Ақтөбеде жоспардан тыс тексеру кезінде заңсыз құрылыс нысандары анықталды
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына былтыр заңды және жеке тұлғалардан, мемлекеттік органдардан мыңнан астам арыз түсті. Нәтижесінде жоспардан тыс 61 тексеру жүргізілді. Барлығы 119 әкімшілік хаттама толтырылып, 50 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
- Арнайы мониторингтік топ құжаты рәсімделмеген құрылыс нысандарын тексеріп, акт толтырады. Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы сол кезде жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Заңсыз салынған құрылыс қалада аз емес. Олардың ішінде азық-түлік дүкені, мейрамхана, тұрғын үйді де заңсыз тұрғыза бастаған. Тұрғын үйді қаладағы Заречный тұрғын алабында сала бастап, тіпті екі қабатын көтеріп қойған. Бірде-бір құжаты тапсырылмады. Құрылыс иелерін шақырғанымызбен, хабарсыз қалды. Келмеген соң сотқа жүгіндік. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Былтыр 61 тексеру кезінде 20-ға жуық нысанның заңсыз салынғаны белгілі болды. Бәрі коммерциялық нысан,- деді Ақтөбе облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтан Аманчин.
Сондай-ақ Ақтөбеде облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен облыс прокуратурасы бірлесіп, мердігерлерді тексерді. Былтыр 37 мердігердің қызметі 6 айға тоқтап тұрды. Ал біреуі лицензиясынан айырылды.
Айта кетейік, Алматы қаласында заңсыз құрылыс жиі анықталады. Биыл қаңтарда Осипенко көшесінде орналасқан іргетас үстіне металл құрылымнан салынған қосымша құрылыс бұзылды. Бұл туралы Алматының қала құрылысы бақылау басқармасының мамандары айтты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Наурыз 2026 19:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















