Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Ақша салып, компания банкротқа ұшырады: қазақстандықтар қайда жүгінуі керек

Ақша салып, компания банкротқа ұшырады: қазақстандықтар қайда жүгінуі керек

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ұлттық банк пен "Астана" халықаралық қаржы орталығының өкілдері лицензиясы бар қаржы ұйымы банкрот болған жағдайда клиенттердің ақшасы не болатынын және лицензия инвестицияның қайтарылуына кепілдік бере ме деген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жерде мәселе цифрлық алаңдар туралы ғана емес, қазақстандықтар ақшасын немесе активтерін сеніп тапсыратын брокерлік компаниялар, инвестициялық қорлар және басқа да ұйымдар жайында болып отыр.

Ұлттық банк төлем жүйелері және цифрлық қаржылық технологиялар департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков Қазақстанда реттеудің үш жүйесі қалыптасып жатқанын айтты.

Жалпыұлттық деңгейде қаржы ұйымдарын Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) бақылайды. АХҚО-да өзінің Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті жұмыс істейді. Сондай-ақ Alatau City-де бөлек юрисдикция пайда болады.

Лицензия не береді?

Реттеуші лицензия бермес бұрын компанияны тексереді. Ол меншікті капитал көлемі бойынша талаптарға сай болуы және пруденциялық нормативтерді сақтауы тиіс.

Қарапайым тілмен айтқанда, ұйымның қаржылық қиындықтар туындаған кезде міндеттемелерінің бір бөлігін жабу үшін жеткілікті қаражат қоры болуы міндетті.

"Реттелетін ұйым клиент алдында оның активтерінің платформада сақталу формасына сәйкес қауіпсіздігіне жауап береді. Егер бұл токендер болса, жауапкершілік осы токендердің сақталуына қолданылады", - деп түсіндірді Ашықбеков.

Дегенмен, лицензия салынған инвестицияның құны сақталады немесе табыс әкеледі дегенге кепілдік бермейді. Егер инвестор кейін құны түсіп кеткен активті сатып алса, қаржы ұйымы шығынды міндетті түрде өтеуге тиіс емес.

"Егер клиент саналы түрде криптовалюта сатып алып, оның бағасы түсіп кетсе және адам ақшасынан айырылса, бұған платформа кінәлі болмауы мүмкін. Әсіресе, ол реттеу талаптарын сақтап, клиентке тәуекелдер туралы ескерткен болса", - деп толықтырды Ұлттық банк өкілі.

Қайда жүгінуге болады?

Мұның бәрі қаржы ұйымына лицензияны кім бергеніне байланысты. Егер компания жалпыұлттық юрисдикцияда жұмыс істесе, Ұлттық банкке немесе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіну қажет.

Егер ұйым АХҚО-да тіркелген болса, шағымды АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті қарауы тиіс.

Кейбір операцияларға әртүрлі юрисдикциядағы компаниялар бір мезгілде қатысуы мүмкін. Мысалы, инвестициялық шотқа немесе әмиянға АХҚО ұйымы қызмет көрсетіп, ал төлемді қазақстандық банк жүргізуі ықтимал. Мұндай жағдайда реттеушілер заңбұзушылық қай тараптан болғанын анықтауы тиіс.

Банкрот кезінде ақша не болады?

АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті авторизация және қаржылық технологиялар кеңсесінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев клиенттердің ақшасы компанияның өз қаражатынан бөлек сақталуы тиіс екенін хабарлады.

Бұл талап, мысалы, брокерлерге, басқарушы компанияларға және инвестициялық қорларға қатысты.

"Басқарушы компания немесе брокер қаржылық тұрақсыздыққа ұшырағанда, клиенттердің ақшасы мен қаржы ұйымының өз қаражаты бөлек болады, олар жеке шоттарда есептеледі және сақталады. Клиенттердің шоттары мен ақшасы олардың қалауы бойынша немесе арнайы рәсім нәтижесінде басқа қаржы ұйымына аударылуы мүмкін", - деп түсіндірді Еденбаев.

FinTech Lab реттеуші "құмсалғышында" қосымша ережелер қолданылады, мұнда компаниялар жаңа қаржылық өнімдерді сынақтан өткізеді. Бөлшек клиенттер үшін онда шоттарды толықтыру мен операциялар жүргізуге лимит белгіленеді.

Анықтама: Реттеуші "құмсалғышы" - бұл компанияларға қолданыстағы заңдарды бұзу қаупінсіз, қауіпсіз және бақыланатын ортада жаңа инновациялық қаржылық өнімдер мен технологияларды сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін ерекше эксперименттік құқықтық режим.

Сонымен қатар компания акционерлері "құмсалғышқа" жіберілген кезде клиенттердің ықтимал шығындарын өтеуге міндеттенеді.

"Егер мәселелер туындаса, біз бұл міндеттемені орындауды "құмсалғыш" қатысушысы саналатын қаржы ұйымының акционерлерінен талап етеміз", - деп толықтырды Еденбаев.

Бұл ретте реттеуші өкілдері банкроттық немесе алаяқтық жағдайында барлық инвестицияның толық қайтарылуына кепілдік беретін бірыңғай механизмді атаған жоқ. Олар әрбір жағдайды жеке қарастыру қажеттігін атап өтті.

Мән-жайы

Лицензиясы бар қаржы ұйымы мен өзін тек инвестициялық алаң ретінде көрсететін алаяқтық сайттың аражігін ажырата білу маңызды.

Тамызда полиция қазақстандықтарға өздерін брокер, инвестициялық компания қызметкері және қаржы сарапшысы ретінде таныстыратын алаяқтар туралы ескертті. Олар кепілді пайда уәде етіп, жалған сайттар арқылы салымдар өсімін көрсетеді, ал ақшаны шығаруға әрекет жасаған кезде клиентті бұғаттап тастайды. Мұндай схемалар қалай жұмыс істейді.

Ұлттық банк пен АХҚО өкілдері сипаттаған қорғау тетіктері тиісті реттеушінің лицензиясын алған ұйымдарға ғана қолданылады. Сайтта "лицензияланған компания" деген атаудың, қосымшаның немесе жазудың болуы өздігінен бұл фактіні растамайды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:73
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 13:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары