Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Күйші Қазанғаптың Балжан қызға арнаған 15 күйі

Күйші Қазанғаптың Балжан қызға арнаған 15 күйі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазанғап Тілепбергенұлы қазақтың күйшілік өнерінде арнау күйлерді жоғары көркемдік деңгейге көтерген тұлғалардың бірі. Оның шығармашылығында жеке адамға, нақты оқиғаға, өмірлік сәтке арналған күйлер айрықша орын алады. Солардың ішінде Балжан есімімен байланысты күйлер тобы Қазанғап мұрасының ең елеулі мұрасы саналады. Бұл күйлер бір ғана махаббат хикаясының көрінісі емес, күй арқылы адам тағдырын, уақыт пен өмірді бейнелеудің айқын үлгісі ретінде көрінеді.

Балжанға арналған күйлер Қазанғап өміріндегі ұзақ жылдарға созылған нақты тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Күйші, зерттеуші Абдулхамит Райымбергеновтың дерегіне сүйенсек, Балжан бейнесі күйшінің шығармашылығында жас қыз кезінен бастап, кейінгі өмір жолын қамтиды. Әр кезең жеке күймен немесе күйлер тобымен белгіленіп отырады. Осы тұрғыдан алғанда, Балжанға арналған арнауларды біртұтас «күйлер циклі» ретінде қарастыруға толық негіз бар. Бүгінгі шолуымыз да осыған арналмақ.  

1880 жылдардың басында күйші Қазанғап Қарақалпақ елін, соның ішінде Қоңырат аймағын аралап, күй тартып, өнер көрсетеді. А. Райымбергенов дәл осы уақытта күйші Қоңыратта өткен бір тойда Уәли байдың Балжан атты қызымен танысып,  ұзақ жылдарға созылған арнау күйлер цикліне негіз болады. Жас Балжан Қазанғап күйшіге үлкен ықыласпен қарап, оның домбыра тартуына ерекше назар аударады. Өз кезегінде Қазанғап та Балжанның көркіне ғана емес, байыпты мінезіне, өнерге деген іңкәрлігіне сүйсінеді. Осы кезде арнау күйлердің алғашқы легі дүниеге келген екен. Халық арасында бұл күй «Балжан қыз» немесе «Айналайын ақ Балжан» деп аталады. 

А. Райымбергенов Қазанғапқа арналған монографиясында Балжанның өзіне арналған күйді естіген сәтін ерекше әсерлі суреттейді. Қыз күйдің мазмұнын жүрегімен қабылдап, көз жасына ерік береді. Кейін осы сапардан қайтар алдындағы қоштасу сәтінде Балжан күйшіден тартқан күйінің сырын сұрағанда, Қазанғап оны «Он бес жасар Балжан қыз» деп атағанын айтады. 

Қазанғап Қоңырат елінен аттанып, өз жұртына оралғаннан кейін Балжан қыз оның ойынан кетпейді.

Райымбергенов бұл кезең күйшінің тұрмыстық өмірімен, ел ішіндегі қалыпты тіршілікпен астасып жатқанын жазады. Қазанғаптың үйленуі, Жәми қызбен танысуы, сол ортада туған «Жәми қыз», «Кербез Ақжелең» сияқты күйлер оның өмірінде жаңа бет ашқанымен, Балжанға деген ішкі сағынышты толықтай өшіре алмайды. Осы жағдай Балжанға арналған арнаулардың келесі кезеңін туғызады.

Сағыныштан туған күй ел арасына «Он жеті жасар Балжан қыз» деген атпен тарайды. 

Балжанға арналған күйлер цикліндегі шешуші кезең оның ұзатылу тойымен байланысты. Бұл оқиға кең түрде баяндалып, Қазанғаптың арнайы шақыртумен Балжанның ұзатылу тойына келуі көрсетіледі. Бұл сәтте Балжан он сегіз жасқа толған, тағдыры біржола шешіліп, өзге елге келін болып аттанғалы тұрған қыз ретінде суреттеледі. 

Ұзатылу тойында Қазанғап «Он сегіз жасар Балжан қыз» атты күй тартады. Бұл күй сөзсіз алдыңғы арнаулардың логикалық жалғасы болып табылады. Ойлап қарасақ, «Он бес» пен «Он жеті» жастағы Балжан бейнесі үміт пен сағынышқа құрылған болса, «Он сегіз жасар Балжан қыз» күйінде тағдырмен келісу, ішкі қимастық бар деп топшылайға болады. Абдулхамит күйші бұл күйдің Қазанғаптың жүрек толғанысын толық жинақтаған, бұрынғы арнаулардың бар салмағын өзіне тоғыстырған шығарма екені айтылады.

Той үстіндегі көңілді көріністер Балжан цикліне тағы бір қыр қосады. Жастардың ойын-сауық құрып, би билеуі кезінде Қазанғап домбырасымен сүйемелдеп, билік сипаттағы жаңа күйге түседі. Бұл халық арасында «Балжанның би күйі» деп аталады.

Балжанның ұзатылу тойы аяқталар тұста Қазанғаптың шығармашылығында ерекше мағыналық салмаққа ие қоштасу күйлері дүниеге келеді. А. Райымбергеновтың жазуынша,  тойдың бірнеше күнге созылғаны, жолға шығар алдында Балжанның Қазанғаптан соңғы рет күй тартуын өтінгені баяндалады. 

Қазанғап көпшілік алдында жаңа күй орындайды, бірақ бастапқыда оның атауын жарияламайды. Күй тартылып болған соң, оны тыңдап отырған қыз-келіншектер арасында отырған Балжан күйдің мәнін ішкі түйсігімен түсінген екен.. Халық арасында бұл күй «Рұқсат берші, Балжан қыз» деп атау алады.

Күйлердің қоштасу желісі мұнымен аяқталмайды. Той соңында Қазанғап тағы бір күй тартыпты. Оның атауы «Сау бол, Балжан» деп аталса керек.. 

Бұл күй қоштасудың соңғы нүктесі ретінде көрінеді. Егер алдыңғы күйде рұқсат сұрау, ішкі күмән мен кідіріс байқалса, «Сау бол, Балжан» күйінде шешім қабылданған, өткенге ризашылықпен қарау және болашаққа жол беру сарыны басым.

Уақыт өте келе Қазанғап ел аралау сапарларын жалғастырып, Балжанның тұрмысқа келген ауылына да соғады. Балжан енді бір әулеттің келіні, кейінірек ақылгөй бәйбіше ретінде көрінеді. Қазанғап оның бұл жаңа мәртебесін сырттай қабылдап қана қоймай, құрметпен, іштей ризашылықпен бағалайды. Осы өзгерген бейне оның шығармашылығында жаңа арнаулардың тууына негіз болады.

Осы кезеңде Қазанғап Балжанға арнап «Көркем Ақжелең» күйін тартады. Сонымен қатар «Балжан әйел» атты күйі де осы кезде дүниеге келсе керек. 

Тағы бір келгенде Қазанғап «Балжан торы аттың үстінде» және Балжанның отыз бес жастағы кезіне де күйлерін де шығарса керек.

Абдулхамит Райымбергенов өзінің «Күй төресі Қазанғап» (Алматы, 2022) бұл циклді күйлердің саны 15 деп жазады. Біразы сақталған, кейбірі тек күйдің аты ғана жеткен. Жалпылама қарайтын болсақ, Балжанға арналған күйлер арқылы Қазанғап жеке махаббат хикаясын ғана емес, дәстүрлі қазақ қоғамындағы қыз, келін, әйел бейнесін көрсетеді. Бұл циклде жеке тағдыр мен қоғамдық салт, ішкі сезім мен сыртқы рәсім бір-бірімен қабысып, күй тілінде біртұтас көркемдік дүние түзейді деп қарауға болады. Осылайша Қазанғаптың Балжанға арнаған күйлері қазақ күй дәстүріндегі арнау жанрының мүмкіндігін кеңейткен, өмір жолын музыкалық хроника ретінде бейнелеген бірегей құбылыс ретінде бағаланады.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Желтоқсан 2025 20:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары