Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

“Ақша немесе сурет жібер“: алаяқтар балаларды алдаудың жаңа тәсілін тапқан

“Ақша немесе сурет жібер“: алаяқтар балаларды алдаудың жаңа тәсілін тапқан

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әлеуметтік желі қолданушылары 12 жастағы қыздың интернет-алаяқтардың құрбаны болғаны туралы оқиғаны қызу талқылап жатыр. Туыстарының айтуынша, алаяқтар баланың телефонын TikTok арқылы бұзып, кейін оны ақша немесе интим суреттер талап етіп бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Қазақстандық Threads-те жазба жариялаған. Оның айтуынша, алаяқтар балаларды әдейі TikTok арқылы нысанаға алады. Олар "ойынды бұзу", бонус алу, жабық функцияларға қолжеткізу сияқты түрлі уәдемен видео таратады. Мұндай видеоларда Telegram-чаттарға апаратын сілтемелер болады.

Аталған чаттарда балаларға "ID-доступ" немесе "верификациядан өту" ұсынылады. Алайда іс жүзінде бұл алаяқтарға баланың құрылғысын толық бақылауға мүмкіндік береді.

Автордың айтуынша, дәл осындай тәсілмен оның 12 жастағы сіңілісі зардап шеккен. Алаяқтар құрылғы "бұзылды, жеке деректер біздің қолымызда" деп қорқытып, баланы бопсалай бастаған.

Жазбада көрсетілгендей, телефонды "бұғаттан шығару" үшін қыздан 70 мың рубль (шамамен 450 мың теңге) немесе интим суреттер талап етілген.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде таралып, 600 мыңнан аса қаралым жинаған. Пікір қалдырғандар баланың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, ата-аналарды балалармен киберқауіпсіздік туралы жиі сөйлесуге шақырды.

Балалардың құқығын қорғау комитеті не дейді?

Tengri Life Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен пікір сұрады. Ведомство өкілдері бұл – балалар мен жасөспірімдерге бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа әрі қауіпті түрі екенін растады.

Комитеттің мәліметінше, алаяқтар балаларға қызықты ұсыныстары бар видеоларды таратып, олардағы сілтемелер арқылы балаларды Telegram-арналарға бағыттайды. Сол жерде "верификация", "ID-доступ" сынды әрекеттерді орындауды сұрайды.

Телефонды бақылауға алғаннан кейін, алаяқтар балаға психологиялық қысым көрсетіп, жеке деректер қолға түсті деп қорқытады және ақша талап етеді.

Аталған жағдай бойынша ақпарат ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданып, бақылауға алынған.

"Анықталған тәуекелдерге байланысты Балалар құқықтарын қорғау комитеті Ішкі істер министрлігінің Киберқылмыспен күрес департаментіне шұғыл түрде хабарласты. Бұл ақпарат қарастырылып, бақыланады", - деді департамент.

Егер баланы бопсалап жүрсе, қайда жүгіну керек?

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті күмәнді контент немесе қорқыту жағдайында шұғыл түрде:

e-Otinish порталы арқылы, құқық қорғау органдарына, 111 байланыс орталығына хабарласуға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Желтоқсан 2025 09:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see161

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see160

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see157

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see154

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see153

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see152

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see144

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see144

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see142

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see138

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see136

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see129

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see126

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see125

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see125

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see122

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see121

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see120

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see119

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары