Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

AMANAT : Ел ішіндегі талапты күшейткен сайын отандық өнім зардабын тартады

AMANAT : Ел ішіндегі талапты күшейткен сайын отандық өнім зардабын тартады

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Отырыста партия өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында ішкі нарықты азық-түлік бағасын ретке келтіру, бақылаусыз импорттан қорғау және отандық өндірушілерді қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды. Талқылауға Сауда және интеграция министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палаты мен салалық қауымдастықтардың басшылары қатысты.

Жиында аграрлық кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов жағдайдың кешенді әрі ұзақмерзімді шараларды қажет ететінін мәлімдеді.

– Сырттан келетін өнім көп, бірақ соның бірі бақыланбайды. Әуелде тауар айналымы электронды жүреді, бақыланады делінген. Одан бері ештеңе өзгермеді. Неге? Мысалы, фито-санитарлық және ветеринарлық қызметтің ақпараттық жүйе Астана 1-ге кіргізуді қанша сұрадық. 2 жылдың жүзі өтті, интеграция неге жоқ дегенге де үн қатпады. Бұл не үшін қажет дейсіз бе? Ауылшаруашылық адамдары базадан тауардың шот-фактура арқылы өздеріне қандай көлемде, кімнен келгенін көріп, бақылай алады. Яғни, бақылауды күшейте түседі. Қазір бізде миллиардтаған теңгемен өнім алып кіреді, бірақ оның қайда кеткенін білмейді. Бұған не Ауылшаруашылық министрлігі, не Сауда министрлігі, не Қаржы министрлігі жауап бермеді. Мұны енгізгісі келе ме, жоқ түсінбедік. Бірақ соңына дейін жеткіземіз деп ойлаймыз, –  деді Нұржан Әшімбетов.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі  Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Елбаева елдегі ішкі сауда саласын дамыту, базарларды жаңғырту жұмысы бойынша айтып, жалпылама есеп берді.

Оның айтуынша, бұл мәселеге бір ғана Сауда комитетін емес, біраз басқарма жауапты болғандықтан, жиынға барлығы келген. Сондықтан әрқайсысы өз бағыты бойынша жауап бермек. 

– Өткендегі кездесуде айтқанымыздай, ішкі сауда-саттықтың ережесіне біраз түзетулер енгізгенбіз. Енді, міне бұл ереже 11 қазанда күшіне енді. Ондағы басты мәселелер  өткенде Сауда министрі өткізген дөңгелек үстелде талқыланған болатын.  Түрлі салалық ассоциациялардың ұсынысын ескеріп, отандық азық-түлік емес тауарларға да сөре бөлінетін болды. Оған қоса, жалға төленетін төлем бойынша да талаптарды күшейттік. Бұған дейін тек ірі сауда орындарында ғана жалдаманың төлем бағасын жылына бір-ақ рет өзгерте алады, оның өзін жарты жыл бұрын ескертуге тиіс болған. Қазіргі күнде бұл талап барлық сауда орындарына қатысты. Осы жолғы мақсат – отандық өнім арасындағы сауда үстемесін қадағалап, көтерме және бөлшек сауданы бақылап, ретке келтіру, – деді ол.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы  Шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры Ирина Тюгина ел ішіндегі талапты күшейткен сайын отандық өнім зардабын тартып жатқанын айтты.

– Біздің барлық ұсыныс сауда орталықтарының аумағынан алыстамайды. Жалпы, министрліктегілер базарға барып, ондағы сатылып жатқан өнімдерді тексеріп, бақылап көрді ме? Көтерме саудада қанша азық-түлік Қытайдан, Ресейден келіп жатқанын білесіздер ме? Ешкім базарға жақындағысы келмейді. Бәрі ресми сауда орындарымен жұмыс істегісі келеді. Сөйтіп, талапты күшейте береді, ал оның отандық өнімге кері әсер ететінін білесіздер ме? Сіздердің көздегендеріңіз не? Отандық өнімді мүлдем құрдымға кетіресіздер. Сауда-саттықты бақылауды базардан бастаңыздар, – деді Ирина Тюгина. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 16:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see179

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see161

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see159

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see157

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see156

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see155

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see155

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see155

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see154

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see154

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see153

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see153

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see152

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see152

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see151

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see151

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see150

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see150

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see150

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see149
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары