Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Ақ Олимпиада: Қазақстан құрамасының табысы мен тоқырауы

Ақ Олимпиада: Қазақстан құрамасының табысы мен тоқырауы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ақпанның 6-сы күні Италияның қос қаласы – Милан және Кортина-д'Ампеццода төртжылдықтың басты бәсекесі қысқы Олимпиада ойындары басталады. Дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын ақ ойындарда ел намысын 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы қорғайды. Қазақстан тұңғыш рет 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өткен қысқы Олимпиададан кейін араға 70 жыл салып, 1994 жылы жылы бәсекеге алғаш рет тәуелсіз ел ретінде қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Олимпиада тарихы

Қысқы Олимпиада ойындарының бастау алуына «Солтүстік ойындары» түрткі болды. Швеция астанасы Стокгольм қаласында 1901-1926 жылдар аралығында Еуропа мемлекеттерінің басын қосқан шағын сайыстар өтіп тұрған. Кейіннен ауқымы кеңейген сайыс 1924 жылы ақ Олимпаиадаға ұласты. Осы жылы Францияның Шамони қаласында қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық турнир ұйымдастырылды. Дүбірлі доданың жарыс жолына спорттың сегіз түрі бойынша 16 мемлекет өкілдері қосылды.

Бұл елдер қатарында Югославия корольдігі, Италия, Венгрия, Латвия және Эстония бар еді. Ал КСРО спортшылары ақ ойындардың жүлдесіне 1946 жылдан бастап таласты.

Бастапқыда қысқы ойындар жазғы ойындардың жалғасы ретінде бір жылы өткізіліп отырған. Тек 1994 жылдан бастап Қысқы Олимпиада ойындары жазғы ойындардан соң, екі жылдан кейін ұйымдастырылып жүр.

Президент қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

Ақ Олимпиада: Қазақстан құрамасының табысы мен тоқырауы

Биыл отандастарымыз ел тарихындағы тоғызыншы қысқы Олимпиадада өнер көрсетеді.

Жерлестеріміз 1994 жылы Норвегияның Лиллехамер қаласында өткен қысқы Олимпиадаға тұңғыш рет қатысып, бір алтын және екі күміс медальді қанжығалады. Осылайша, еліміз жалпыкомандалық есепте 12-орынға табан тіреді. Үш жүлдені де ел қоржынына шаңғышы Владимир Смирнов салды. Аталған Олимпиадада ел атынан 29 спортшы спорттың сегіз түрінен бақ сынаған еді.

Араға төрт жыл салып спортшыларымыз Жапонияның Нагано қаласында өткен Ақ Олимпиадаға аттанды. Байрақты бәсекеде 60 спортшының ішінде тағы да шаңғышы Владимир Смирнов дараланып, ел қоржынына қола жүлде салды. Сол сайыста бұйырған екінші қоланы конькимен жүгіру спортының өкілі Людмила Прокашева иеленді. Қоланы қанағат тұтқан құрама бұл жолы турнирлік кестенің 20-шы сатысына жайғасты.

2002 және 2006 жылғы қысқы Олимпиада АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити және Италияның Турин қаласында өтті. Мұхиттың арғы бетіндегі ойындарға Қазақстан құрамасынан 52 спортшы, Туриндегі бәсекеге 43 спортшы қатысты. Өкінішке қарай, екі Олимпиадада да ел споршылары жеңіс тұғырынан көріне алмады.

2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында жалауы желбіреген ақ Олимпиадада 37 спортшымыз бақ сынап, бір күміс жүлде ғана бұйырды. Жалғыз жүлдені биатлон бәсекесінде өнер көрсеткен Елена Хрусталева жекелей сайыста еншіледі.

Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен жаһандық жарыста да жалғыз медаль қолға түсті. Олимпиаданың соңғы күндерінде мұз айдынға шыққан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен үшінші тұғырдан көрініп, елімізге қола медаль сыйлап қуантты. Бұл олимпиадаға жалпы саны 51 спортшы аттанған еді

2018 жылғы Олимпиада Корея Республикасының Пхёнчхан қаласында ұйымдастырылып, жарысқа Қазақстан құрамасы сапынан 44 спортшы қатысты. Бұл Олимпиадада Қазақстан құрамасының қоржыны бос қайтқан жоқ. Фристайл-могул өкілі Юлия Галышева 77,40 ұпай жинап, Пхёнчхан Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Ал 2022 жылы ақ Олимпиада алауы Қытайдың Бейжің қаласында тұтанды. Бұл додаға Қазақстан құрамасынан 34 спортшы (17 ер, 17 әйел) қатысты. Бұған дейінгі Солт-Лейк-Сити (АҚШ) және Турин (Италия) Олимпиадалары секілді, бұл бәсекеде де отандастарымыз жүлдесіз қалды. Дегенмен, шорт-трекші Абзал Әжғалиев төртінші сатыға табан тіреп, жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады. Сондай-ақ аралас эстафетадағы отандық шорт-трек командасы Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан бесінші орыннан көрінді.

Бүгінде Қазақстанда қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі дамып келеді. Елде қысқы спортпен 139 мыңға жуық адам шұғылданады. 1 838 жаттықтырушы жұмыс істейді. Қысқы спорт инфрақұрылымын дамыту және кадр даярлау жұмыстары Жамбыл облысынан басқа барлық өңірде жүргізіліп отыр.

Милан және Кортина-д'Ампеццо – 2026: Ел құрамасының ерекшелігі қандай?

Биылғы Олимпиаданың басты ерекшелігі – гендерлік теңгерімнің сақталуы. Ұлттық құрама сапында тәжірибелі спортшылармен қатар, Олимпиадада алғаш рет бақ сынайтын дебютанттар да бар. Атап айтқанда, 18 спортшы Милан және  Кортина-д'Ампеццодағы Олимпиада ойындарында тұңғыш рет бақ сынайды. Жалпы 36 отандасымыз спорттың 10 түрінен жүлдеге таласады.

Ел спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында қандай киім үлгісімен өнер көрсетеді?

Ал 2018 жылғы Олимпиаданың жүлдегері Юлия Галышева спорттық мансабындағы бесінші Олимпиадасын өткізеді. Ал шорт-трек шеберлері Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша Олимпиада ойындарына төртінші рет қатысады. Сондай-ақ команда құрамында әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Михаил Шайдоров пен Анастасия Городко бар.

Ұлттық құраманың ең жас мүшесі – 16 жастағы Асан Асылхан. Ол 15 жасында Фристайл-акробатикадан Харбинде өткен Азия ойындарында күміс медаль еншіледі. Олимпиадаға дейінгі іріктеу турнирлерінде сәтті өнер көрсетіп, мансабындағы алғашқы ақ Олимпиадада жүлдеге таласады.

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 10:26

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлейді

Заң • Бүгін, 10:18

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады

Президент • Бүгін, 10:04

Картоп пен сәбіз: 2026 жылы тапшылық қаупі бар ма?

Экономика • Бүгін, 10:01

Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 09:50

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 09:37

Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:14

Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды

Ата заң • Бүгін, 09:05

Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00

Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама

Қоғам • Бүгін, 08:55

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі

Құрылтай • Бүгін, 08:48

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:45

Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік

Пікір • Бүгін, 08:43

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 18:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары