Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Әскерде қызмет еткеніме мақтан етемін Балжан Мұсатаева

Әскерде қызмет еткеніме мақтан етемін Балжан Мұсатаева

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Лейтенант Балжан Мұсатаева бала кезінен әскери қызметте жүруді қалаған. Өзінің айтуынша, балалық арманы орындалған.

– Бала кезімнен әскери болуды қаладым. Ағайын-туғаным әскерилер болған соң әскери өмірден ашпадым. Әсіресе, әйелдің әскери форманы кигені, күнделікті әскери етікпен жүргені, түн ортасында даң-дұң етіп дабыл қағылып, жұмысқа кетуі, сөзге келместен тапсырманы орындауы қызық еді. Жалпы, әйелдің әскерде жүруінің өзі ерлік боп көрінді. Сондықтан тәтеме қатты еліктегенім сонша, әскерилердің өмірін ішінен көргім келді, – дейді Балжан Мұсатаева.

Оның жастайынан таэквандо және волейболмен айналысқаны пайдаға жараған. Ол соның арқасында физикалық тұрғыда дайындығы мықтылығын көрсетті. Алға қойған мақсатынан таймаған лейтенант Балжан Мұсатаева әуелі десанттық шабуылдаушы әскери бригадаға жалдамалы қызметке тұрған. Бір жылдан кейін келісімшартпен істейтін әскери қызметке ауысқан. Радиотелефонист болып жүріп, парашюттық секіруді қолға алған.

 Айтуынша, әскерге алғаш келгенінде қатты қобалжыған.

–  Әскерге алғаш келгенде әскери саланы ішінен көрмегендіктен не күтетінімді білмей қобалжығаным рас. «Сынақтан өте аламын ба?», «Ары қарай алып кете аламын ба?» деген сан сауал ойымды биледі. Әуе-десанттық шабуылдаушы әскеріне келгенде жас сарбаздар десанттық даярлық бойынша екі апта сабақ өтіп, артынан парашютпен секіріп сынақ тапсырады. Парашютпен алғашқы секіруім әлі есімде, 2015 жылдың 5 мамыр күні болатын. Сол кезде бойымды билеген қорқыныш, үрейді жеңіп өткеніме қатты қуандым. Парашютпен бірінші, екінші, үшінші секірістен соң осы салада өзімді тапқанымдай сездім. Сөйтіп, әскерде қалып, ары қарай жалғастырып, биік белестерді бағындырғым келді, – деді Балжан.

Тынымсыз дайындығының арқасында 3 жылда ол әуе-десантты дайындығы жөніндегі нұсқаушы дәрежесіне жетті. Бүгінде оның есебінде 160-тан астам адам парашюттық секіріс бар. Ол жас сарбаздарға парашюттық секірісті үйретіп қана қоймай, секіргелі тұрған сарбаздардың жолағын тексереді.

– Жылына 60 шақты рет парашютпен секірдім. Жылда қыс кезінде 1-2 ай секірмейтін уақыт болады, сол кезде секіруіміз тоқтайды. Әйтпесе, декреттік демалыстан кейін де парашюттық секірісті жалғастырдық. Сол  кезде бұрынғы білетін секіруге байланысты әрекеттер ұмтылғандай көрініп, «Балжан, бала-шағаң бар, ары қарай алып кете аласың ба?» деген қорқынышым да үдей түсті. Сонда «алып кетуім керек, өзіме ұнайтын іс, тоқтамауым керек» деп өз-өзімді қайрадым. Бүгінде әскердегі қыз-келіншектерге, әсіресе секіріс кезінде әйел ретінде үрейін басуға көмектесемін, – деді ол.

Он жылдан бері парашюттық секіріс жасап жүрген Балжан Мұсатаева бүгінде взвод командирі.  Оның үстіне, ол әуе-десанты дайындығы жөніндегі  әйел-нұсқаушы бір өзі. Балжан Мұсатаева – ерлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежедегі «Айбын» орденімен марапатталған жан.

Бір ұл, бір қыз өсіріп отырған Балжан әлі де жаттығудан қол жазбайтынын жеткізді. Айтуынша, аптасына 2-3 рет парашюттық секіріс болса, оған алдын ала бір күн бұрын даярланып, күнделікті 2-3 сағат даярлыққа жұмсалады. Оған қоса, физикалық тұрғыда дене шынықтырудан қол үзбейміз. Аптасына 2-3 рет жүгіріп, тағы 2-3 рет күш салатын жаттығулар жүреді.

– Әскерде қызмет еткеніме мақтан етемін. Біздің әр жетістігіміз, ол – еліміздің Қарулы Күштерінде еңбек етіп жүрген қыз-келіншектеріміздің ерен еңбегі.  Біз де ерлермен бірге иін тірісе еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын қорғау үшін барымызды саламыз. Ел тыныштығын берсін!, – дейді  Балжан Мұсатаева.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Желтоқсан 2025 18:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары