Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүрегіне жалау болармын... : Тамара Асар маңызды шешім қабылдағанын айтты

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

Түркістанда полиция журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тапты

Отандық тауар өндірушілер өнімді сөреге қою үшін де ақша төлейді

​Әкім қайда? ​Қарамағындағылар ұсталғаннан кейін Шәкір Кейкин неге көрінбей кеткенін әкімдік түсіндірді

Статистика: бір аптада қызанақ 8,5% ға, қияр 8,3% ға арзандады

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

Қазақстан ІІМ делегациясы БҰҰ Полиция саммитіне қатысуда

Астананың айналма жолында екі жүк көлігі соқтығысып, өрт басталды

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

Ақтөбе Қарабұтақ Ұлғайсын жолы қашан аяқталады?

Ақтөбе Қарабұтақ Ұлғайсын жолы қашан аяқталады?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығы­мен өткен биылғы ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлемде геосаяси ахуал өзгеріп, мүлде жаңа үдерістер пайда болып, озық мемлекеттер әлем экономикасын дамытудың жаңа үлгісін әзірлеуді бастағанда еліміз де осы үдерістен шет қалмас үшін кезек күттірмей бірнеше бағытта қадам жасауды тапсырған еді. Соның бірі – көлік логистикасын дамыту. Президент осы міндетті жүзеге асыру үшін Үкіметке теміржолмен қатар авиакөлік тасымалын дамытуға қатысты ірі жобаларды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

«Мен «Қарағанды – Жезқазған, «Орталық – Батыс», «Ақтөбе – Ұлғайсын» бағытындағы жолдың және Қызылорда, Сарыағаш, Рудный қалаларының сыртын­дағы айналма жолдың құрылысы туралы айтып отырмын. Автокөлік тасымалын дамыту туралы айтқанда, ең алдымен, жолдың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер шешімін табуға тиіс. Жаңа жылға дейін жасанды интеллектіні пайдалана отырып, автокөлік қозғалысын реттейтін цифрлық платформаны іске қосу керек», деп нақты тапсырма берген еді Мемлекет басшысы.«Мен «Қарағанды – Жезқазған, «Орталық – Батыс», «Ақтөбе – Ұлғайсын» бағытындағы жолдың және Қызылорда, Сарыағаш, Рудный қалаларының сыртын­дағы айналма жолдың құрылысы туралы айтып отырмын. Автокөлік тасымалын дамыту туралы айтқанда, ең алдымен, жолдың сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер шешімін табуға тиіс. Жаңа жылға дейін жасанды интеллектіні пайдалана отырып, автокөлік қозғалысын реттейтін цифрлық платформаны іске қосу керек», деп нақты тапсырма берген еді Мемлекет басшысы.

Алайда мамырдың ортасы ауды, ал Президент жедел түрде сапалы әрі тез жөндеуді талап еткен стратегиялық «Ақтөбе – Ұлғайсын» тасжолында осы кезде қайнап жатуға тиіс жұмыс байқалмайды. Жол кеңейтілмей жатқанда ол жердегі көлік қозғалысын бақылайтын цифрлық платформа туралы да айту ертерек. Мақаланың басында айтып өткеніміздей, тәулігіне өтетін 18 мың көлікті тіркеуге алып жатқан ешкім жоқ. Өйткені бұл жерден көбінесе көршілес мемлекеттерден солтүстік елдерге тауар таситын ауыр жүк көліктері жүреді. Транзиттік тауар тасушылар шектен тыс ауыр салмақпен жүрсе де, олардың төлейтін салығы ашық емес. Алдымыз – жаз, жеміс-жидек тасу маусымы басталады. Демек, онсыз да жүруге жарамай қалған тасжолды транизттік көліктер күндіз-түні босатпайды. Президент трансшекаралық көліктер жүретін тасжолдарда цифрлық платформаны іске қосу туралы бекерден-бекер айтып жатқан жоқ. Егер осы жердегі қозғалыс жасанды интеллект көмегімен бақылауға алынса, салықтық түсімдер де анық көрінеді. Тасжолдардағы ашықтық дегеннің түпкі мәні осында. 

262 шақырым «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолын қайта жаңарту жобасы 2024 жылы басталып, 7 учаскеге бөлінді. Жобаның аяқталу мерзімі – 2028 жыл. Бұл кезде заманауи автобанға айналып, екі көпір, жолайрықтар мен 44 су өткізу құбыры пайда болады. 2026 жылы қайта құрылымдау жұмысына республикалық бюджеттен 14 млрд теңге бөлінсе, 2027 жылға – 13,5 млрд, 2028 жылға 1,15 млрд теңге қарас­тырылды. Оған қоса мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздар мен инвестиция­лық бағдарламалар есебінен қосымша қаржыландырылады. Жобаның тапсырыс берушісі әрі орындалуын қадағалайтын бас оператор – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы. Бас мердігер – «СП Сине Мидас Строй» ЖШС өткен жылдың қарашасында Хромтау ауданы Ақжар елді мекені маңында (791–819) 28 шақырымын толық аяқтап, І санатты төрт жолақты жолдың қарсы бағытында құрылысты жалғастырып жатыр. Биыл осы мердігер жол төсеуді 15 сәуірде бас­тады. Былтырдан бері 17 шақырымында жұмыс аяқталып, осы белдеуде екі көпір, 31 су бұру науасы, мал өткелдері орнатылды. Жазық бекеті жанында жолдан өтетін жаяу жүргіншілерге арналып темір қоршаулар салынды. Алдын ала жобада бекітілгендей, мал айдайтын бес өткел салынған. Қазір қайта жаңарту жүргізілген осы бөлігінде жол қозғалысы ашылды. Биылғы жұмысқа 349 техника, 436 адам жұмылдырылды.

Ал «осы жолдың 230 шақырымында жөндеу жұмысы неге басталмай жатыр?» деген сауалымызға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі «Қазір мердігер ұйым­дарды анықтауға байланыс­ты конкурстық рәсімдеу аяқталып қалды. Алдын ала белгілі болғандай, жақында төрт мердігер тасжолдың 234 шақырымдық бөлігінде ауқымды құрылыс жұмысын бастайды», деп жауап берді. 

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Ақтөбе облыстық филиалының директоры Тельман Ма­лаевтың хабарлауынша, «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» бағытындағы 763-тен 1025 шақырымына дейін қайта жаңарту 763–791; 791–819; 819–847; 847–889; 889–927; 927–965; 965–1025 шақырымдарын қамтиды. Ақтөбе – Хромтау бағытын­дағы 971–819 шақырымын былтырдан бері «СП Сине Мидас Строй» ЖШС жөндеуге кірісті. Осы жердегі құрылыс сапасын, материалдардың талапқа сай болуын «КZ «Строй-эксперт» ЖШС бақыла­са, авторлық қадағалауды «Алматы инженерлік орталығы» жүргізеді. Қайта жаңартылатын жолдың қалыңдығы 29 см деп көрсетілген. Мердігер ең астыңғы өсімдік жамылғысы қабатын қырып, бетіне полиэфир, полипропилен сияқты синтетикалық талшықтардан жасалған берік техникалық материал төсейді. Құрылыстың беріктігін арттырып, мерзімін ұзартуға арналған геотөсеніш бетіндегі қиыршық тас пен құмды бірқалыпты ұстап, жолдың тегістігін қамтамасыз етеді және ойық-шұңқырды болдырмайды. Геотөсеніш бетіне қалыңдығы 24 см қиыршық тас-құм қоспасы төселеді. Бұл – асфальт қабатының астына «жастықша» ретінде салынатын негізгі материал. Ең үстіңгі қабатына 5 см қалыңдықпен тығыздалған асфальт-бетон қоспасы құйылады. 

Алайда өңірдің транзиттік әлеуетін арттыратын стратегиялық маңызы бар көлік дәлізін жөндеуге қолданылып жатқан асфальт-бетон қоспасының сапасына жергілікті экобелсенділердің күмәні бар. Осы мәселені Жасылдар партиясының өңірлік штабы да қайта-қайта көтеріп жүр. Олар Ақтөбе ферроқорытпа зауытының пештерінен шыққан қалдықтар қиыршық тас түрінде қайта балқытылып, жолдарға төселіп жатыр деп дабыл қақты. Біз Тельман Жәдігерұлынан осы мәселенің басын ашып беруін сұрадық. «Бұл – жаңсақ пікір. 2024 жылы «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» жолының Ақтөбе – Хромтау бағытындағы 28 шақырымын (791–819 арасы) күрделі жөндеуге кірісті. Осы жолдың 12 шақырымын былтыр бірнеше рет тексердік. Мердігер екі жыл бойы Хромтау ауданындағы Мамыт карьерінен алынатын қиыршық тасты пайдаланып келеді. Жұмыс басталмай тұрып Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мамандары Мамыт карьерінен алынып, ұнтақталған қиыршық тастың беріктігі, аязға төзімділігі мен битуммен араласқандағы сапасына сараптама жасады. Бізден басқа техникалық бақылау, авторлық қадағалау мамандары мен тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері де бақылау жүргізеді. Жобалаушылар жұмыс бас­талмай тұрып карьердегі қиыршық тас қорын анықтады. Жақында төселіп жатқан асфальт-бетон жамылғысының қалыңдығы, ені, тығыздығы талапқа сай келетін-келмейтіндігі туралы сынама қорытындысын тапсырыс берушіге жібердік.  

Мердігердің асфальт-бетон зауытында сағатына 260 тонна қиыршық тас өндіріліп, ұнтақталады. Оның үстіне, құрылыс жүріп жатқан жерде мердігердің зертханасы бар. Шілде айына дейін асфальтты-бетон жамылғысын төсеп бітіріп, жолдың беткі қабатына кіріседі», дейді «Жол активтері сапасы­ның ұлттық орталығы» РМК Ақтөбе облыстық филиалының директоры.

Жолға қажетті битум Ақтаудағы «Каспий битум» зауытынан алынады. Бұ­рын битум жетпеген уақытта Ресейден әкелінетін. Алдыңғы жылдары құрылыс барысында битум жетпей қалып, жұмыс жиі-жиі тоқтап қалып жүретін. Осындай келеңсіздікті болдырмас үшін мердігер қыста 3 мың тонна битум қорын жасақтап алыпты. Қаражанбас кен орнының мұ­найын өңдеп, жоғары сапалы жол битумын шығаратын «Каспи битум» ЖШС өнімі нормативтік құжаттарға сәйкес келеді және компания өнім сапасына бес жылға кепілдік беріп тұр. 2026 жылға «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» бағытындағы жөндеу жұмысына 441,7 мың тонна инертті материалдар пайдалану жоспарланған. Жол салынғанымен, оның бұзылуы да тез. Осы мәселе көлік жүргізушілері мен тұрғындардың наразылығын туғызып жүр. 28 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты жұмсалып, қайта жаңартылатын тасжолдағы екіқабатты асфальт шектен тыс салмақтағы ауыр жүк көліктерін көтере ала ма? Әсіресе қысы-жазы толас­тамай Ресей жаққа тауар таситын кіндік Азияның ауыр жүк көліктерінен қауіп көп. Өткен айда Ұлғайсыннан Хромтауға қарай жүкті асыра тиеген ауыр көліктер үш сағат бойы сегіз шақырымдық кептелісте тізбектеліп тұрды. Бұл жерде көлік қозғалысын бақылаушылар әр көліктің салмағын, жолға түсірер ауыртпалығын бақылауға тиіс еді. Осылайша, жолдың бұзылуына себеп ауыр жүк көліктерінің қозғалысын ешкім бақылап жатқан жоқ. Жүк бекітілген салмақта тиелсе, сөз жоқ. Бірақ шекарамыздан өтетін транзиттік ауыр көліктер ылғи артық салмақпен өтеді. Осы себепті «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолына электронды таразылар қойылғаны жөн. Шектен тыс ауыр салмақпен өткендерге айыппұл жазылып, ел шекарасындағы бақылау-өткізу бекетінде төлемейінше, жүруге рұқсат етілмейтіндей ереже орнатылуға тиіс. Осыдан бірер жыл бұрын Көлік министрлігі транзиттік тасжолдарда электронды таразылар қоюды бастағанымен, оның арты сұйылып кетті. Рас, «Ақтөбе – Атырау» тасжолының бойында, Темір ауда­ны аумағында электронды таразы тұрса да онда жазылған айыппұлдың мөлшері анық емес. 

Жолдың тез бұзылуына қыстың аязы мен жаздың аптап ыстығы сияқты ауа райы құбылысының да әсері бар. Төртінші климаттық аймаққа жататын Ақтөбе облысында қыста 40 градус аяз, жазда 40 градус ыстық алмасып жатады. Аптап ыстықта балқитын асфальт қыстың шыңылтыр аязында қатты суиды. Оған көктемнің лайсаң батпағы қосылады. Айнадай тегіс жолдар ел экономикасының күретамыры десек те, екінші жағынан сапалы жол­­дар өңір басшылығы мен жол құры­лы­сына жа­уапты тұлғалардың жұмы­сына берілген әділ баға деуге болады. 

Елге жана­­шырлықтың белгісі жолды күтіп-ұстаудан көрінеді. Осы саладағы ма­ман­­­дардың да жауапкершілігіне сын. «Жолына қарап, елін таны» деген осы болар.  Ақтөбе облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Мамыр 2026 11:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

09 Шілде 2026 08:19see117

Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүрегіне жалау болармын... : Тамара Асар маңызды шешім қабылдағанын айтты

08 Шілде 2026 22:14see116

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

09 Шілде 2026 19:58see115

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

09 Шілде 2026 14:20see115

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

09 Шілде 2026 09:11see113

Түркістанда полиция журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тапты

08 Шілде 2026 16:46see112

Отандық тауар өндірушілер өнімді сөреге қою үшін де ақша төлейді

08 Шілде 2026 17:23see111

​Әкім қайда? ​Қарамағындағылар ұсталғаннан кейін Шәкір Кейкин неге көрінбей кеткенін әкімдік түсіндірді

08 Шілде 2026 17:28see111

Статистика: бір аптада қызанақ 8,5% ға, қияр 8,3% ға арзандады

08 Шілде 2026 16:48see111

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

09 Шілде 2026 08:18see111

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

09 Шілде 2026 11:59see110

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

09 Шілде 2026 10:12see108

Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған

08 Шілде 2026 22:41see108

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

10 Шілде 2026 10:12see108

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

09 Шілде 2026 21:10see107

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

10 Шілде 2026 10:52see106

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

09 Шілде 2026 08:16see106

Қазақстан ІІМ делегациясы БҰҰ Полиция саммитіне қатысуда

09 Шілде 2026 00:22see106

Астананың айналма жолында екі жүк көлігі соқтығысып, өрт басталды

08 Шілде 2026 17:52see106

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

09 Шілде 2026 13:35see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары