Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Алты тіл білетін полиглот Өскеменде кітапханашы болып жұмыс істеп жүр

Алты тіл білетін полиглот Өскеменде кітапханашы болып жұмыс істеп жүр

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алмас Асқарұлы Ақтаудың тумасы. Бала күнінде ғарышкер болуды армандаған. Тарихқа да қызығушылығы ерекше. 

— Кішкентай күнімде археолог та болсам дейтінмін. Жалпы, жақындарымның арасында менен өзге көп тіл білетіндері жоқ деп ойлаймын. Дей тұрғанмен әр қазақстандық кем дегенде екі тіл біледі. Ал ата-анам Кеңес үкіметі кезінде Түрікменстанда дүниеге келген. Анам түрікмен тілін әжептәуір біледі, — дейді Алмас.

Фото: Алмас Асқарұлының жеке мұрағатынан

Полиглот кітапханашы бүгінде Өскемендегі Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Екі шет тілі» мамандығы бойынша соңғы курста оқып жатыр. Биыл дипломын алады. 
Оның айтуынша, жұмысқа да ерте араласқан. Кәмелет жасқа толған соң Ақтау қаласында құтқарушы болып алғаш жұмысқа тұрды. Өмірлік тәжірибені сол жерде жүріп жинаған.

— Шығыс Қазақстанға 2022 жылдың қыркүйегінде келдім. Жалпы, ең алғаш түркі тілдерін үйрендім. Өзіндік қиындығы және оны үйренудің тиімді тұстары да жоқ емес. Әлемде 20-ға тарта түркі тілі бар, — дейді кейіпкеріміз.

Фото: Алмас Асқарұлының жеке мұрағатынан

Бала кезінде ата-анасымен Түрікменстанға жиі барып тұрыпты. Сол халықтың арасында жүргендіктен бе, тілді үйрену кезінде аса бір қинала қоймаған. 

— Керісінше, өте қызық болды. Бүгінде түрікменше емін-еркін сөйлеймін дей аламын. Негізінде көп тіл білудегі нақты бір мақсат жоқ менде. Оны былайша сипаттап көрейін: әр халықты жақсы танып-білу үшін оның ана тілінде сөйлеу керемет әдіс. Тіл үйренудің түрлі тәсілі бар. Бірақ әр адамның қабылдау өресі мен икемі бөлек, — дейді Алмас.

Шынымен де, бірінің қолданған амалы басқасына өтпейді. Кейіпкеріміз берген кеңеске сүйенсек, қай тілді үйренгің келеді, өзіңді сол тілмен қоршау керек. Қалайша? Соған саятын видео, контенттер көріп, барынша сол тілде ойлауға тырысқан жөн. Адамның жан-дүниесі сонымен үнемі байланысып тұруы тиіс. 

— Осы уақытта алты тіл білемін. Олар: қазақ, ағылшын, түрік, әзербайжан, түрікмен және орыс тілдері. Бұдан бөлек, Ақтауда жүргенде парсы тілін көп-көрім үйреніп қалдым. Ираннан көшіп келген қандасымыз үйреткен еді. Алыс ағайыным десек те болады. Бүгінде парсы тілінде жаза аламын, оқи аламын және аздап А1, А2 деңгейде сұхбаттаса аламын. Украин тілінде жақсы сөйлеймін, — деді Алмас.

Кейіпкеріміздің ойынша, кез келген адам қандай да бір славян тілін білсе, ары кетсе жарты жыл ішінде украин тілінде сөйлеп кетеді.

Фото: Алмас Асқарұлының жеке мұрағатынан

Алмас Асқарұлы 2024 жылы Әзербайжанға алғаш рет барған. Оған дейін жергілікті халық сөзін аз-маз түсінгенімен, тереңіне бойлау қиындау болыпты. 

— Әзербайжан тілі түркі тіліне біршама ұқсайды. Егер қазақ тілі немесе қандай да бір түркі тілін білсеңіз, әзербайжан жұртымен жылдам ұғынысып кетесіз. Ол жақтың халқы көбінесе өз ана тілінде, кейбірі ағылшынша сөйлейді. Сол ортада бір апта жүргендіктен бе, әзербайжан тілін тез үйреніп кеткеніме өзім де таңқалдым. Бір қарасам, жергілікті тұрғынға ойымды қаз-қалпы жеткізіп тұр екенмін, — дейді Алмас.

Қазір ол Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада жұмыс істейді. Түрлі видеолар түсіреді, оқырманды мекеме жұмысымен таныстырады. Руханият ордасында алдағы уақытта шетелдік кітаптарды қазақ тіліне немесе қазақ тіліндегі еңбектерді өзге тілдерге аудару жағы қарастырылуда. Алмас та бұған өз үлесін қосуға әзір.

Фото: Алмас Асқарұлының жеке мұрағатынан

Сөз арасында кейіпкерімізден «Өзге тілдерді меңгергенде қазақ тілін ұмытыңқырап қалған жоқ па?» деп сұрадық. Алмас бұған кідірместен жауап берді.

— Kazakh Grammar парақшасында «Өзге тілді құрметте, өз тіліңді біл» деп жазылған. Адам баласы өз ұлтын сүйіп, сол тілде ғана сөйлеу арқылы оны алтын қазық қылып бекітеді. Бабаларымыз «Тілі құрыған елдің өзі де құриды» деп босқа айтпаған. Өз басым өзге тілдерді үйрену арқылы қазақ тілін одан әрі терең меңгеру мүмкіндігіне ие болдым. Бір есептен басқа тілде таза сөйлеуге тырысу арқылы мемлекеттік тіл мәртебесін төмендетіп алмауға талпынасың, — деді Алмас Асқарұлы.

Полиглот кітапханашының отбасы мен жақындары Маңғыстау облысында тұрады. Батыс өңірінен Шығысқа мыңдаған шақырым жол жүріп келген жігіттің Өскеменде туысы жоқ болса да, өндірісті қаладағы өмірі біліммен, ізденіспен өріліп келеді. Қазіргі жетістігімен қоса, қытай тілін үйренуге ниетті. Себебі, оның қолданыс аясы әлем бойынша кеңейе түскен. Еуропалық тілдер де жоспарында бар. 2025 жылдың тамыз айында елордаға барып, «IFLA-2025» деп аталатын кітапханашылардың ғаламдық диалогына қатысқан. Онда аудармашы қызметін атқарып, шетелдіктерге Астананы көрсетті.

— Барынша дамыған елдердің тілін үйреніп, технологиясымен жақын танысқым келеді. Роман тіліне жататын испан, итальян, португал, онымен қоса неміс тілін меңгеруді күн тәртібіне қойдым. Парсы тілін үйрену арқылы арабша ұға бастадым, — деді үздіксіз ізденіс үстіндегі кейіпкеріміз.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та тұратын Камила Фарр есімді бойжеткен қазақ тілін 3 жылда онлайн үйреніп алғанын жазғанбыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қаңтар 2026 14:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары