Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

АҚШ акушер гинекологтары дәрігерлерді доулалармен ынтымақтасуға шақырды Қазақстандағы жағдай қандай

АҚШ акушер гинекологтары дәрігерлерді доулалармен ынтымақтасуға шақырды Қазақстандағы жағдай қандай

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Америкалық акушерлер мен гинекологтар коллегиясының (ACOG) комитеті дәрігерлер мен доулалардың - әйелдерге жүктілік, босану кезінде және одан кейін демеу болатын мамандардың өзара іс-қимылы туралы мәлімдеме жасады. Олардың дәрігерлермен ынтымақтастығы алғаш рет жеке ресми құжат деңгейінде егжей-тегжейлі жазылып отыр.

Доула деген кім, Қазақстанда әйел адам оны босануға өзімен бірге ертіп бара ала ма және бұл бізде қалай реттеледі? Осы сұрақтарға Tengri Health тілшісі жауап іздеп көрді.

Доула деген кім және ол не істейді?

Америкалық акушерлер мен гинекологтар коллегиясының мәліметінше, доула - бұл әйелге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде эмоционалдық, физикалық және ақпараттық қолдау көрсететін арнайы дайындықтан өткен маман.

Ол дәрігердің орнын баспайды және медициналық шешімдер қабылдамайды, бірақ әйелге күш түскенде көмектесіп, болып жатқан жағдайды жақсырақ түсінуге және медициналық ұжыммен байланыс орнатуға жәрдемдеседі. Америкалық сарапшылардың пікірінше, мұндай қолдау босанушы әйелдерге оң әсер етуі мүмкін.

"Сондай-ақ доулалар пациенттерге ақпарат пен пайдалы ресурстар ұсынады, соның ішінде босануға дайындықты үйретеді, жүктілік кезіндегі өзгерістер мен босанудың әртүрлі кезеңдерін жақсы түсінуі үшін жалпы анатомия мен физиология туралы айтып береді", - делінген Америкалық акушерлер мен гинекологтар коллегиясының мәлімдемесінде.

Коллегия мамандары атап өткендей, олардың басты міндеті - пациенттің мүддесін қорғау. Доула әйелдің медицина мамандарымен қарым-қатынасы кезінде оның үнінің естілуіне көмектеседі:

"Атап айтқанда, шешім қабылданғанға дейін жағдайды және мүмкін болатын нұсқаларды жақсырақ түсіну үшін сұрақтарды тұжырымдауға және медициналық араласуларды талқылауға дайындалуға көмектеседі. Бұл пациенттің өзін сенімді сезінуіне мүмкіндік береді".

Доулалар босану барысына қалай әсер ете алады?

Америкалық акушерлер мен гинекологтар коллегиясы доулалардың қолдауы кесарь тілігі мен босану кезіндегі асқынулардың азаюына, емшекпен емізу көрсеткіштерінің жоғарылауына және әйелдердің босану тәжірибесіне көңілі толуына ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.

ACOG-тағылар бұл сайып келгенде денсаулық сақтау жүйесінің шығындарын азайтуға көмектесетінін де қоса кетті.

Қазақстанда доулалардың қызметіне рұқсат берілген бе?

Қазақстанда әзірге босануға көмектесетін мекемелерде доулалардың болуын реттейтін жеке нормативтік-құқықтық база жоқ. Бұл туралы Алматыдағы "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлия Айымбетова мәлімдеді.

"Бұл мәселе бойынша ешқандай ереже жоқ. Елде нормативтік-құқықтық база қалыптаспаған. Шын мәнінде, доулалар босану нәтижесін жақсартады және сирек жағдайларды есептемегенде, өте жақсы көмек береді", - деп есептейді акушер-гинеколог.

Сонымен қатар Айымбетованың сөзінше, перзентханаларда доулалар серіктес ретінде қатыса алады. Оның айтуынша, пациент пен доуланың қарым-қатынасы әдетте перзентханаға түскенге дейін басталады. Әйел босану туралы келісімшарт жасасқан кезде, доуланы серіктес ретінде алғысы келетінін алдын ала ескерте алады.

"Мәселен, Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология орталығында кез келген әйел доуланы серіктес ретінде ертіп келе алады", - деді дәрігер.

Яғни, егер болашақ ана бұл мәселені аурухана әкімшілігімен алдын ала келісіп алса, онда ол босануға доуламен бірге бара алады.

Спикер туралы анықтама: Әлия Айымбетова - акушер-гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Алматыдағы "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Акушер-гинекологтарға арналған негізгі ұсыныстар

Америкалық акушерлер мен гинекологтар коллегиясы (ACOG) акушер-гинекологтарға келесідей кеңестер береді. Сарапшылардың пікірінше, олар:

доулалардың қызметімен және олардың жұмысының артықшылықтарымен танысуы керек; мұндай ынтымақтастық пациенттерге және медициналық ұжымға пайда әкелуі үшін доулалармен құрметке негізделген және тиімді байланыс орнатуы қажет; пациенттерге доулалардың атқаратын түрлі рөлдері туралы ақпарат беріп, әйелдерге доула табуға және қолдау алуға көмектесетін жергілікті ресурстарды білуі тиіс; доула қызметтеріне ақы төлеудің және оларды алудың түрлі нұсқалары бар екенін ескеруі керек; доулалармен ынтымақтастыққа және олардың акушерлік пен гинекологиялық көмектегі рөліне арналған зерттеулерді қолдап, оларды бастауы қажет.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

АҚШ

дәрігер

дәрігерлер

босану

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 22:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары