Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Ана мен балаға пана болған орталық

Ана мен балаға пана болған орталық

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанда тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қарсы заң шыққалы зәбір көрген жандардың саны азайып келеді. Тіпті еліміздің отбасылық жанжал мен қылмыстың алдын алу тәжірибесін үлгі ретінде қарастырып жатқан мемлекеттер бар. Шетелдік сарапшылар әсіресе Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының жұмыс жүйесіне қызығушылық танытып отыр. Еліміздегі мекемелердің ерекшелігі мен артықшылығы неде? 

Гүлсая Сафиуллинаның жолдасымен жұбы жараспай ажырасқанына бір жыл болған. Алайда бұрынғы күйеуінен күні бүгінге дейін қысым көріп келеді. Жұдырығы жуан жігіттің қатігездігі сонша, бес балалы ананы баспанасынан қуып шыққан. Шақшадай басы шарадай болып, шарасыз қалған әйел содан бері дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр.

Гүлсая Сафиуллина, жәбірленуші:
- Ажырасқалы ол маған жұмыс істемек түгілі тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермеді. Осы орталыққа орналасқан алғашқы үш айда жаным тыныштық тапқандай болды. Алайда ол менің қайда екенімді біліп алды. Мұнда қанша қауіпсіз болса да қорқыныш басым. Қай жерден, қашан кіріп қалар екен деген ойда отырамын. Соңғы рет қолын шошайтып, сені тірі қалдырмаймын деген сөздері әлі есімде. Ұмыта алар емеспін.

Шаңырағы шайқалып, осында тап болғандардың бірі - Анастасия Андреева. Тәні сауыққанымен, жан жарасы жазылмады. Заңгерлердің қолдауына мұқтаж. Мұндағы мамандардың көмегімен бұрынғы күйеуі екеуінің мүлігін тең бөлу туралы сот шешімі шыққан. Алайда ана көңілі әлі де алаң...

Анастасия Андреева, жәбірленуші:

- Кенже ұлымыз үш жаста. Баламды күшпен тартып алғалы міне, жеті айға жуықтады. Сот арқылы ұлымды талай мәрте қайтаруға тырыстық. Алайда ол кассациялық сотқа қайта-қайта шағымданып, істі созбалаңға салып жатыр.

Кейіпкерлеріміз секілді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болып, барар жер, басар тауы болмаған қыз-келіншектердің басым бөлігі ауыр күйзеліске шалдыққан. Ошақ қасындағы оқиғаларды туыстарымен бөлісуге тартынғандардың сырласы да, мұңдасы да осындағы мамандар. Дағдарыс орталығында әлеуметтік-психологиялық көмектен бөлек, балалардың қауіпсіздігі де қамтамасыз етілген.

Анна Рыль, дағдарыс орталығының жетекшісі:
- Қалпына келтіру мен қызмет көрсету жағынан дәл осындай орталықтар Орталық Азия елдерінде жоқ. Тіпті Ресейдегі мекемелердің өзі мұндай деңгейге жетпеген. Артықшылығымыз – бізде қызмет түрі көп. Психологтар, заңгерлер. Таңғы астан бастап, кешкі асқа дейін қамтамасыз етілген. Тіпті көрші елден келген мамандар қызметтерімізге қарап қызығып жатады. Сондай-ақ бізде отбасын қолдау орталықтары бар.

Қазіргі таңда елде 60-тан астам ресми дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Мекемелер тек уақытқа тұрақтайтын орын емес, нәзік жандыларға жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Мәселен, биылдың өзінде дағдарыс орталығы үш мыңға жуық жанға демеу берген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 14:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары