Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
“AMANAT”: Білім саласына жасанды интеллект енгізілуде

“AMANAT”: Білім саласына жасанды интеллект енгізілуде

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жиынға Астана қаласының мектеп және колледж директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлар, сондай-ақ бір музыкалық мектептің басшылары қатысты. 

 “AMANAT” партиясы қолдауымен Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған шараға DarynOnline компаниясы негіз болды. 

Нәтижесінде “AMANAT” партиясы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігі біріккен «Ustazga AI» педагогтерге жасанды интеллектті оқу процесіне тиімді енгізу жобасы қолға алды. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады» деп атап айтқан болатын.

Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының Төрағасы Е. Ж. Қошанов биыл «Mұғалім Talks» кейс-платформасында мұғалімдерге арналған Daryn.ai платформасының іске қосылатынын сөз етті.

Жобаның басты мақсаты – мұғалімдерді жасанды интеллект технологияларын тиімді және жауапты қолдануға үйрету, олардың жұмыс жүктемесін азайтып, оқыту сапасын арттыру. Яғни, бұл дегеніміз – бағдарлама цифрландыру және білім берудегі тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде нақты қадамның бірі.  Сондықтан бұл жоба өзінің нәтижесін беретініне сенімдіміз, -дейді «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы  хатшысы Мұхаммед Болысбек. 

Астана қаласы Білім басқармасына қарасты қала әкімдігінің әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Жангелді Әмірғалиев жобаның үш негізгі кезеңнен тұратынын жеткізді.
Айтуынша, бірінші кезең – Daryn.ai платформасында тегін онлайн курс өтеді.

Яки,  «Жасанды интеллект педагогтың көмекшісі ретінде» атты тегін онлайн курс барлық қазақстандық мұғалімдерге арналады. Оқыту кестесі өңірлер бойынша 03.11-20.12.2025 аралығында кезең-кезеңімен жүргізіледі.

2-кезең – Педагогикалық хакатон.

Онлайн оқуды аяқтаған мұғалімдер арасынан үздік 400 педагог арнайы іріктеуден өтіп, «Мұғалім AMANAT» педагогикалық хакатонына шақырылады. Бұл кезеңде ұстаздар «Мектепке арналған ЖИ шешімі» тақырыбында өз жобаларын қорғайды. Ең үздік 20 жұмыстың мұғалімі халықаралық тағылымдамаға жолдама алады.

3-кезең – Халықаралық тағылымдама.

Хакатон жеңімпаздары 2026 жылдың маусым айында Оңтүстік Кореяда өтетін 7 күндік тағылымдамаға жіберіледі. 

– Мақсатымыз білім беру саласында ЖИ технологияларын енгізе отырып, мұғалімдердің жұмымын жеңілдету әрі әкімшіліктің жұмысын автоматтандыру. Мәселен, сабақ барысында пәннің жоспарын “5 сынып бөлешкті бөлу” деп тақырыбын тере салып, тез құрастыруға көмектеседі. Сөйьіп, көп уаөытын жоғалтпайды. Түйіндей айтар болсақ, халықаралық тәжірибесін зерделеп, оны қазақстандық мектептерге бейімдеу- деді Жангелді Әмірғалиев.

Осы курстың негізгі авторы - Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы бар экс-вице президенті Руслан Қаратабанов.

сонымен қатар, жоба методистер мен IT мамандардың атсалысуымен жасалған.

- Курс 80 сағаттан тұрады. Бұл курсты оқыған мұғалімдер өз уақытын үнемдейді. Қызықты қылып, сабағын өткізуге, ойын ұйымдастыруға мүмкіндік туады, -дейді Daryn online компаниясының бас директоры Айбек Қуатбаев.

Жасанды интеллек бағытындағы  мектептің директоры бүгінгі диалогта көп нәрсе тақыланғанын айтты.
- Мектебімізге 5 жоба енгізіліп, соның арқасында білім ордасы толығымен сандық жүйеге көшті.  Соның бірі - ағылшын тілінде сабақ меңгерту. Мектепке кіргеннен бастап фейс АІDI, тіпті асханадағы төдем жасаудың бәрі сандық жүйеге көшті. Оқушыларға қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында мектепте антибуллингтік камералар орнатылған. Және балаларды ғылыми бағытында дамыту мақсатында "Артизан" компаниясы эксперименттік алаң ұйымдастырған. Соның нәтижесінде екі оқушымыз ғылымға үлесін қосты деуге болады. Бірі - жеке көмекші робот ойлап таса, екіншісі мектепке жүйе ендірді. Яғни әр оқушы білім сапасын, бағалауын және мұғаліммен чат-бот арқылы кері байланыс орната алады, -деді 

115 орта мектептің директоры Жұлдыз Рахметова.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 22:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары