Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Ақтауда оқушы қыздың жантүршігерлік зорлық зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат тарады

Ақтауда оқушы қыздың жантүршігерлік зорлық зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат тарады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған жайтты ұзақ уақыт бойы жасырып келген. Ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған жайтты ұзақ уақыт бойы жасырып келген. Ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Кәмелетке толмаған қызға қатысты жантүршігерлік зорлық-зомбылық туралы ақпарат "Немолчи.kz" қорының парақшасында жарияланды. Мәліметке сәйкес, оқиға былтыр қыркүйекте басталған.

"Жетінші сыныпта оқитын қызды мектептен кейін ұстап алып, құрылыс алаңына күштеп апарып, қорлап, соның бәрін телефонға түсірген. Топ болып, жыныстық сипаттағы қатыгез әрекеттер жасаған, интим жерлеріне темекі тығып, ішіне секіріп, ұрып-соққан", – делінген жазбада.

Сондай-ақ, олар кеңсе пышағымен қыздың денесіне сөздерді ойып жазғаны айтылған.

"Зорлық-зомбылық бірнеше рет қайталанған... Қыз біреуге айтуға қорқып, ұзақ уақыт анасына шындықты айтпай, депрессияға түскен", – деп жазады қор өкілдері.

Қордың мәліметінше, қазір қыздың психологиялық жағдайы ауыр: ол жарықсыз ұйықтай алмайды, бірнеше рет психиатриялық клиникада ем қабылдаған және өз-өзіне қол жұмсауға бірнеше рет әрекет жасаған.

"Олар өзі өлуі керек екенін қыздың санасына құйып тастаған. Қорлау, ұрып-соғу және зорлау арқылы оны соған сендірген, қазір ол өзін және өз денесін жек көреді, өзін лас әрі өмір сүруге лайықсыз деп санайды", – делінген жазбада.

Жазбада күдіктілердің ешқайсы ұсталып, жауапқа тартылмағаны айтылған. Олардың барлығы бостандықта жүрген көрінеді.

Полиция пікірі

Tengrinews.kz тілшілері Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен ресми пікір алды. Ведомство мәліметінше, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі ("Кәмелетке толмағанды зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Маңғыстау облыстық ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 22:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары