзбай Қазақ радиосының алтын қоры таптырмас құнды мұрамен толыққанын айтты.

– Біз білмейтін, сіз білмейтін күйлердің үлгілерін осы жолы жазып алдық. Өнері атадан балаға жалғасқан дәулескер күйшілер жиналыпты. Жастар да, жасы 80-нен асқан қариялар да бар. Алды 30-дан астам күй тартса, жастардың өзі 5–6 күйден шертіп берді. Осылайша қазақтың күй қорын қомақты қазынамен толықтырды. Бұл кісілердің шертісінде үлкен дәстүр жатыр. Олардың қай-қайсысы да кейінгі ұрпаққа үлгі болатын күйшілер. Барлығының қасына шәкірт қосып тәрбиелесе, осы күйшілік дәстүр кейінге жалғанар еді. Бұл шараның тағы бір тарихи маңызы – екі ғасырдың куәсі болған Долда Кенешұлы секілді қазыналы қарттарымыз білген-түйгенін айтып, біздің алтын қорымызға қалдырып жатыр. Әсіресе күйлердің тарихына, нұсқаларына қатысты біз білмейтін көптеген деректі жақсы білетіні байқалды, – дейді күйші.

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы

Ол сонымен бірге Алтай, Тарбағатай және Іле өңірлеріндегі күйшілер мектебінің өзіндік ерекшеліктері туралы айтып берді.

– Баса айтатын өзгеше ерекшеліктердің бірі – теріс бұраудағы сыбызғы мен домбыра үндескен ескі заман күйлері. Бұл күйлер сұңқылдап тартылады, үстіңгі ішек боздап қосылып отырады. Бұл тартыс осы өңірлерге тән өзгеше сарындар. Екінші ерекшелігі – шертудегі әдіс-тәсілдер. Сұқ саусақпен іліп қағатын ілме қағыстар және бірыңғай ілме қағыстар бар. Кейде бірыңғай төмен қағатын қағыстар кездеседі. Бұл еліміздің Арқа, Қаратау, Жетісу күйлерінде кездеспейді. Бізде алма-кезек шертістер, көсіп тарту, желдірме күйлер бар. Ал бұл күйлерде осындай көнеден келе жатқан сарындар сақталған. Оң бұрауда тартылатын көне күйлер. Біз жазып алған күйлердің көбі халық күйлері. Көне сарын біз үшін қымбат. Бұл күйлерді уақытымызды бөліп, тыңдаймыз, саралаймыз. Сұрыптап алған соң сапасын реттеп, техникалық жақтан тазалап, эфир арқылы халыққа жеткіземіз және Қазақ радиосының алтын қорына сақтаймыз, – дейді Сәрсенғали Жүзбай.

Іс-шараны ұйымдастырып, күйшілердің басын қосқан Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің сыбызғышысы, композитор, ҚР мәдениет саласының үздігі Шығыс Махан осы жолы қоржынға қосылған 160-тан астам күй болғанымен, өзара сарындас, үндес болып келетін күйлерді қосып санағанда 218 күй шертілгенін айтады.

– Күйшілік атадан балаға қонады ғой. Дәл солай жеті атасынан күй шерткен әулеттерден келді. Жобаның негізгі мақсаты – арғы беттегі күйлерді сол жерде туып-өскен адамдардан арнайы жазып алу болды. Жалпы саны 218 күй тартылды. Көбінесе теріс бұрауда тартылатын бұл күйлер түрлі ырғақтық құбылулар мен әуездік үйлесімдерді сіңірген әрі қазақтың күй өнеріне келіп қосылған ерекше дүниелер, – дейді ол.

Фото: Ризабек Нүсіпбек

Алтай, Іле, Тарбағатай күй мектебінің зерттелуі қай деңгейде?

Танымал этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек бір сөзінде:

«Өте ертеде пайда болған көшпелілер өнері сан ғасырлар бойы ширығып-ширығып келіп, XIX ғасырда ғаламат титандарды тудырды. Олар – Біржан, Ақан, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей және тағы басқалар. Мәдениеттің бұлай жарылуы түрлі мектептерді пайда болдырды», – деген еді.

Ғалым ағамыздың пайымдауына қарағанда, қазақ өнерінің ірі бес мектебінің бірі – Алтай, Іле, Тарбағатай мектебі. Бұл мектеп уақыт өте келе аумағын кеңейтіп, Моңғолия мен Қытайға асты. Азиядағы көне мәдениет ошақтарымен шектесіп жатыр. Алайда Шығыс мектебіне жататын Алтай-Тарбағатайлық мектеп толық зерттелмей жатыр деп айтуға болады.

Бүгінгі өткенге қайта үңіліп, шынайы асылдарымызды іздей бастаған тұста көне сарынды берік ұстанып, оны орындаушылық, күйдің бейнелеу, суреттеу жақтарын жақсы дамыта білген Алтай-Тарбағатай күй мектебін ұмыт қалдыруға болмасы анық.

Тәуелсіздіктен кейінгі ұлттық болмысты іздеу, ұлттық мұраға қайта қайырылу үдерісі және екі ел арасындағы жанданған барыс-келістің нәтижесінде Қытайдағы қандастар арасында сақталған құнды мәдени мұраның елге там-тұмдап болса да жетуіне мүмкіндік туды.

Шыңжаңдағы қазақтар арасында жазылған, зерттелген осы тақырыптағы материалдар толық жетпегенімен, арғы беттегі қазақ мәдениетін білуге жасалған қадамдар шүкір дегізерлік. Оның бір дәлелі – «Қазақтың 1000 күйі» топтамасына Шығыс күйлері қатарында Алтай-Тарбағатайда сақталған, жиналған күйлердің енуі.

Соңғы кездердегі жан-жақты болмаса да, мүмкіндігінше қарастырылып жатқан зерттеу еңбектері бар. Зерттеу материалдарынан Мұрат Әбуғазының «Шығыстың шыңырау күйлері» кітабына Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебінің біршама өкілдері енгізіліп, күйлері күй аңыздарымен қоса берілген. Сондай-ақ жалпы Шығыс және шерпе күй өнері туралы жазылған Ақселеу Сейдімбек, Мұхтар Мағауин, Жанғали Жүзбай, Таласбек Әсемқұлов шығармаларындағы Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебі туралы санаулы пайымдар, жас күйші Ардаби Мәуліттің шағын мақалалары да бұл мектеп туралы біршама ақпарат береді. Жақында жарық көрген жазушы Есбол Нұрахметтің «Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебі» атты зерттеу мақаласында осы мектептің жеткізушілері мен олардың артықшылықтары, жаңалықтары туралы тереңірек тоқталады.

Осы өңірлер тудырған жауһар өнерді, сол елдегі қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін және байырғы домбыра мен сыбызғы күйлерін жинаумен айналысқан тұлғалардың бірі – Долда Кенешұлы. Қоржынында қомақты қазына бар фольклор зерттеуші ағамыз ата жұртқа көшіп келген соң жинап-терген дүниесін қазақ өнерінің қара шаңырағына беріп келеді. 2008 жылы Долда Кенешұлының төрт бірдей құнды жинағы оқырманға жол тартқан болатын. Бұл туындылар қатарында халықтың тұрмыс-салт жырлары мен қара өлең нұсқалары, қалың қазаққа бейтаныс сыбызғы күйлері топтастырылған. Жеке өзі бір кітап болған сыбызғы күйлерінің саны – 121. Бұл жаңалық бұған дейін «бар-жоғы 31 ғана сыбызғы күйі бар» деп келген өнертанушыларды қуантқан еді.

Кейін зерттеушінің «Алтай-Тарбағатай өңірінің халық әндері» жинағына аталмыш өңірдің 225 халық әні енгізілді. Ғалымның тағы бір құнды еңбегі – «Алтай-Тарбағатай өңірінің домбыра күйлері» деп аталатын екі томдық. Қазақта негізінен шертпе және төкпе күйлер дейтін екі үлкен мектеп бар. «Шертпе» ұғымы қимылды білдірсе, «төкпе» атауы көңіл күйге қатысты деген де пікірлер айтылады. Қос кітаптағы күйлердің барлығы – шығыстың шертпе күйлері. Туындылардың бір томында 173 күй нотасымен берілсе, екіншісіне 179 күй қамтылған.

Сексеннің сеңгіріне шықса да, жиған-терген дүниелерін ұлттық рухани қазынаға қоссам деп жүрген Долда Кенешұлы Астанаға арнайы келіп, Қазақ радиосының алтын қорына күйлерін тартып берді.

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы

– Әуелі Елімздің Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Тәуелсіздіктің арқасында елімізге көшкен елмен бірге біздің мәдениетіміз, әншілік өнеріміз, күйшілік өнеріміз там-тұмдап келіп жатыр. Арналар арқылы халыққа жетіп жатыр. Шыңжаңда Қазақ елімен шекаралас үш аймақ бар. Сол үш аймақтың күйшілік өнерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Алтай өңіріндегі күйшілік мектептің басты өкілдері – Бейсенбі Дөненбайұлы, Мүкей Әбілқайырұлы бастаған күйшілер. Солардың ізін жалғастырған Қайыр Белгібайұлы, Дәулет Халықұлы секілді күйшілер болды. Тарбағатай өңірінде Қайрақпай Шалекенұлы, Бейіспай, Жұмажан, Кәсімбай Құсайынұлы, Қизат Сейтқазыұлы қатарлы күйшілер өзіндік әуен-сарындарымен, қолтаңбасымен күйшілік мектеп қалыптастырды. Іле өңірінде Қоңқай Шоқырақұлы, Қожеке Назарұлы, одан бері Әшім Дүмшеұлы секілді күйшілер өз ерекшеліктерімен Іле өңірінің мектебін қалыптастырды. Осы үш аймақтың күйлерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Алтай өңірінің күйлері көбіне теріс бұраумен келеді, сыбызғы күйлеріне жақын. Шеттегі қазақтардың басынан қаншама қиын замандар өтті. Бұл күйлер – сол тарихтың куәсі, туындысы секілді бүгінгі күнге жетті. Әлі де халық қойнауында сақталған өнер қазақ еліндегі үлкен арнасына бұлақ болып қосылады деп ойлаймын, – дейді Долда Кенешұлы.

Алтай, Іле, Тарбағатай күйшілік мектебі қалай қалыптасты

Қытайда құрылған Алтай, Іле, Тарбағатай күйшілік мектебінің алғашқы түлектерінің бірі – күйші-композитор Аршын Кәсімбайұлы. Ол осы үш өңірлік күй мектебінің қалыптасуына негіз болған XIX ғасырда өмір сүрген төрт ірі тұлғаның күйлерінен үзінділер орындап, ерекшеліктеріне тоқталды.

– Шыңжаң қазақтарының күй мектебі XIX ғасырдағы Бейсенбі Дөненбайұлы, Қайрақбай Шалекенұлы, Қожеке Назарұлы, Әшім Дүңшеұлы секілді төрт тұлғадан басталады. Осы төрт тұлғаның күй мектебін біріктіре отырып, 1986 жылы Іле-Қазақ автономиялы өлкесінде «Күйтүн» көркемөнер мектебі құрылды. Осы орталықта Алтай, Іле, Тарбағатай күй мектептері жүйелі түрде оқытыла бастады. Дәулет Халықұлы, Баяқын Әлімбек және Жұмалық Жақыпбек секілді күйшілер бірігіп, «Күй қайнары» деген кітапты басып шығарды. Бұл кітап Қытайдағы алғашқы күй мектебінің оқулығы болды. Осы күй мектебінің алғашқы түлектерінің бірі – менмін. Бұл өнер ордасы күні бүгінге дейін жұмыс істеп келеді. Сондықтан Алтай, Іле, Тарбағатай күй мектебі – өзіндік қолтаңбасы, орны, ерекшелігі бар үлкен мектеп. Алтай мен Тарбағатайды Шығыс күй мектебіне қосып, Ілені Жетісу күй мектебімен біріктіріп қарастырудың қажеті жоқ, – дейді күйші.

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы

Күй тарихы қаншалықты әріде болса, Алтай, Іле, Тарбағатай күйлерінің тамыры да соншалықты тереңде жатыр. Олай дейтініміз, бүгінде белгілі ең ескі, көне күй сарындары осы күйшілік мектепке жатады. Ең көне музыкалық аспап – сыбызғы екені мәлім. Алтай-Тарбағатай күйлері де ең көнеден тамыр тартқандықтан, сыбызғы әуені домбыра күйлерінде ілесе жүреді. Тағы бір ерекшелігі – сол өңірдің әндері секілді белгілі бір баяу, жұмсақ ырғақтардың молдығы. Мұны күйді кәдімгі сөз қолданғандай пайдалануға ұмтылыс деп білеміз. Бұл үрдіс көпшілік күйлерде көрініс тапқан. Бұған байланысты әртүрлі күй аңыздары мен сол күйлердің өзі дәлел бола алады.

Бұл шағын мақаламызда тарихы терең, мәдени мұрасы бай үш аймақтың күй мектебі туралы толық тарқатып жеткізе алмайтынымыз ақиқат. Ондағы әрбір күйші, әрбір күйдің тарихының өзінде бір-бір зерттеу мақаласына арқау боларлық бай мазмұн бар. Қысқаша айтқанда, Алтай, Іле, Тарбағатай күйлері бағзы ғасырлардан жалғасқан дәстүрлі күй өнерін негіз ете отырып дамып, жасаған ортасына, кешкен тағдырына байланысты терең тұңғиықтардан сыр шертіп, өзіне ғана тән аймақтық ерекшелікке ие күйшілік дәстүрді қалыптастыру арқылы ұлтымыздың мәдени қоржынына мол олжа сала білді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қаңтар 2026 11:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлыбританияда алапат дауыл соқты

10 Қаңтар 2026 13:55see115

Әнші Айдана Меденованың хиджабсыз ән айтқаны желіде қызу талқыға түсті

10 Қаңтар 2026 18:13see113

Қайрат Нефтчиден ойсырай ұтылды

10 Қаңтар 2026 14:06see112

Еркебұлан Тоқтар жанкүйерлеріне ерекше жаңалық айтып қуантты

10 Қаңтар 2026 18:40see110

Данияда Гренландия туына сұраныс артты

11 Қаңтар 2026 09:38see107

Павлодар облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

12 Қаңтар 2026 09:31see106

Елу жолаушы мінген автобус жол апатына түсті

12 Қаңтар 2026 11:06see105

Сәбіз экспортына шектеу қойылуы мүмкін

10 Қаңтар 2026 18:11see105

Грузияда Қазақстанда соғылған коллекциялық монета таныстырылды

12 Қаңтар 2026 09:46see105

Шымкентте жас қыз кісі қолынан қаза тапты полиция оның танысын іздеп жатыр

12 Қаңтар 2026 10:51see105

1 сәуірге дейін салық берешегін айыппұлсыз өтеуге болады

10 Қаңтар 2026 16:03see104

Бельгияның жоғарғы оқу орындарымен байланыс артып келеді

11 Қаңтар 2026 18:36see104

Жаңа кодекс бойынша кәсіпкерлер салықты қалай төлейді

11 Қаңтар 2026 16:11see104

Жараланғандар тым көп: Иран дәрігерлері наразылықтарға байланысты дабыл қақты

11 Қаңтар 2026 14:39see103

Ирандағы наразылық акциясы: қақтығыс жалғасып жатыр

11 Қаңтар 2026 01:50see103

Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады

12 Қаңтар 2026 11:58see103

Сұлы жармасының пайдасы: күнде жесеңіз, ағзаңыз қалай өзгереді?

11 Қаңтар 2026 12:57see103

Екібастұздағы жантүршігерлік қылмыс: әйел пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды

10 Қаңтар 2026 15:12see101

Өндірушілер Қазақстандық тауар өндірушілер реестрінде тіркелуі тиіс

10 Қаңтар 2026 15:52see101

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

10 Қаңтар 2026 14:44see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары