Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Алжирде отаршылдыққа қарсы халықаралық конференция өтеді

Алжирде отаршылдыққа қарсы халықаралық конференция өтеді

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Африка Одағының 2025 жылға арналған тақырыбымен үндес маңызды тарихи қадам ретінде Алжир 2025 жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсанында Африкадағы отаршылдық қылмыстары жөніндегі халықаралық конференция өткізеді. Бұл іс-шара Африка Одағы Бас Ассамблеясының 903 (XXXVIII) қарарына сәйкес ұйымдастырылып, Алжирдің әділеттілік орнату, өтемақы мәселесін көтеру және Африка халықтарының тарихи жадын сақтауға деген берік ұстанымын көрсетеді.

Бұл конференция тарихи әділдік пен өтемақы мәселесін көтеру, дәстүрлі мәдени құндылықтарды қайтару және ортақ ұжымдық мұраны қорғау бағытында Африка үшін біртұтас ұстаным қалыптастыруды көздейді. Жиынға Африка құрлығы, Кариб аймағы және әлемнің өзге аумақтарынан үкімет басшылары, заңгерлер, тарихшылар, академиктер және түрлі ғылыми салалардағы сарапшылар бас қосады.

Іс-шараның басты нәтижесі ретінде «Алжир декларациясы» қабылданбақ. Бұл – Африка Одағының тарихи әділдік орнату және өтемақы талап ету жөніндегі стратегиясының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Декларация 2026 жылдың ақпанында өтетін Африка Одағы саммитінің қарауына және бекітуіне ұсынылады.

Алжир – империлизмге қарсы күресте мол тәжірибеге ие мемлекет. Ол Африканың түкпір-түкпірінде тарихи әділдік пен өтемақы талап етудің негізгі қозғаушы күшіне айналды. 1954 жылдан 1962 жылға дейін Алжир заманауи тарихтағы отаршылдықтың ең қатыгез кезеңін бастан өткерді. Отаршыл француз билігі жерді тәркілеп, халықты мәжбүрлеп жұмысқа жегіп, мәдени мұраны жойып, жаппай зорлық-зомбылық көрсетті. Атап айтқанда, олар Тәуелсіздік жолындағы соғыста азаматтарды азаптап, негізсіз өлім жазасына кесті, жерді жермен жексен етіп, қатігез тактикаларды қолданды. Ғалымдар мұны геноцид және адамзатқа қарсы бағытталған қылмыс деп таныды. Бұл қасіреттің салдары әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. 

Расында да, Алжирдің еркіндік жолындағы күресі Африка мен оңтүстік құрлықтың түкпір-түкпірінде отаршылдыққа қарсы әрекеттің символына айналды. Бүгінде Президент Абдельмаджид Теббунның басшылығымен Алжир бұл мұраны континенттік деңгейдегі іс-қимыл платформасына айналдыруға күш салуда. Конференцияға отаршылдықтың гуманитарлық, мәдени, экономикалық, экологиялық және құқықтық әсерлерін қарастыру мақсатында Африкадан, Кариб аймағынан және одан басқа өзге де аумақтардан министрлер, заңгерлер, тарихшылар және түрлі сала мамандары қатысады.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырған осы шара арқылы Алжир тарихи әділеттілікті орнатуға және отаршылдықтың ұзаққа созылған салдарын мойындау тұрғысынан құрлықтық және жаһандық көшбасшылық рөлін қайта бекітуді көздеп отыр. Сонымен қатар, бұл бастама Алжирдің ұлттық қадір-қасиетін, тарихи естелігі және әділеттілік құндылықтарына негізделген ортақ африкалық болмысты қалыптастырудағы рөлін айқындайды.

Алжирдің бұл бастамадағы көшбасшылығы символикалық ғана емес, Африкадағы басқару жүйесі шеңберінде тарихи әділдікті институционалды деңгейде жүзеге асыруға деген ауқымды амбициясын көрсететін маңызды мәнге ие. Сондай-ақ мұндай жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізу арқылы Алжир Африка халықтарының ұлттық қадір-қасиеті, тарихи мұрасы және құқығын қорғауға жауапты континенттік деңгейдегі қорғаушы екенін растайды.

XIX ғасырдың соңынан бастап Африканы еуропалық державалардың отарлауы құрлықтың дамуы мен өмір сүру салтын түбегейлі өзгертті. 1884–1885 жылдары өткен Берлин конференциясынан кейін Африкаға тиесілі жерлер империалистік державалар арасында бөлінді. Ал халық әскери басқыншылыққа, жерді тәркілеу мен мәжбүрлеп жұмысқа жегу сияқты қатегез әрекеттерге ұшырады. Африкалық қоғам мәдени мұраның жойылуы, табиғи ресурстарды өзгелердің пайдалануы және шекаралардың заңсыз бекітілуінен зардап шекті. Отаршылдықтың салдарлары – экономикалық теңсіздік, шекарадағы қақтығыстар және мәдени тепе-теңдіктің бұзылуы – әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қаншама ауқымды қарсылыққа қарамастан, Африка елдерінің көпшілігі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл кезеңнің естелігі тарихи әділдікті орнату және Африка құрлығына ортақ тепе-теңдікті қалыптастыру үшін әлі күнге дейін маңызды болып отыр.

Осман Михажи,

Алжир Халық Демократиялық Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 11:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see127

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары