Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Таза Қазақстан Семейде: студенттер орман мен табиғатты қорғаудың сырын үйренді

Таза Қазақстан Семейде: студенттер орман мен табиғатты қорғаудың сырын үйренді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шараға «Семей орманы» табиғи резерватының мамандары қатысып, орман алқаптарын сақтау, табиғатты қалпына келтіру және экологиялық қауіптердің алдын алу жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.

Дәріске 150-ден астам студент қатысып, табиғатты қорғау саласының мамандарымен еркін форматта пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Дәріс барысында қоршаған ортаны қорғаудың заманауи тәсілдері, орман экожүйесін қалпына келтірудің ерекшеліктері, сондай-ақ табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңызы талқыланды. Мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, орман шаруашылығындағы кәсіби қызметтің қыр-сырын ашып көрсетті.

«Семей орманы» табиғи резерватының орман өсіру инженері Айдана Сабыржан өңірдегі экологиялық бастамалар туралы өз пікірін білдіріп, жастардың экологиялық мәдениетін нығайту «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Фото: Абай облысының әкімдігі

— «Семей орманы» резерватында «Таза Қазақстан» акциясы өте үлкен аумақта және кешенді түрде жүргізіледі. Бүгін атап өтілгендей, біз тиісті мекемелермен бірлесе отырып, ағаш отырғызу, құстарға ұялар жасау, аумақтарды қоқыстан тазарту сияқты ауқымды экологиялық жұмыстарды бірге атқарып келеміз. 2025 жылы «Семей орманы» аумағында ағаш отырғызу жұмыстары ауқымды көлемде жүргізілді. Көктем мезгілінде ашық тамырлы қарағай көшеттері отырғызылып, жалпы 4810 гектар алқап қамтылды. Күзгі маусымда 475 гектар аумаққа жабық тамырлы көшеттер егілді. Жалпы есеппен алғанда, бір жыл ішінде 2 миллионнан астам ағаш отырғызылды. «Семей орманы» резерватының басты міндеттерінің бірі — Мемлекет басшысының Абай облысында 2021–2027 жылдар аралығында 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын жүйелі түрде орындау. Осы бағытта үздіксіз жұмыс атқарылып келеді. Қазіргі уақытта резерват аумағында 21 мың гектардан астам жерге 100 миллионнан артық ағаш отырғызылды. Сондықтан, «Таза Қазақстан» тек бір реттік акция емес, бұл — әр азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған ұзақ мерзімді мәдени қалып. Орман — біздің ортақ байлығымыз, сондықтан оны қорғау әр буынның міндеті, — деді ол.

Фото: Абай облысының әкімдігі Фото: Абай облысының әкімдігі

Студенттер үшін мамандардан тікелей ақпарат алу үлкен тәжірибе болды. Олар орман шаруашылығында қызмет етудің ерекшеліктері, экологиялық қауіптердің алдын алу шаралары және табиғатты қалпына келтіру жұмыстары жайлы сұрақтар қойып, нақты жауап алды.

Фото: Абай облысының әкімдігі

«Орман шебері» мамандығында білім алып жатқан студент Ақерке Талғат дәрістің студенттер үшін аса маңызды болғанын айтты.

— Экологияны тек кітаптан оқу басқа, ал оны күнделікті қорғап жүрген мамандардан тыңдау мүлдем бөлек деңгей. Осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұрған жөн, себебі бұл орманның денсаулығы мен санитарлық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Бүгін орман отырғызу көрсеткіштерінің өсіп жатқанын білдім. Болашақта осы салада өзімді сынап көргім келеді. Экологияға өз үлесімді қоса аламын деп сенемін, — деді Ақерке Талғат.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Колледж бен «Семей орманы» резерваті арасындағы серіктестік аясында алдағы уақытта да экологиялық бағыттағы лекциялар, практикалық кездесулер және студенттердің табиғат қорғау іс-шараларына қатысу мүмкіндіктері қарастырылмақ.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай кездесулер жастардың табиғатқа деген саналы көзқарасын қалыптастыруға және «Таза Қазақстан» бағдарламасының өңірде тиімді жүзеге асуына өз үлесін қосады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 14:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары