Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Келешегі мол кеніштер

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Aqsham Talks: зерделі ұлт қалай қалыптасады?

Aqsham Talks: зерделі ұлт қалай қалыптасады?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жобаны Elorda Aqparat медиасеріктестігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын қолдау мақсатында өткізді.

Ашық диолог алаңында халықаралық тә­жі­рибесі бар, IT, филология, педагогика және кре­а­­тив индустрия салаларында танылған спикерлер кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және зерделі ұлт болу жолындағы тың ойларын ортаға салды.

Іс-шараның ашылуында Elorda Aqparat ЖШС директоры Олжас Сыдықбек сөз сөйлеп, Aqsham Talks жобасының мақсаты мен маңызына тоқталды.

– Aqsham Talks – білім, технология, саясат, кәсіп және тұлғалық даму секілді қоғам үшін маңызды тақырыптарды талқылауға арналған ашық алаң. Мұнда өз саласында жетістікке жеткен тұлғалар тәжірибесімен бөлісіп, өмірлік сабақтары мен ой-пікірлерін көпшілікке ұсынады. Жобаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қа­лып­тастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлы­ғын қолдау мақсатында қолға алдық. Атап өтерлігі, бүгіннен бастап «Астана ақшамы» газетінде арнайы Aqsham Talks айдары жарық көреді. Онда оқу мәдениеті, зерделі ұлт қалыптастыру, қоғамдағы өзекті мәселелер жөніндегі мақалалар, сұхбаттар мен пікірлер осы айдар аясында тұрақты түрде жарияланатын болады, – деді Олжас Сыдықбек.

Ал Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Aqsham Talks жобасы секілді бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Elorda Aqparat медиасеріктестігі бастаған, Qazaq Creative Hub қолдау көрсеткен бұл жоба игі бастамалардың біріне айналады деп сенемін. Бүгінгі таңда осындай мазмұнды кездесулер өте қажет. Рухани дүниемізді байытып, ойлы орта қалыптастыратын іс-шаралар көбейе берсін. Бүгінгі басқосуға әр саланың білікті мамандары мен өз ісінің үздіктері жиналып отыр. Олар оқу мәдениеті мен ұлт болашағы туралы келелі ойларын ортаға салады деп сенемін, – деді сенатор.

Іс-шара барысында филолог-зерттеуші Арын Құнанбайұлы ұсынған «Қоғамның басты мақсаты – тек кітап оқитын емес, балаларға кітап оқып беретін ұлтқа айналу» және «кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» туралы ойлары жиналған көпшілікті бейжай қалдырмады десек болады. Оның айтуынша, баланың миы оқуға, ойлауға және талдауға дәл осындай ортада бейімделеді.

– Оқу – құр ақпарат жаттау немесе мораль қабылдау ғана емес. Бұл – мінез қалыптастыратын үдеріс. Біз қандай жағдайда ақыл білімінен жеңілмейтін, ойы мен мінезі үйлескен ұлт қалыптастыра аламыз деген сұраққа жауап іздеуіміз керек. Адам қанша кітап оқыса да, мінезі дұрыс болмаса, алған білімі толық пайдасын бермеуі мүмкін, – деді Арын Құнанбайұлы.

Оның сөзінше, адам дүниеге келгенде миы дайын күйде болмайды. Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі, қисса, жыр мен ән сияқты ұлттық мұралардың маңызы зор. Осындай құралдар арқылы «оқитын ми» қалыптасады. 

Ал ЖИ зерттеушісі Тимур Бектұр: «Жасанды интеллектіні бала тәрбиесіне қызмет еткізу керек», – деген мәселені көтерді.

Оның айтуынша, бүгінгі адам бір күнде ата-бабаларымыздың өмір бойы жинаған білімінен де көп ақпарат тұтынады.

– Зерттеулерге сүйенсек, адам күніне шамамен 34 гегабайт ақпарат қабылдайды. Бірақ сол ақпа­рат­тың қаншасы санамызда сақталады? Кешегі істеген нәрсемізді ұмытып қаламыз.  Әлеуметтік желілерді қарап отырып-ақ миымызға орасан көп мәлімет енгіземіз. Алайда оның басым бөлігі талданбайды, ой сүзгісінен өтпейді, – деді ол.

Спикердің айтуынша, мұндай жағдайда кітап оқудың маңызы арта түседі. Дегенмен қазіргі балаларды жасанды интеллектімен толықтай алыстату мүмкін емес.

– Бүгінгі күні балаға ChatGPT немесе басқа жасанды интеллект құралдарын қолданба деп айта алмайсыз. Ол – абсурд. Керісінше, ата-аналар ЖИ-ді пайдалы құралға айналдыра білуі керек. Мысалы, жасанды интеллект жүйесіне қазақтың мақал-мәтелдерін енгізіп, балаға арналған жеке чат-бот құруға болады. Сонда бала қандай сұрақ қойса да, ЖИ мақал-мәтелмен жауап беретін болады. Осы­лайша, ол қазақ мақал-мәтелдерін білетін болады, байқамай-ақ ұлттық мұраны меңгереді, – деді Ти­мур Бектұр.

Оның пікірінше, қазіргі балалар ақпаратты көбіне визуалды түрде қабылдайды. Сондықтан әдебиет пен тарихты заманауи технологиялардың көмегімен түсіндіру – уақыт талабы.

Шара барысында Тимур Бектұр өзі әзірлеген Абай­мен виртуалды сұхбат құруға мүмкіндік бере­тін және қазақ хандары туралы мәліметтер топтас­тырылған чат-боттарды таныстырды. Ол мұндай чат-боттарды «Технологиядан үркетін емес, оны дұрыс пайдалана білетін ұрпақ өсіру және кітап оқи­тын әрі ойлай алатын ұлтқа айналу мақсатында қолдана білейік», – деп ойын түйіндеді.

Aqsham Talks зияткерлік алаңында спикерлер кітаптың тұлға қалыптастырудағы рөлі, ата-ананың жауапкершілігі, жасанды интеллектінің мүмкін­діктері және ұлттық құндылықтарды заманауи технологиялар арқылы насихаттау жолдары туралы маңызды ойларын ортаға салды. Қатысушылар пікірінше, кітап оқу мен сыни ойлау мәдениетін дамыту – ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттырудың басты тетігі. Ал технология мен дәстүрді ұштастыра отырып, білімді әрі ойлы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі қоғамның маңызды міндеттің бірі болып қала береді. 

Т.ЕСДӘУЛЕТ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 00:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see111

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see109

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see105

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see99

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see98

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары