Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

Ашура күні туралы не білеміз

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

Абайды көрген кісі

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

Ресейде Apple компаниясы тексеріледі Цифрлық даму министрлігі

Ақтөбеде караоке клуб ғимараты өртенді

Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды

Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдетіледі СІМ мән жайды ашып айтты

Астанада ер адам екі бірдей лифтінің есіктерін әдейі сындырған

Энергетикалық нысандарды аралады

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

Зерделі ұлт, зейінді ұрпақ

Зерделі ұлт, зейінді ұрпақ

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Дөңгелек үстелге мем­лекеттік органдардың, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар мен қоғамдық даму салаларының өкілдері, кітапхана мамандары, сарапшылар, ­зи­я­лы қауым өкілдері қатысты. Ал­қалы жиынды кітапхана директоры Ғалия Сламбайқызы жүргізіп, кітап оқу мәдениетін дамыту һәм зерделі ұлт қалып­тастыру бағытындағы басым міндеттерге тоқталды. Кездесуде Алматы облысы кітапханаларын жаңғырту жұмыстары, цифрлық технологиялардың зерделі ұлт қалыптастырудағы рөлі, заманауи оқу мәдениеті, кітапхана қызметтерін цифрландыру және электрондық сервистерді жетілдіру мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелде кітапха­налардағы заманауи технология­ларды енгізу бағытында RFID жүйесі мен кітапхана үдерістерін автоматтандырудың тиімділігі таныстырылды. Іс-шараға қаты­сушылар кітапханаларды қоғамдық әрі заманауи мәдени-ағартушылық орталық ретінде дамыту, жастар мен балалар арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттардың өзара ықпалдастығын күшейту жөнінде пікір алмасты.

Алматы облысы кітап­хана­ларын модернизациялау жұ­мыстары туралы кітапханаларды дамыту және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Жадыра Асылбаева баяндап берді.

«Бүгінде кітапхана тек кітап сақтайтын мекеме ғана емес, білім мен ақпаратқа қолже­тімділікті қамтамасыз ететін, шығармашылық пен зияткерлік дамуды қолдайтын заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Осыған байланысты модернизация­лау барысында кітапханалардың интерьері жаңартылып, жаңа жиһаздармен, компьютерлік техникамен, мультимедиялық жабдықтармен және жоғары жылдамдықты интернетпен қам­тамасыз етілуде. Оқырмандарға арналған коворкинг аймақтары, балалар мен жастардың шығар­машылық алаңдары, мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге қолайлы кеңістіктер құрылуда. Биыл жыл басынан бері облыс кітапханаларында жалпы саны 3962 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оған 42856 адам қамтылды. Оның ішінде 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай 15 мыңнан аса оқырман қамтылған 152 іс-шара өтті. Осыған қарап кітап оқуға деген ынта-ықыластың артқаны аңғарылады», деді.

Баяндамашы өңірде кітап­ханаларды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Тарқатар болсақ, осыдан екі жыл бұрын Қонаев қалалық кітапханасына модернизация жұмыстары жүргізіліп, өткен жылдың сәуір айында пайдалануға берілді. Сол жылы Әл-Фараби атындағы Ұйғыр аудандық кітап­ханасы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылдық кітапханасы және Қарасай ауданындағы Жандосов ауылдық кітапханаларын жаң­ғырту жұмыстары басталып, аталған нысандар биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілген. Осы уақытта Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандық кітапханаларын модернизациялау жұмыстары жүр­гізілуде. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде оқырмандар саны, келушілер легі және кітап берілімі 3 есеге дейін ұлғайғаны аталды.

Қазіргі таңда облыс кітапха­наларының жалпы қоры 2701 984 дананы құрайды. Оның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар саны – 1194 116 дана. Бүгінгі күнге дейін 4781 дананың 4191 данасы кітапхана қорларына түсіп, өңірлерге таратылған.

Бүгінгі таңда Алматы облы­сындағы 145 кітапхана KazNEB платформасын таныту мақсатында халыққа қызмет көрсету орта­лықтарына, аудандық және ауылдық әкімдіктерге, пошта бөлімшелеріне, банк филиалдарына, мәдениет үйлеріне, білім беру ұйымдарына және басқа да қоғамдық орындарға көлемі 60×80 см болатын KazNEB QR-коды бейнеленген 786 ақпараттық тақтайша орналастырылған. Бұл жұмыстар платформаның мүмкіндіктерін халыққа түсіндіруге және пайдаланушылар санын арттыруға бағытталған. KazNEB QR-коды арқылы 82 мыңнан астам элек­трондық кітап көпшілікке қол­жетімді. Қазіргі уақытта KazNEB QR-коды арқылы платформаны пайдаланушылар саны 650 адамды құрайды. Сонымен қатар кітапханаларды цифрландыру бағытында «Ирбис» бағдарламасы «Барыс» жүйесіне ауыстырылған.

Келесі кезекте әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі Алғабек Хамитұлы «Зерделі ұрпақ және заманауи оқу мәдениеті» тақырыбын тілге тиек етті.

«Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында кітап оқу мә­дениетін қалыптас­тырудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. «Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу» екенін айтып, қоғамда кітапқа деген қызығушылықты арттыруды маңызды міндеттердің бірі ретінде белгілеп келеді. Шынында да, кітап – адамзаттың рухани қазынасы, ұлттың зердесін қалыптастыратын ұлы күш. Кітап оқыған адам ойлайды, саралайды, ізденеді. Ал көп оқитын қоғам – кемел қоғам. Бүгінгі таңда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру тек кітапханалардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндетіне айналуға тиіс. Осы орайда біз бірнеше нақты бастамаларды ұсынғымыз келеді», деді.

«Ең алдымен, ауруханаларда кітап сөрелерін ашуды қолға алсақ дейміз. Дәрі тәнді емдесе, кітап жанды емдейді. Аурухана дәлізінде немесе күту залында орналасқан шағын кітап бұрышы науқастардың уақытын тиімді өткізуіне, рухани күш алуына мүмкіндік береді. Кейде адамның сауығуына үміт пен жақсы ойдың өзі үлкен демеу болатыны белгілі. Сонымен қатар сот ғимараттарының бір бөлігіне кітап стеллажын орнатуды ұсынамыз. Әділдік орнаған жерде руханият та қатар жүруі керек. Кітап адамды сабырлылыққа, парасаттылыққа, заңды құрметтеуге тәрбиелейді. Біздің келесі ұсынысымыз – әр мекемеде кітап оқуды насихаттау мақсатында қызметкерлер арасынан үздік 10 оқырманды анықтау. Жыл соңында оларды арнайы марапаттап, көпшілікке үлгі етсек, бұл кітап оқуға деген қызығушылықты арттырары сөзсіз. Өйткені жақсы үрдіс насихат арқылы қалыптасады», деген Алғабек Хамитұлы сондай-ақ «Бір облыс – бір кітап» жобасының маңыздылығын атады.

«Мысалы, Алматы облысы атынан қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романын ұсынуға болады. Бұл шығарма – адам тағдыры, өмірдің қиындығы, адалдық пен адамгершілік туралы терең ой қозғайтын туынды. Осындай шығармаларды оқу арқылы жас ұрпақтың дүниетанымы кеңейіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметі артады», деген пікірін білдірді.

Сондай-ақ Жазушылар ода­ғының мүшесі, ақын, журналист Қуат Қайранбаев кітап оқуға дағдыланған жас буын мерзімді газет-журналдың да қадірін біліп, оқуға құштарлығы артатынын айрықша атап өтті.

Іс-шара қорытындысында қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруда кітапханалардың рөлін күшейту және өңірдегі кітапхана қызметін одан әрі жетілдіру бо­йынша бірқатар ұсыныс айтылды. Аталған кездесу кітап оқу мәдениетін дамытуға және заманауи кітапхана моделін қалып­тастыруға бағытталған маңызды пікір алмасу алаңына айналды.

Алматы облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 09:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

SCAT әуе компаниясының ұшағы Таразға шұғыл қонуға мәжбүр болған

24 Маусым 2026 17:52see116

Тротуармен жүруге бұдан былай тыйым салынады: Қазақстанда жақын арада маңызды жаңалық күшіне енеді

24 Маусым 2026 20:52see114

АҚШ барлау қызметінің басшысы биозертханалардың жаһандық желісі туралы мәлімдеді бұған Қазақстанның қандай қатысы бар

24 Маусым 2026 14:59see114

“Астана Банкінің“ мүлкі аукционға шығарылды: қандай нысандар сатылып жатыр?

24 Маусым 2026 12:05see113

25 маусымда Астанада жарық пен су болмайды: мекенжайлар тізімі

24 Маусым 2026 17:31see112

Ашура күні туралы не білеміз

24 Маусым 2026 18:46see111

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25 Маусым 2026 11:01see110

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

25 Маусым 2026 12:49see110

Абайды көрген кісі

25 Маусым 2026 09:01see110

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

25 Маусым 2026 09:01see109

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

24 Маусым 2026 22:40see109

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

26 Маусым 2026 00:16see109

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

25 Маусым 2026 14:17see109

Ресейде Apple компаниясы тексеріледі Цифрлық даму министрлігі

25 Маусым 2026 23:09see108

Ақтөбеде караоке клуб ғимараты өртенді

24 Маусым 2026 14:46see108

Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды

25 Маусым 2026 17:18see107

Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдетіледі СІМ мән жайды ашып айтты

25 Маусым 2026 16:41see107

Астанада ер адам екі бірдей лифтінің есіктерін әдейі сындырған

25 Маусым 2026 08:39see106

Энергетикалық нысандарды аралады

26 Маусым 2026 00:11see106

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

26 Маусым 2026 00:10see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары