Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Арын сатып, ант ұрып іздегені...

Арын сатып, ант ұрып іздегені...

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Коллажды жасаған – Гүлмария ӘШІМХАНҚЫЗЫ ,«EQ»

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев пен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Амангелді Жүнісбеков, сондай-ақ жеті ауыл әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған болатын көктемде. Содан бергі аралықта құзырлы органдардың не себепті ешқандай ақпарат таратпай отырғаны беймәлім. Ресми ақпараттың болмауынан қарапайым жұртшылық арасында әрқилы әңгімелер туындап отыр. «Итің ұры» десе өлердей қорланып, намыстанатын ұлттың ұрпағы ақиқатты білгісі келеді. Онымен тұрмай, облыста бір мезгілде бір аудандық әкімдіктің бірнеше қызметкерінің қылмыс жасады деген күдікке ілігуі бұған дейін кездескен емес. Осы орайда мәселенің мәнісі облыстық Әдеп кеңесінде мәлім болғанын айта кетелік.

Аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев пен бірнеше ауыл әкімінің ісі облыстық Әдеп кеңесінде қаралып, оларды атқарып отыр­ған лауазымынан босату жөнінде ұсыныс берілген еді. Кеңестен шыққан шенеуніктерді ҰҚК-нің қызметкерлері алып кетті. Сайрамдық атқамінерлер тәр­тіптік істерін жеңілдету мақсатында  Мемлекеттік қыз­мет істері департаментінің лауазымды қызметкерлеріне пара бермек болған да екен. Ал қозғалған тәртіптік істер жерге қатысты. Сайрам – халық тығыз қоныстанған әрі жерге сұ­раныс жоғары аудандардың бірі. Жер саласындағы заң бұ­зушылықтарды көтеріп жүрген қоғам белсендісі Қаныбек Өмірбекұлының айтуынша, былтыр облыстық прокуратура Сайрамдағы жерге қатысты қабылданған шешімдерге тексеру жүргізген. «Қазан айында облыс прокурорының бірінші орынбасары С.Келдібеков облыстық жер ресурстарын басқару депар­таментіне хат жолдайды. Осы хатқа қарағанда, облыста жерге қатысты былық-шылықтың басым бөлігі Сайрам ауданында орын алған. Шамасы осы кезден бас­тап Ұлттық қауіпсіздік комитеті сайрамдық шенеуніктерге қатысты жасырын тергеу амалдарын жүргізген деген әңгіме бар. Кім біледі, атқамінерлердің мәселені ақшамен шешетінін алдын ала сезген шығар», дейді Қ.Өмірбекұлы.

Кейінгі екі жылда облыс көлемінде әкімдіктер жалпы көлемі 6 112 гектар болатын 190 жер учаскесін заң талаптарын бұза отырып берген. Жердің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту, жерлерді бөлшектеу, аукцион рәсімдерін айналып өту, мемлекеттік жерлерді түрлі тәсілмен жеке айналымға шығару фактілері жүйелі сипат алған. Бұл деректер облыс прокурорының бірінші орынбасары С.Келдібековтің былтыр қазан айында жолдаған қызметтік хатында келтірілген.

Аталған заң бұзушылық­тардың елеулі бөлігі Сайрам ­ауданында анықталған. Нақ­тырақ айтсақ, Манкент ауылдық округінде 2024–2025 жылдары тұрғын үй құрылысына арналған мемлекет меншігіндегі 27 жер учаскесі жалған шешімдер арқылы рәсімделген. Аудан және ауылдық округ әкімдері 300 гектардан астам жердің ны­саналы мақсатын заңсыз түрде кәсіпкерлік мақсатқа өзгерткен. 40 гектар елді мекен жері кәсіпкерлік мақсатқа ­ауыстырылып, кейін 276 учас­кеге бөлшектелген. Қызметтік хатта нақты мысалдар да бар. Соның бірі – З.Эргешовтің пайдалануындағы 6,26 гектар ауыл шаруашылығы жері. Құжатқа сәйкес, бұл жер­дің нысаналы мақсаты заңсыз өзгертіліп, кейін жер учаскесі 49 бөлікке бөлінген. Оның бірқатар бөлігінің мақсаты тұрғын үй құрылысына қайта өзгертіліп, сатылып кеткен. Прокуратура бұл ретте жердің сатып алу құны мен басқа да міндетті төлемдер толық өтелмегеніне қарамастан, шешім қабылданғанын атап өткен.

Ал аудандық жер комиссия­сының кейбір мүшелері демократияның жаңа үлгісін ойлап тапқанға ұқсайды. Өз мәселесін өзі қарап, өзі дауыс беріп, өзі мақұлдайды. Ақсу­кент ауылдық округінің әкімі 2024 жылғы тамызда аудандық мәслихат депутаты әрі жер комиссиясының мү­шесі М.Жолшыбековке 0,4511 гектар жерді бау-бақша шаруашылығын жүргізуге уақытша пайдалануға берген. Арада екі ай өтпей жатып, сол жер учаскесінің нысаналы мақсаты «жеңіл конструкция­лы спорт кешені мен балалар ойын алаңын салу үшін» деп өзгертіліп, кейін жекеменшікке сатылған. Прокуратура бұл жерде мүдделер қақтығысының белгілеріне назар аударған. Өйткені сол жер комиссиясының құрамында М.Жолшыбековтің өзі де болып, өзіне қатысты мәселеге дауыс берген.

Сайрам ауданында шамамен 65 мың азамат жер кезегінде тұр. Соған қарамастан, сұранысқа ие ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мақсатындағы жер­лер­дің басым бөлігі ашық аукционға шығарылмаған. Керісінше, кейбір жер пайда­ланушыларға іргелес аумақ ретінде қосымша жер беру тәжірибесі қолданылған. Про­куратура дерегіне сәйкес, 2023–2025 жылдары аудан әкімдері жалпы көлемі 13,7 гектар болатын 70 қосымша жер учаскесін осындай тәсілмен берген. Бұл орайда қоғам белсендісі Қ.Өмір­бекұлы жақында ауданда 24 жер телімінің нысаналы мақсаты кәсіпкерлікке заңсыз ауыстырылғанын анықтағанын, шешімдер былтыр желтоқсанда, биыл қаңтарда қабылданғанын айтады.

Осы арада айта кетелік, Сай­рам ауданының әкімі қызметіне Мадияр Оразалиев өткен жыл­дың қазан айында кіріскен болатын. Дәлірегі – ұзақ жылдар Сайрам ауданы әкімінің орынбасары болған ол бұл лауазымға сайланды. Жерге қатысты заң­сыздықтар әлі де жалғасып жат­қанына қынжылған жергілікті жұрт, «халықтың өзі дауыс беріп, сайланған әкімнің сиқы осы болды», дейді көңіл толмаушылық білдіріп.

Сайрам ауданындағы оқи­ғаның ақиқатын сот анықтар. Дегенмен, ауданда жер даула­рының жиі шығуына не себеп? Бұл халық тығыз орналасқан өңірде жер тапшылығының салдары ма, әлде бақылаудың әлсіздігінен бе? Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің пайым­дауынша, бұл жағдайлар жер тапшылығынан орын алып отыр. «Сайрам ауданы – Шымкент қаласына жақын орналасқан халық тығыз орналасқан аймақ­тың бірі. Облыс әкімдігі тарапынан Сайрам ауданы бойынша жер учаскелеріне түгендеу жүргізу, заңсыз иелену мен өз бетінше тұрғын үй құрылысы деректерінің нақты санын анықтау мақсатында жұмыс тобы құрылып, ауқымды жұмыс атқарылды. Соның нәти­жесінде аудан аумағында мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тұрғын үй құрылысын жүргізген заңсыз құрылыстар анықталып, Түркістан облы­сының жер ресурстарын басқару депар­таментімен бірлесе Жер кодексінің талаптарына сәйкес тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр», дейді басқарма басшысы Е.Тілеген.

Кейбір шенеуніктердің бас­ты мәселесі – заңды білмеу емес, заңды айналып өтуді жөн санайтынында жатқан сияқты. Кейбірінің ісі ұлы Абайдың: «Арын сатып, ант ұрып іздегені – Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас» дегенін еске түсіреді. Сауран ауданы Ескі Иқан ауыл­дық округінің бұрынғы әкімі Хасан Муслимов «пара алмаймын» деген челлендж таратып, оның түсірген ролигі әлеуметтік желіде, ақпарат құрал­дарында қызу талқыланған болатын. Қызық болғанда, арада бір жыл өтпей жатып «пара алмай­тын» Муслимов ауылдағы бір тұрғынның жерге қатысты мәселесіне оң қорытынды беру үшін 2 миллион теңге алу барысында ұсталды. Сот оны төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті...

Айта кетелік, Түркістан облысында барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құ­райды. Биыл мақсатына сай пайдаланылмаған 40 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Бүгінгі таңда 47,6 мың гектар жер учаскелері қайтарылыпты. Облыс бойынша 87 мыңнан астам жеке және заңды тұлғаларда 4527,3 мың гектар ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер учаскесі тіркелген. Жыл басында елді мекендерде 531,1 мың гектар қоғам­дық жайылым тапшылығы анық­талған. Биыл елді мекен­дерді қоғамдық жайылыммен қам­тамасыз ету мақсатында мемлекет меншігіне қайтарылған жайы­лымдардың 161,9 мың гектарын ауылдық округ әкімдіктеріне қоғам­дық жайылым үшін бекіту жоспарланып, 165,6 мың гектар жер қоғамдық жайылым мақсатында бекітілді. Бүгінгі таңда қоғамдық жайылым тапшылығы 365,5 мың гектарды құрап отыр.

Түркістан облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Шілде 2026 00:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары