Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Ақмола орман шаруашылығының бригадирі өмірінің 31 жылын табиғатты қорғауға арнаған

Ақмола орман шаруашылығының бригадирі өмірінің 31 жылын табиғатты қорғауға арнаған

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бурабай тек ұлттық саябақ емес, бұл — тірі ағза. Онда әрбір ағаштың, бұлақтың және жануардың өз рөлі бар. Бірақ бұл ағзаның өмір сүруі, тыныс алуы және табиғи сұлулығын, келбетін болашақ ұрпаққа қалдыруы үшін онымен үндесе, селбесе өмір сүретін адамдар қажет. Сондай жандардың бірі — «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің Бармашин орман шаруашылығы мекемесінің орман шаруашылығы шебері — Есімтай Құрманқұлов.

Бізбен тілдескелі отырған кейіпкеріміздің орман шаруашылығында 31 жылдық тәжірибесі бар. 

— Мен орманның жанында туып өстім. Бала кезімнен барлық уақытым сол жақта өтті. Содан да шығар, табиғатты бақылауды ұнататынмын. Әсіресе ағаштардың қалай өсетінін, жануарлардың өзін қалай ұстайтынын, ормандағы барлық нәрсенің өз заңдары бойынша қалай әрекет ететінін көру маған ерекше демалыс сыйлайды. Әскерден кейін мен орман шаруашылығы колледжіне оқуға түстім және бар ынта-жігерімді, күш-қуатымды, махаббатымды осы салаға арнауды жөн деп шештім, - дейді Есімтай. 

Ол сондай-ақ «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін сақтаудың маңыздылығына тоқталды. 

— Бурабай — сұлулық мекені. Мен күн сайын табиғаттың осы бір ерекше бұрышын болашақ ұрпақ үшін сақтаудағы біздің жұмысымыздың қаншалықты маңызды екенін көремін, - дейді орманшы. 

Кейіпкеріміздің айтуынша, орман шаруашылығы бригадирінің жұмыс күні таң ата басталады. Оларға патрульдеу, орман денсаулығын тексеру, өрт қауіпсіздігін бақылау, туристік маусымда қоқыс шығару, қыста жабайы жануарларды азықтандыру кіреді. 

— Орманда өткен әр күн бір-біріне ұқсамайды. Әр күн жаңа тапсырмаларды орындаймыз. Жазда туристер көп келетін кезде қоқыстарды тазалап, өрттің алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Ал қыста жабайы жануарларға жем береміз, - деп сөзін жалғастырды орман сақшысы. 

Есімтай орманшы мұқият әрі жауапты және физикалық төзімді болуы керек деп санайды. 

— Табиғатты сүйіп қана қоймай, оны қорғауды да білу керек. Орман немқұрайдылықты кешірмейді. Нағыз орманшы қауіпті алдын ала болжап, шұғыл әрекет ете білуі керек, - дейді ол. 

Бірнеше жыл бұрын «Бурабай» мемлекеттік табиғи саябағының қызметкерлері таудан түтін шыққанын анықтаған. Уақтылы әрекет ету ірі өрттің алдын алды. Бригадирдің айтуынша, олар орманды ғана емес, тұтас экожүйені сақтап қалған. 

— Біз атақ-даңқ үшін жұмыс істеп жатқан жоқпыз. Бірақ таза соқпақпен жүріп, жас ағаштарды, қайтып келе жатқан жануарларды көргенде, бойымызды мақтаныш сезімі кернейді. Бұл — біздің жұмысымыздың жемісі. Ең бастысы, адамдар мен табиғат арасындағы тепе-теңдікті сақтауымыз керек. Біз тек орманды қорғап қана қоймаймыз, оның өмір сүруіне және гүлденуіне көмектесеміз, сондай-ақ адамдарға оны қорғауды үлгі етіп, үйретеміз, - дейді Есімтай Құрманқұлов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін енді Бурабайда туристер қауіпсіздігін жасанды интеллект күзететінін жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 18:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары