Ақмола облысында балық аулауға кеткен ер адамның денесі көлден табылды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті ерікті тұрғындар қатысқан іздестіру жұмыстары бүгін таңертең қайғылы аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Суыт оқиға Ақмола облысының Бұланды ауданында болған. Балық аулауға шыққан ер адам суға батып кетті. Қайғылы оқиға 13 қазанда Никольское ауылы маңындағы Жарлыкөл көлінде болған. Бұл туралы @112aqmola ақпарат таратты.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1958 жылы туған ер адам көлге балық аулауға барған. Алайда кейін оның суға кеткен болуы мүмкін екені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген іздестіру топтары көл аумағын тексеруге кірісті. Іздестіру барысында жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылған. Бұл дерек іздеу жұмыстарының маңызды нүктесіне айналды.
Құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар түні бойы жүргізген іздестіру жұмыстары бүгін таңертең нәтиже берді. Ер адамның денесі судан табылып, сыртқа шығарылды. Өкінішке қарай, балық аулауға шыққан азаматтың сапары қайғылы жағдаймен аяқталды.
Осы оқиғаға байланысты құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын тағы бір мәрте еске салды.
Мамандардың айтуынша, балық аулау кезінде, әсіресе қайықпен суға шыққанда, міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет. Сонымен қатар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз өміріне қауіп төндіретін әрекеттерден аулақ болған жөн. Су айдыны тыныш көрінгенімен, қауіп күтпеген сәтте туындауы мүмкін.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















