Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Арман Шаққалиев: Конституцияны жаңарту бизнес пен экономиканың орнықты дамуына арналған берік құқықтық негіз

Арман Шаққалиев: Конституцияны жаңарту бизнес пен экономиканың орнықты дамуына арналған берік құқықтық негіз

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы жобасына қатысты маңызды қоғамдық диалог жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі талқылау формалды үдеріс емес, мемлекеттің қоғаммен бірге еліміздің болашағы жөнінде жүргізіп отырған ашық әрі жауапты пікір алмасуы болып отыр.

«Қоғам Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы жобасын қызу талқылауда. Бұл формалды үдеріс емес, мемлекеттің қоғаммен бірге еліміздің болашағы жөнінде жүргізіп отырған ашық әрі жауапты пікір алмасуы», – деді Арман Шаққалиев.

Оның айтуынша, азаматтардың өз ұстанымын белсенді білдіріп, ұсынылып отырған өзгерістерді әлеуметтік желілерде, қоғамдық алаңдарда және кәсіби ортада кеңінен талқылауы ерекше маңызды.

«Бұл қоғамның саяси және азаматтық тұрғыдан кемелденгенін, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын айқын көрсетеді», – деді министр.

Сонымен қатар Арман Шаққалиев «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы билік тармақтары арасындағы орнықты тепе-теңдікті қамтамасыз ететінін де атап өтті.

«Бұл саяси жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығын қалыптастырады. Сауда және кәсіпкерлік саласы үшін бұл стратегиялық маңызға ие, себебі ол экономикалық саясаттың сабақтастығын, заңнамалық бастамалардың айқындығын және мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді», – деді ол.

Министрдің сөзінше, мемлекеттік басқарудың теңгерімді жүйесі инвесторлардың сенімін арттырып, шағын және орта бизнестің орнықты дамуына, сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге және сауда нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолайлы жағдай жасайды.

«Мемлекеттік саясаттың болжамдылығы қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастырудың және ұзақмерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі», – деді А.Шаққалиев.

Сондай-ақ ол Конституцияның жаңа редакциясы сау әрі бәсекеге қабілетті экономиканың іргетасын құрайтын базалық қағидаттарды нығайтатынын айтты.

«Жаңартылған Конституцияның өзегінде адам, оның құқықтары мен бостандықтары тұрғаны аса маңызды. Меншік құқығын қорғау, әділдік, заң мен тәртіп қағидасы ең жоғары құқықтық деңгейде бекітіледі», – деді министр.

Бұл нормалар инвестициялық ахуалға, экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне және азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді.

Министр бизнес үшін ерекше маңызды бірқатар негізгі ережелерге де тоқталды. Атап айтқанда:

– инновациялық бизнес, креативті индустриялар және экспортқа бағдарланған компаниялар үшін зияткерлік меншікті қорғау;

– азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің жағдайын нашарлататын заңдарға кері күш беруге тыйым салу;

– цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын конституциялық деңгейде бекіту.

Министрдің айтуынша, бұл нормалар электрондық коммерцияны, цифрлық сауданы және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сонымен қатар Қазақстанның ашық экономика ретіндегі ұстанымы да Конституцияда көрініс табуға тиіс.

«Қазақстан дәстүрлі түрде ынтымақтастық пен халықаралық интеграцияға бағдарланған ашық экономика ретінде қалыптасқан. Конституцияда орнықты даму қағидаттарын, халықаралық нормалар мен шарттық міндеттемелерді құрметтеуді бекіту Қазақстанға жауапты әрі болжамды серіктес ретінде деген сенімді нығайта түседі», – деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Оның сөзінше, бұл экспортты ұлғайтуға, инвестиция тартуға және жаһандық экономикалық үдерістерге белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

«Түптеп келгенде, Конституцияны жаңарту – абстрактілі тұжырымдар жиынтығы емес, бизнес пен ұлттық экономиканың орнықты дамуына арналған берік құқықтық негіз. Бүгін бізде еліміздің одан әрі өркендеуі үшін сенімді әрі ұзақмерзімді іргетасты бірлесе қалыптастыруға бірегей мүмкіндік бар», – деп өз сөзін түйіндеді министр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 15:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see162

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see160

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see159

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see152

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see151

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see148

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see146

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see142

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see142

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see139

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see137

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see134

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see133

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see132

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see131

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see127

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see127

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see125

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see122

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары